С?йлеуді дамыту ?уырша? ?йгерімнні? ту?ан к?ні Балаба?ша


№48 «Мұрагер» бөбекжайы
«Айналайын» ІІ-кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Дайындаған: ІІ санатты тәрбиеші
Қуанышқалиева Гаухар Хабиболлина
№48 «Мұрагер» бөбекжайы
Тексерген____________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Айналайын» ІІ-кіші тобы
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:Қуыршақ Әйгерімннің туған күні (Шығармашылық жұмысқа баулу:әңгіме құрастыру)
Мақсаты:
Білімділік: балалар ойыншық туралы әңгіме құруға, өз ойларын толық сөйлемдер арқылы жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық: Әңгіме құрастыруды үйрету арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Тәрбиелік: Ойыншықты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу, эстетикалық талғамын арттыру
Сөздік жұмыс: қуыршақ, ойыншықтар
Қолданылатын көрнекі құралдар:сөйлеуді дамыту дәптері, қуыршақ ойыншық, жұмсақ ойыншық –аю, резиналы ойыншықтар, пластмассалы машина.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Дефектологтың іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Себепті қызығу-
шылығын
ояту кезеңі Ғажайып сәт: тобымызға қуыршақ Әйгерім қонаққа келді. Балалар қуыршақтың келгеніне қуанады
Ұйымдастырушы-
лық
ізденіс кезеңі
- Балалар, бұл не? Кәне, «Қуыршақ» сөзін қайталаймыз
- Балалар бұл қуыршақтың есімі -Әйгерім.
«Қуыршақ» тақпағын жаттату
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау, қозы құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Ақыл айтсақ, бұйырсақ
(Н.Әлімқұлов)
(Тақпақ жаттатудың әдіс-тәсілі: «суретті жаттау»
Түсіндірілуі: суреттерді тақтаға салып, әр қатарға салып., тақпақты жаттап алу. Мысалы, біздерде бар қуыршақ (қуыршақ суретін салу) бұзау, қозы, құлыншақ (бұзау, қозы, құлыншақ суреттерін салу)
Ойыншықтар тыңдайды. Ақыл айтсақ, бұйырсақ. (қол қимылымен көрсету
Сұрақтарға жауап алу.
- Балалар «Қуыршақ» неге жатады? Ыдыс-аяққа ма? Жануарларға ма? Немесе құстарға жатама? Әлде ойыншықтарға ма?
- Сендердің үйлерінде қандай ойыншықтар бар?
Тіл жаттығуы:«Күрекше»
Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15 сек. ұстап тұру керек.
Саусақ жаттығуы:«Жұдырық, тақтай, алақан»
Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйіп, одан соң тігінен ұстап,сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре, тез орындау.
Дидактикалық ойын.
«Ойыншықты тап»
Ойын мақсаты: ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу.
Шарты: тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен, кішілігін ажыратып, сол ойынышққа өздерің мейірімді тілек тілейсіңдер
Мысалы, балалар алдымен көздерін жұмады, қойылған ойыншықтар ішінен педагог біреуін жасырып қояды. Қандай ойыншық жоқ?
- Ойыншық жасалынуына қарай? Жұмсақ па? Қатты ма? Әлде созылмалы ма? Ал сол ойыншыққа қандай мейірімді сөз айтасың?
- Балалар, бүгін қуыршақ Әйгерімнің туған күні екен.
- Әйгерімге сендер не сыйлағыларың келеді?
- Әйгерімнің туған күнін қалай жақсы, көңілді өткізуге болады.
Сергіту жаттығуы
Ал балалар тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға сқалай иіліп
Солға қарай иіліп
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық. Бұл –қуыршақ
Қуыршақ
Педагог айтқаннын қайталап, жаттап алу
- Қуыршақ ойыншыққа жатады.
Әр бала өз ойыншықтарын көрсетеді.
Тіл жаттығуын орындайды.
Саусақ жаттығуын педагог көмегімен орындайды.
- Аю ойыншығы жоқ, оның қалған ойыншықтардан қарағанда, пішіні үлкен, түсі қоңыр
Аю-жұмсақ ойыншық.
Мен оны ұқыпты, таза ұстап ойнаймын
Балалар дәптермен жұмыс жасайды.
Балалар орындарынан тұрып сергіту жаттығуды педагог көмегі арқылы орындайды
Іс-әрекетті
бақылау кезеңі
-Балалар,бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Қуыршақ Әйгерімен қандай ойын ойнадық.
Ойыншықтарды ұқыпты ойнау керектігін айту -Қуыршақ Әйгерім.
-Ойыншықты тап ойыны.
Балалар дефектолог сөзіне зейін қойып, орындауға тырысады. Балалр ұсынысты қабылдайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықтардың неден жасалғанын білу
Игереді: толық сөйлем құрауды
Меңгереді: өз ойларын сөйлемдер арқылы жеткізуді біледі.