М??алімні?  к?сіби  шеберлігіні? н?тижесі   – о?ушыны ?здігінен ізденушілікке, шы?армашылы??а ба?ыттау ?дістемелік отырыс


Әдістемелік отырыстың тақырыбы:Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігінің нәтижесі   – оқушыны өздігінен ізденушілікке, шығармашылыққа бағыттау Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. «Білім беру жүйесінің баты міндеті - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту». Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың қолданылатын әдістері: Ынталандыру және әсерлендіру әдістері:Оқушыны іздене отырып жеке, жұптық, топтық жұмыс істеуге талпындыру Оқытудағы практикалық әдістер:Мәтінді рөлдерге бөліп оқу, диолог. сахналау, мәтін бойынша пікірлесу. Өзіндік таным түсінігін айтып беруге жаттығу ЕртегінісахналауРольдік ойындар Оқытудағы индуктивтік және дедуктивтік әдістері:Дараны жалпыға, жалпыны дараға келтіріп талдауды оқушының қызығушылығына үйлесімді болуына мән бере отырып жүргізу. Оқытудағы белсенділік және интенсивтік әдістер:Техниканы пайдалану, түрлі ойындар мен шығармашылыққа бейімдеудегі жолды жүзеге асыру Бастауыш білім беру бағдарламасы бойынша баланың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету және оқушының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Себебі оқушының шығармашылық қабілетін арттыру оның ойлау қызметіне тікелей ықпал етеді. Бұрын оқушылардың ізденушілігін тудыратын әдістердің ең негізгісі ретінде проблемалық оқуды ұйымдастыру болып есептеліп келсе, енді білім алу барысындағы оқушылар әрекеті тіпті күрделене түсті. Оқушылардың білім беруге байланысты мақсатын тереңдетіп оқытуға жұмыс түрлерін жүргізсе, оқушылардың оқу әрекеті ізденушілік, зерттеу, шығармашылық кейіпке көтеріледі. Ана тілі сабағында тереңдетіп оқытуда оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсетпей, онымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы алға қойылған міндеттерді түсіндіре отырып, олардың шешу тәсілдері мен жолдарын бірге іздестіреміз. Осыған байланысты әріптестермен жұмыс өткізілді. Топта бірлесе жұмыс істей отырып, «Білу қажет!» кестесін толтырыңыз17 Сіз жол қауіпсіздігінің күндізгі кезегінің инспекторысыз. Маусым айының қапырық ыстық таңғы мезгілі, сағат 600. Сізді телефон қоңырауы оятты. Телефон тұтқасын алғанда: «Шығыс бағытындағы Ақсай жол қиылысына келіңіз. Үлкен жол апаты болды. Сіз осы жерге керексіз» деген хабарды естідіңіз. Сіз тез киініп, осы қиылысқа аттандыңыз. Көпірге жақындағанда аударылып жатқан жүк машинасын көресіз. Апат трассаның екі жақтағы жолын жауып тастаған. Сіз жүк машинасындағы «ЕДКОЕ ВЕЩЕСТВО» деген кішкене таблицадағы жазуды байқап қалдыңыз. Жүк машинасы бір дөңгелегінен айырылған және жолды бөгеп тұр. Көлік ішінен сұйық зат жолға және өзенге ағып жатыр. Өзеннен бу шығып жатыр. Қозғалыс тоқтатылған. Барлығына көліктерінен шықпау ескертілген. Жолдарынан қалған көптеген жүргізушілер ренжулі. Оқиға болған жерде полиция офицерлері, өрт сөндірушілер, құтқарушылар командалары. Олар арнайы киім мен маска киіп алған. Құтқарушы командасы есінен танған жүргізушіні құтқаруда. Барлығы асығуда және қобалжуда. Сен не істейсің? «Білу қажет» кестесі18 Шығармашылыққа бағыттау жолдарын отырыс барысында әріптестермен пратика жүзінде қолдану Қорытынды: Өзіміздің іс-тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.Оқушылардың білім сапасы көтерілді.Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс —әрекетке қабілеті артады.