Презентация на тему Дарындылы?ты аны?тау жолдары


Дарынды балалар-еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық Н.Ә.Назарбаев Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі , көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі , бір – біріне ұқсамайды. “Қабілет” психологияда – адамның тиісті меңгеруге икемделген мүмкіншілігі деп сипатталады. Нышан – адам бойындағы биологиялық (физиологиялық) фактор болып саналса,қабілет нышанның дамып жетілу нәтижесі. Мақсаты: “Бала бойындағы дарындылықты жас ерекшелігіне ,өз қабілетіне сәйкестендіре отырып анықтау.” Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару; Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау; Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру;Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдерді жүйелі қолдану. Міндеттері: Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді: Бірінші кезең. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау Екінші кезең. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау Үшіші кезең. Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру Төртінші кезең. Дарынды оқушылардың жетістіктері Дарындылықты анықтаудағы әдістәсілдер: Баланың отбасы жағдайын зерттеу Шығармашылық қабілетін анықтау Сауалнамалар,психодиагностикалық тренингтерді өткізу Ата-анасымен әңгімелесу Дарынды оқушылардың ерекшеліктері: Ойлау ерекшелігі Ішкі –сезім ерекшелігі Әлеуметтік тұрғыдағы ерекшелігі Академиялық тұрғыдағы ерекшелігі 1.Ойлау ерекшелігі: Шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету,тез ілгерілеу;Әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;Кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы; 2. Ішкі – сезім ерекшелігі: Сезім мүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс);Интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы,байқағыштығы өте жоғары,білімге,жаңалыққа құмар,оқуы жеңіл,өз ойын жақсы жеткізе алады,алған білімдерін кез – келген уақытта еске түсіріп,пайдалана алады,сыныптастарынан көп біледі);Жан дүниесінің тереңдігі;Кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгерім таныту; 3. Әлеуметтік тұрғыдағы ерекшелігі: Өз талап тілектерін орындау,адамгершілік мәселесінде ерте даму;Жоғары дәрежедегі әділдік сезімі; 4. Академиялық тұрғыдағы ерекшелігі: Оқуда есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады;Математика пәнінде оқушы өлшеу, сызу, математикалық ұғымдар арасындағы байланыстарды ашуға берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындап,математикалық белгілерді есте сақтап,өздеріне қажет жағдайда қолдана алады;Қоршаған дүниені танып білуде сұрақтар қояды, заттардың пайда болуы, құбылыстар туралы зерттейді, тәжірибе жасайды, арасындағы қарым-қатынасты жақсы түсініп, өзіндік жаңалықтар ашады;Шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады, көбіне тың нәрсе жасайды, көркемдік – қолданбалы еңбекте заттарды өзі жасап аяқтайды. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында қолданылып жүрген психологиялық әдістемелер Айзенктің сандық тесті;Айзенктің вербальды тесті;Ақыл-ой дамуының мектептік тесті «ОҚДАТ» және «ОҚСАТ» ;Бастауыш сыныптардың біліктілік деңгейін анықтау тесті;Равеннің прогрессивті матрицасы;Е.Торренстің шығармашылық ойлаудағы бейнелі кескіні;Р.Кеттелдің «Интеллектінің мәдени ерікті тесті» ;Күрделі аналогия методикасы;Лидер тесті;КОС әдістемесі ;А.Е.Голмшоктың танымдық қызығушылықты анықтау әдістемесі ;Е.А.