Разработка урока на тему Пропорция. Пропорцияны? негізгі ?аасиеттері


Тақырыбы: Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеттері
Есеп шығару.
Мақсат:
Жаңа білім • Пропорция, пропорцияның негізгі қасиеттерін еске түсіреді және есептер шығарады
Жаңа түсінік • Пропорция құрастыруда мысалдар келтіреді, теңдеулер шешеді.
Қолданым әрекеті • Пропорция құру мен қасиетін теңдеулерді шешуде қолданады.
Талдау әрекеті • Мәтінді есептер бойынша пропорция құрып, шығарады.
Шығармашылық әрекет • Пропорция мен теңдеу арасындағы байланыс.
Бағамдау әрекеті • Пропорция, пропорцияның негізгі қасиеттерін негіздейді
Сабақ құрылымы:
І. Оқушыларды 5 топқа бөлу
ІІ. Қай топ жылдам?
ІІІ. Пропорцияны пайдаланып, мәселелерді шешу
IV. Тест
V. Бағамдау - бағалау
VІ. Үй тапсырмасы
Оқыту әдісі:
Репродуктивті, ішінара ізденушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
• Бағыт-бағдар және нұсқау береді, қажет болғанда оқушыларға көмек береді, олардың танымдық есептерді өз бетімен орындауын қадағалайды.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:
• Белсенді танымдық.
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:
• Күтілетін нәтижеге (мақсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; ҚӘ блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ШӘ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға қатысу.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• Тақырып бойынша логикасы әр түрлі есептерді шығара білу, өзін-өзі дамыту, өзінің деңгейін бағалау. Берілген мақсатқа жету, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, өз ойын сынып алдында қорғай алу.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Пропорция, пропорцияның ортаңғы және шеткі мүшелері
і. Еске түсіру. Пропорцияның негізгі қасиеттерін еске түсіру.
І. Қай топ көп біледі?
Екі санның қатынасы дегеніміз не?
Берілген қатынасқа кері қатынас қалай табылады?
Берілген қатынасқа тең қатынас қалай табылады?
Пропорция дегеніміз не?
Пропорцияның негізгі қасиетін атап беріңдер.
Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін қалай табады?
Пропорцияның белгісіз шексіз мүшесін қалай табады?
Жаңа пропорция алу тәсілдерін атаңдар.
ІІ. Қай топ жылдам?
І топ
x:20 = 2:5 6:x=3:7 814=x35  5x12=23ІI топ
X:18=7:9 5:9=15:x 4x=618  49=8x45 III топ
X:18=2:3 12:7=60:x x10=1860 67=10x21 
IV топ
728=x12  1410=21x  56=2x3  89=4x27 V топ
4524=18x 275x=916  12:7=9:x x:2,8=5:7
ІІІ.Пропорцияны пайдаланып, мәселе есептерді шешу
1. 120 м матадан 24 көйлек тігіледі, осындай 18 көйлек қанша м матадан тігіледі?
2. 28 кг картоптан 4,2 кг крахмал алынады, 35 кг картоптан қанша кг крахмал алынады.
3. Түсқағаздың 3 орамының ұзындығы 45м. Осындай түсқағаздың 6 орамының ұзындығы неше метр?
4. Өзенде жүзген сал 9 сағатта 25,2 км.қашықтыққа барады. Осы өзенде жүзген сал 36,4 км. Қашықтыққа неше сағатта барады?
IV. Тест
1. 13,5-тің 9-ға қатынасын табыңдар:
А) 40,5; В) С) 1,5;D) 4,5.
2. 1) 4,2:6,3;2) 33:22;3) 2,5:5;4) 64:96 қатынастарының қайсысы тең?
А) 2 және 4; В) 1 және 4;С) 2 және 3;D) 1 және 3.
3. Пропорцияның қайсысы дұрыс?
А) 1,2:0,6=10:5;В) 1,1:4=2,2:6;С) 3:1=20:60;D) 4:21=8:40.
4. Пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып теңдеуді шешіңдер:
А) 7,2;В) С) 80;D) 39,15.
5. Есептің шартына сәйкес дұрыс пропорцияны таңдап ал.
Есеп. 6 га егістікке 10,8 ц дән себілді. 15 га егістікке себу үшін қанша дән керек?
А) 15:6=10,8: х;В) 6: 15=х:10,8; С) 15:6=х:10,8;D) 6:10,8=х:15.
6. Теңдеуді шешіңдер:
А) 2;В) 3; С) 2,3;D) 6.
V. бағамдау-бағалау.
VI. Үй тапсырмасы Оқулықтағы № 103,105