8-сынып?а арнал?ан саба? жоспары Кенесары ?асым?лы к?терілісі


«Баянауыл ауданы білім бөлімі
Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Тарих, құқық негіздері және экономика пәндері мұғалімі Жұлдыз Мырзағалиқызы Жанұзақова
Тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
Сабақ жоспары 8 сынып
Апта Күні 26.03.2016 Ашық сабақ
Сабақтың стақырыбы К. Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі.
Жалпы мақсаты -Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын , негізгі кезеңдерін,тарихи маңызын аша отырып, ол қазақ қоғамымен патша үкіметінің арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету.
-Оқушылардың қорытынды жасауға, тарихи кезеңдерді салыстыра білуге , өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
- Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз көзқарасын дәлелдей алатын қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Тарихи тілдерін дамыту. Отаршылдық езгіні түсіне алу, көтерілістер арасында байланыс жүргізе білу. Формативті бағалау арқылы оқушылардың ынтасын арттыру.
Сабақтын түрі көрсеткіш сабақ ( сабақтың әдіснамалық түрлерін көрсету)
Көрнекі жабдықтар Интербелсенді тақта, карта. Фотосуреттер
Сабақтың әдіс-тәсілі Дара, жұппен,топпен жұмыс,пәнаралық байланыс (интеграция).
Сабақтың кезендері
Уақыт
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
Амандасу Бір біріне жылы лебіз білдіру.
Тұсаукесер
Жаңа тақырыпқа шығу 5 мин
5 мин Үй тапсырмасын тексеру.
А) Бөкей ордасындағы көтеріліс бойынша сұрақ жауап тапсырмасы )
Б) Бейнефильм арқылы тақырыпқа шығу. А)Оқушылар сұрақ жауап арқылы бір бірін тексеріп бағалайды.

Б) Бейнефильмді көріп, түсінгенін айта отырып, тақырып мақсатын ашады.
Негізгі бөлім 15мин Пазл арқылы топқа бөлу 1-топ «Кенесары»,
2-топ «Махамбет» А)Оқушыларға қосымша дерек көздерін тарату. (2 түрлі мәтін интернеттен алу)
ЖИГСО әдісін,
В) деңгейлік тапсырмалар (І,ІІ,ІІІ) Оқулықпен жұмыс,қосымша дерек көздері арқылы ізденіске түсу. Дара, жұппен және топпен жұмыс.
Жинақтау 8 мин Б) СТО (Венн диаграммасы), АКТ Б) И. Тайманұлы,
К. Касымұлының көтерілістерін байланыс орнатыңыздар
Қорытындылау 7мин А) «Балық қанқасы» қолдану. Мақсатын, себебін, барысын, нәтижесін, тарихи маңыздылығы түсіне білу.
Б) Жылдар сөйлейді Жеке ,жұппен,топпен жұмыс жасайды.
А)Көтерілістің жеңілу себептерін талдау, Патша үкіметінің Ресей аумағына әлі кірмеген аудандарды күштеп кіргізу саясатының көрінісін дәлелдеңіздер.
Б)Кенесарының кеменгер саясаткер екендігі жайлы, оның дипломатиялық кабілетінің молдылығын көрсететін мағлұматарды ұсыныңыздар
Бағалау 3мин Бағалау парақтарын тексеріп,толтыру бойынша кенес береді. Өзін-өзі,жұбын,тобын бағалайды.Бағалау критерии бойынша.
Үйге тапсырма Кенесары Қасымұлының өмірімен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу.
Бекітемін: _______ Тексерілді:________ Келісемін:______
Мектеп директоры: Оқу ісі меңгерушісі Ә.Б жетекшісі
А.С.Сартаева Б.З.Айтимова Л.Бұғыбай

Тақырыбы:
1837-1847 жылдардағы
Кенесары Қасымұлы
көтерілісі
Дайындаған: Ж.М.Жанұзақова
Тарих пәні мұғалімі
2016 жыл