Та?ырыбы: Разрядтар мен кластар


Тақырыбы: Разрядтар мен кластар (Қайталау және білімді кеңейту)
Мақсаты: «разряд»және «класс» туралы түсініктерін нақтылау,санды жазғанда цифрдың орнының мәнін айқындау.Логикалық ойлау, ауызша сандарды еркін оқу қабілеттерін дамыту. Шығармашылыққа, тапқырлыққа, өз бетінше тапсырманы тиянақты орындауға тәрбиелеу.
Түрі: қайталау Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: кестелер, үлестірмелер, цифрлар;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік. Оқушы назарын сабаққа аудару.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбымен мақсатын хабарлау.Разрядтар мен кластар.
ІІ. Өткен материалға шолу. -Разряд және класс деген сөздер сендерге таныс па?
Геометриялық фигуралар туралы не білеміз?
Суреттерін көрсетіп отырып фигуралар туралы білімін тексеру.
Көп таңбалы сандарды көрсету арқылы сандардың оқылуын, әр разрядтың атауын айтқызу.
ІҮ. Жаңа сабақ
1..Ауызша тапсырмалар беру арқылы түсініктерін нақтылау.
Мысалы: 4852, 50426,4263,450603,20530 деген сандардағы 2 саны нені білдіреді?
58 жүздік,123 ондық,402 мыңдық,7025 бірліктен тұратын сандарды ата:
Математикалық диктант: 5 ондық мыңнан және 50 бірліктен тұратын сан;
25 ондықтан және 9бірліктен тұратын сан; 1 жүздік мыңнан ,2 бірлік мыңнан және 8 ондықтан тұратын санды жаз:
2.Оқулықпен жұмыс: №1 тапсырма: 2топқа бөлініп ,өз беттерінше орындайды.
№2 тапсырма: «Тиісті санды тап»ойыны
1-бағанын тақтада 3 оқушы орындайды. 2- бағанын 3 қатар болып орындайды .
Тақтадағы оқушы разряд және класс бойынша ауызша түсіндіреді.
№3 Класты 2 нұсқаға бөлу. Амалдарды ыңғайына қарай бөліп ,тақта мен орында шығару.
№4 ауызша орындалатын есептер (а,ә,б) 3қатар ауызша жарыса орындайды.
№5 өз беттерінше жұмыс:
70866041910001-ж.-30 кг.?кг.
2-ж.-40 кг. 770кг.?кг.
Ш: 770 : (30+40) = 11(сағ.) 30 ∙ 11=330 (кг)40 ∙ 11=440 (кг)
№6 өз беттерінше
Есімізге түсірейік, тік бұрышты үшбұрыштың ауданын қалай табушы едік?
Ү.Жаңа сабақты пысықтау: №8 шығармашылық тапсырма:
4 және 7 сандарын пайдалана отырып, құрамында 7 саны тек бір рет қана кездесетін төрт таңбалы сандарды жазу. 7444,4744,4474,4447; Сандардың ретімен орналасуына көңіл аудару керек.Кесте сызып, класс пен разрядты айтқызу.
ҮІ.Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?
Кластарға жіктеу мен разрядтарға жіктеудің айырмасы неде? Жүз мыңдықтар класында неше разряд бар?Класс ше? Бірлік миллиондар класында неше разряд болады? Класс ше?
412752 санын разрядтық қосылғыштарға жікте:
ҮІІ.Үйге тапсырма: №4(в,г),№7 87-88-беттер. ҮІІ.Бағалау.