Д?ниетану п?нінен ?ыс?а мерзімді жоспар. Та?ырыбы: Мені? отбасым


Сабақ тақырыбы: Менің отбасым Мектеп: «Қ.Рысқұлбеков атындағы №33ЖОББМ» КММ
Күні : 14.11.2016 Мұғалімнің есімі: Ибраева Ж.Б.
СЫНЫП: 1-сынып
Дүниетану Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: 1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру
1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: «Отбасы» тақырыбының әлеуметтік мәселелерін қарастыруды, ұлттық дәстүрлер мен мерекелерді суреттеуді, «отбасылық шежіре», «отбасылық дәстүр» сөздерінің мағынасын түсінуді үйренy;
Оқушылардың басым бөлігі: дағдылы және мереке күндерінің айырмашылығын түсіндіре білу.
Кейбір оқушылар: Алған блімді тәжірибеде қолдана алады.
Тірек сөздер: отбасы – cемья – family;
отбасылық шежіре – родословная – geneology;
отбасылық дәстүрлер – семейные традиции – family traditions.
Ресурстар: Түймедақ суреті, рөлдік ойынға арналған үлестірме парақшалар, шежіре ағашы бейнеленген плакат, ашықхат жасауға арналған үлгілер, түрлі-түсті қағаз, желім.
Сабақ барысыСабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
РесурстарСабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабаққа шолу
Иә, жоқ стратегиясы
Мектепте білім аласың.
Кітапханашы дәрі береді.
Егер жаяу келе жатсаң, сен жаяу жүргіншісің.
Мектепте асхана, кітапхана, шашатараз бар.
Әңгімелесу кезінде адамның сөзін бөлуге болмайды.
Сабаққа кешігіп келуге болмайды. Сабақтың ортасы
Сабақты «Түймедақ» ойнынан бастауыңызға болады. Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзін жазып қойыңыз. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазуы тиіс. «Отбасы» тақырыбына әңгіме өткізіңіз.
Сұрақтар қойыңыз: «Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде? Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға болады ма?»
Кел, талқылайық! ЖЖ
Суретте кімдер бейнеленген?
Бұл адамдарды біріктіретін не?
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін
Отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Менің отбасым. «Қонақжайлылық» ойыны.рөлдерге бөлініп, қонақ күтеді.
Дәстүрлер. Әңгіме.

Сен білесің бе?
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні.
Анықта. Ата анаңнан балалық шағы туралы сұра.
Ізден. Наурыз мерекесі туралы әңгіме. Аудио жазба
Сергіту сәті
1 минут Тербеледі ағаштар
Алдамнан жел еседі
Кіп кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі Сабақтың соңы Есеп шығару. Марат каникул күндері дүйсенбіде әжесіне кетті және келесі аптадағы дүйсенбіде қайтып келді. Марат неше күннен кейін қайтып келді?
Жұмыс дәптері.

Тату тәтті отбасы ойыны.
Сенің анаңның анасы саған кім? нағашы әже
Менің анамның қызы, бірақ мен емес? Әпке, сіңілі
Сенің әкеңнің әкесі? Ата
Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады? Көке
Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? әпке
Кітап, суреттер
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?