Ата – ана?а ке?естер


Ата – анаға кеңестер
- Таңертең бала сабаққа барарда жайлап қана оятыңыз. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, жүйкесін жұқартпаңыз
- Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса «бол да, бол» деп айқайдың астына алмаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
- Баланы сабаққа әсіресе таңертең ашқұрсақ түрінде жібермеңіз.
- «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», тағы басқа ескертулерді жиі айта бермеңіз. Оның сабақтан шаршап келгенін ескертпеңіз.
- Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірнәрсе айтпақшы болса, арнайы көңіл бөліп тыңдаңыз.
- Есіктен кірмей жатып «бүгін қандай баға алдың» деп бас салып сұрақ бермеңіз. Оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
- Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірнәрсе айтпақшы болса, арнайы көңіл бөліп тыңдаңыз
- Бала ашуланып жүрсе үндемеңіз. Сабасына түскен соң болған жайды өзі айтады.
- Балаңыздың қылығы үшін мұғаліммен сөйлескенде баланы қатыстырмаңыз.
- Мектептен келе бала сабаққа дайындалмасын, 2-3 сағат ойнап, демалсын.
- Бір мезгілде барлық сабаққа дайындалмасын.
- Сабаққа дайындалып жатқан баланың желкесінен төніп, дөрекі сөйлемеңіз.
- Күнделікті баламен емін еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
- Баланың көңіл күйі нашарласа, басы ауырса бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
-Егер баланың көңіл – күйі нашарлап сізді тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психологпен, дәрігермен кездесіңіз.