Климовтың жекелеп диагностикалау әдістемесі;“Дарындылық картасы” әдістемесі (Савенков)Джонс креативтілігі сұрақнамасыОқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасыОқу мотивін анықтау сұрақнамасыБаланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесіЖалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)Кім неге бейім? әдістемесі;Дж.Голландтың адамның мінез – құлқы типін анықтау әдістемесі жүргізіліп өз кезегінде оқушыны тануда және өзіндік бағыт – бағдар алуда септігін тигізіп отыр. Дарындылық түрлеріне анықтама Жалпы дарындылық түрлері: Көркем дарындылықДарындылықтың бұл түрі арнайы мектептерде, үйірмелерде дамытылады. Музыка, бейнелеу өнері, орындаушылық, әртістік, сәулет өнері саласындағы жоғары жетістіктерінен көрінеді. академиялық дарындылықМұндай дарынды балалар негізгі ұғымдарды тез есте сақтап, жылдам меңгереді. Ақпаратты өңдеу бейімділігі аса зор. Барлық пән бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізеді. Шығармашылық дарындылықШығармашылық бағытта дарынды балалар:• шарттылықтар мен беделге көнбейді;• пікір айтуда еркін әрі тәуелсіз;• әзіл, қалжыңды жақсы көреді;• жұмысты ұйымдастыру мен тәртіпке көңіл бөлмейді;• жарқын темперамент. Интеллектуалдық дарындылық• интеллекті ортадан жоғары;• шешім қабылдай алады;• дерексіз ұғымдармен, болашақ жоспарлармен жұмыс жасауға қабілеттілік;• икемділік, бейімделгіштік;• жауапкершілік сезімі;• өз біліміне сенімділік;• ойын анық жеткізе білу.Спорттық (психомоторлық) дарындылық: Спорт өмірінде белгілі бір жетістікке жеткен оқушыларерік жігерінің жоғарылығы;мақсаткерлікфизикалық дайындығымақсатты, қозғалыстың бағытын сезіну Шығармашылық дарындылық21 % Көркемдік дарындылық32% Интеллектуалдық дарындылық 15% Психомоторлық дарындылық24% Академиялық дарындылық 8% Дарындылық түрлері Шығармашылық дарындылық Көркемдік дарындылық Интеллектуалдық дарындылық Психомоторлық дарындылық Академиялық дарындылық Ғылыми практикалық конференциялар жобалар Шығармашылық сайыс, ән, би театр үйірмелері Интеллектуалы ойындар ақбота, кенгуру Спартакиадалар, турслеттер, президенттік тест Факультатив, таңдамалы, қолданбалы курстар, олимпиадалар Мұғалімдердің жұмыс жүйесі: Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.Дарынды балалармен жұмыс істеуге арналған бағдарламаларды жасау, жетілдіру;Дарынды оқушыларды олимпиадаларға, байқауларға, мектепшілік, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі білім сайыстарына қатыстыру; Олимпиада резертерін дайындау.Дарынды балаларды дамытуда мектеп пен отбасы байланысын жүзеге асыру: Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, дарынды балалармен сабақтарды ұйымдастыру, жүргізуОқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Дарынды оқушылар апталығын ұйымдастыру. Мектептің материалдық базаны дамыту.Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар базасын дайындау, құру.Қосымша сабақтарды тиімді ұйымдастыру. Пәндерді таңдауда , практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу. Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (ақпарат стенді, ) Проблемалар: Осы бағытта жұмыс істейтін педагогтарды ғылыми – әдістемелік қолдаудың әлсіздігіОқушылардың табиғи талабын дамыту үшін жағдай жасауда педагогтар мен ата – аналар ынтымақтастығының орындалмауыОқушының пәнді дұрыс таңдауына көңіл бөлінбегендігіПән бойынша олимпиада тапсырмалар базасының аздығы.Олимпиада тапсырмаларын орындауда мұғалімдерің қиындықтарға тап болуы. Шешу жолдары: Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыруӨз білімін жетілдіру тақырыптарын қайта қарастыру.Пән апталықтарында үнемі олимпиадалар ұйымдастыру.Әр пән бойынша олимпиада тапсырмаларын жинақтауға база құру.Олимпиада резервтерін қайта құруПән мұғалімдерінен олимпиадаға дайындық жұмысының есебін тоқсан сайын қабылдау.