Айналаны ?орша?ан орта, экология п?нінен к?ктемгі е?бек та?ырыбында?ы саба? жоспары


Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік сала
Білім көздері: экология негіздері
Тақырыбы: Көктемгі еңбек
Мақсаты:1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, адамдардың көктемдегі пайдалы іс –әрекеттері туралы мағлұмат беру
2.Көктемгі еңбек түрлерінің пайдасын түсіндіру.
3. Еңбек сүйгіштікке табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: ұя, егін, бәйшешек
1. Шеңбер болып отыру, қонақтарға сәлемдесу. Бір –біріне шаттық шеңберінде тілек айту.
Бұл қай кезде болады?
Төрт мезгілді қою, оларға жеке –жеке тоқталу
2. Көктемдегі ерекшеліктерді атау. Суреттерді зер сала қарап көреді, түсінеді. Ал енді көктемдегі еңбек туралы айтайық.
3.Көктемде адамдар қандай еңбек етеді.
Бағыттаушы сұрақтар қою:
1. Суретте не бейнеленген?
2. Адамдар немен айналысып жүр?
3. Олар машинаның қай түрімен жұмыс жасап жатыр?
4. Ойын: «Қайсысы артық»
5. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық
6. Табиғатты қорғайық. Activote құрылғысы арқылы тест тапсыру
Табиғатты қорғау бағытындағы еңбек түрлеріне, ауланы тазалау, арықты ашу, ағаш түптерін әктеу және т.б. айта аламыз – қылығы ұнамаған б/ң суретін алып тастау. Осы көктемде малдарда төлдейді, жер жаңарады.
7. Ойын: Малдардың төлдерін тап..
8. Ойын: Дымбелмеске көмектксейік.
Ойын шарты: тақтаға көктемге байлансты суреттерді жапсыру, ағаш көктеген, ұя жасау, бәйшешек гүлі, құстар, бұлт, күн.
Сабакты корытындылау.
1. Көктемгі еңбекке не жатады?
Жер жыртады, тұқым себеді, бақша егеді, гүлдерді егеді.
2. Зиян кестерден ағашты қалай корғаймыз.
Сендер барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар.