Сценарий спортивного досуга для старших групп ?арыш?а саяхат


Тақырыбы: « Ғарышқа саяхат»Мақсаты: қимылдық белсенділік дамыту; дене шынықтыру сабағында қимылдық епті мен әдетті жетілдеру; сау өмір сүру насихат; ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар: гимн.орындық, жалаушылар, таяқшылар, шеңберлер, текшелер, арқан, доға, самокат, көзділіктер
Билингвальдік компонент: cosmos, planet, raket, sun.
Мейрамның барысы:
Жүргізуші: Балалар бүгін сендер мерекедегідей әдемі болып кетіпсіңдер. Сендер «мереке» деген сөзді қалай түсінесіңдер?( Балалардың жауабы)Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, ал сәуір айында , бір үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер мерекесі. Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз. Қандай ғаламда өмір сүреміз?Балалар: Жер ғаламында өмір сүреміз.Жүргізуші: Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?Балалар: Ұшақ, тікұшақ, зымыран.Жүргізуші:Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен.Балалар ал сендер білесіңдер ме ғарыш туралы тақпақтар?
Балалар тақпақ айтады
Ғарыш сондай алыс па? Аспан, аспан арайлым, Саған жиі қараймынСені көзбен шоламынКөкке ұшамынҰшқыш болар баламынСоңынан ерем ағаныңЕр ғарышкер ағаның
Батыр болам -Көк аспанда сүйемін.Жұлдыздарға барып - келіп жүремін.
Жүргізуші: Балалар қарандар бізге хат келді. Қанеки оқимыз не жазған. Ой, ой күні көзінді біреу ұрлап алып кетті. Не істеу керек? Бізде не болат күні көзі болмаса?
Балалардың жауабы
Жүргізуші: Еңдеше бізге құтқару керек кұні көзінді. Ол үшін бізге ғарышқа бару керек. Қалай барамыз ба?
Балалар: Ия!
Балалар екі топқа бөленеді. Музыка ойнайды
Эстафета «Ғарыш зымыран» (Балалар екі қатарда тұрады. Әр бір баланың қасында 8 таяқшы және 2 шеңбер жатады. Бір-бірінің артынан жүгіріп, балалар зымыран жасайды.)
Жүргізуші: Қандай керемет! Енді ғарышқа ұшып барамыз.
Эстафета «Зымыранға жүгір» (Балалар текшелерді аттап, арқан үстінен жүріп, доғаның астынан еңбектеп өзің істеген зымыранға жүгіреді. Сол топ женді кім ең бірінші зымыранға жүгіреді.)
Жүргізуші: Балалар қарандар қаншама гүл. Мүмкін біз «Планета цветов» келдік? Ия дәл солай. Мыңда да бізді бір тапсырма күтіп тұр.
Эстафета «Гүлдер планетасы» Балалар самокатпен сырғанып текшелерге дейін, гүлжапырақты текшеге салып, сосың аралап қайтадан сырғанайды, екінші балаға самокат береді.
Жүргізуші: Ой балалар қандай тұман. Әрі қарай қалай өтеміз? Міне тағы да бір тапсырма.
Эстафета «Тұман»Алдында екі топтан алдында – арқан жатыр. Екі топтың капитандар алдына шығып көзділіктер қиеді. Өзің топтаң бір баланы алады (оның көзі жабық) қолынаң ұстап екеуі шеңберден шеңберге секіреді, заттар арасында өтеді, арқанға дейін капитан өзің тобың бір бірден алып келеді.
Жүргізуші: Жарайсындар балалар.
Күн шығады.
Күн: Рахмет сендерге балалар. Сендер мені құтқарындар, енді мен аспанға шығып одан да артық сендерге жылы сыйлаймын.