Ма?ала ?озы К?рпеш Баян с?лу


«Қозы Көрпеш Баян сұлу» кешіЕжелден-ақадамбаласыұлымахаббатсезімінерекшеқадірлеп, қастерлепкелген. Соныңәсеріболсакерек, әрхалық осы сезімдіқұрметтеп, бағалануынтілеп, түрлікүндердіойлаптапқан.
Махаббат — дүйімдүниеніңеңасыл, жалпақжалғанныңеңкіршіксізсезіміболса, ұлысезімніңшырқаушыңынакөтерілгенсезімгеадал, серткеберікҚозыКөрпеш пен Баян Сұлушынайымахаббаттың символы іспетті. Бүгінде қос ғашықтың құрметіне орай, арнайы күнбелгіленген. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келе жатса да, күшіне енді ғана еніп, жастарды қызықтырып, бір ойдың, бір идеяның астында жинап отыр. Олай болса, бұл мереке ғашықтардың тағатсыздана күтетін мерекесіне айналып, 15 сәуір — Ғашықтар күні болып аталып кетті.
Осы айтулы мерекеге орай 2016 жылы 15 сәуір күні біздің көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінде деүлкен іс-шара өтті.
Бұл мерекелік кешті ұйымдастыруға ерекше үлес қосқандар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раушан Зайнулкабиденқызы мен оқытушылар Арай Жумкеевна және Жадыра Омышевнаны атап өтуге болады.
Бұл кештің тақырыбы «Бозбала мен бойжеткен» деп аталынып, оған 5-жұп қатыстырылды. Олар: 1 жұп «Екі лебіз» (Абылай мен Айгерім)
2 жұп «Мөлдір сезім» (Жылқыбай мен Анель)
3 жұп «Достық қиял» (Абылайхан мен Диляра)
4 жұп «Қос жұлдыз» (Мейіржан мен Жансұлу)
5 жұп «Пәк көңіл» (Бакытберген мен Гулназ)
Жұптар алты бөлімнен тұратын сайысқа қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды.
Атап айтсақ:
1 бөлім: Таныстыру
2 бөлім: Білер болсаң-тауып көр!
3 бөлім: О махаббат, махаббат (көрініс)
4 бөлім: Өнерің болса, қанекей!
5 бөлім: Саған сенемін.
Бірінші бөлімде әр жұп танысу туралы шағын көрініс көрсетті.
Екінші бөлімде жұптарға ғашықтық, махаббат тақырыбында сұрақтар қойылды.
Үшінші бөлімде жұптар ғашықтық сезімі туралы шағын көріністер көрсетті
Төртінші бөлімде бойжеткендер 3 минутта бозбалаларға галстук тағып үлгеруі қажет болса, бесінші бөлімде бозбалалардан бойжеткендердің құлағындағы сырғаны дәл тауып, тағуы талап етілді.
Әр жұптың әділ бағасын беру үшін, әділқазы алқасы сайланды. Олар сайыс соңында жұптардың қорытынды бағасын есептеп, мақтау қағаздарымен марапаттады.
Мерекелік шара ақын Мұқағали Мақатаевтың махаббатқа арналған жыр – әндерімен басталып, махаббат тақырыбындағы өлеңдермен жалғасты.
Кеш барысында жүрек тербетер әсем ән сыйлаған студенттер Гүлдана, Қасым, Жекежандарды ерекше атап өтуге болады.
Кеш өте тартымды да, әсерлі, көңілді өтті.
Олай болса, баршаңызды 15 сәуір - Ғашықтар күнімен құттықтай отырып, сүйіңіз, сүйгеніңіздің сүйіктісі болыңыз деген тілек айтамыз! Мереке құтты болсын!
15 апреля Казахстан отмечает День Козы Корпеша и Баян-Сулу - День влюбленных
Праздник появился в стране в 2011 году.
На казахском языке его название звучит как «Ұлттықғашықтаркүні».
Дата праздника была выбрана в честь героев казахского эпоса - Козы Корпеша и Баян-Сулу.
В связи с этим у нас в многопрофильном колледже гражданской защиты был проведен конкурс «Бозбала мен бойжеткен», в нем участвовали пять пар.
В конкурсе были домашнее задание, знакомство и театрализованный показ из отрывков произведении о влюбленных.
Это мероприятие помогло нашим молодым обучающимся раскрыться и показать себя с иной стороны.
По окончании были отмечены самые эрудированные и артистичные участники.