Технология п?нінен «С?ндік ?олданбалы ?нер» саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер. Ою-өрнектерді түрлі –түсті қағаздан қию, жабыстыру.Сабақтың мақсаты:1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы мағлұмат беру.Ою-өрнектердің ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсінік беру. 2. Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ою-өрнектерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту.3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, бағалап қастерлей білуге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Сәнді қолданбалы өнер шығармаларының туындылары, суреттер, плакат, интерактивті тақта, слайдтарСабақтың түрі: Пәнаралық байланыс – қолөнер, әдебиет.Сабақтың әдісі: Түсіндіру, жасап көрсету.Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.1. Сынып оқушыларын түгендеу.2. Сынып дайындығын тексеру.II. Өткен сабақты тексеру.1. Оқушылардың үй жұмысын тексеру.2. Өткен тақырыптан ауызша сұрақтар қою, анықтамасын сұрау.3. Көрме ұйымдастыру.III. Жаңа сабақты түсіндіру.Сәндік қолданбалы өнер ою-өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою-өрнек өнері, ши тоқу, алаша (қазіргі гобелен), сырмақ сыру және т.б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып, басқа елдерге де танымал болған.Қазақтың осы күнгі ою-өрнегін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды. Біріншісі-қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары. Екіншісі- басқа халықтардан ауысқан жаңа интернационалдық ою-өрнектер. Қазақтың ұлттық ою-өрнегндегі бір ерекшелік – осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де, ұлттық ою-өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады.Өнер (орысша - искусство) – өмір құбылыстарын, қоғамдық болмыс сана нәтижелерін, адамның іс-әрекеті мен көңіл-күйін, сезімі мен рухани дүниесінің образды көркем тіл арқылы бейнелейтін пішін мен мән қатынасы.Ою-өрнек – бейнелеу өнерінің жоғарғы тегі, халық мәдениетінің, дәуірінің өзіндік қолтаңбасы.Өрнек (орысша – узор) – бір нәрсенің бетіне түсірілген әр түрлі үлгідегі әуенді нақыш бедер.Ою-өрнек – өнердің ежелден келе жатқан озық үлгісі. Ою-өрнектің ұзақ тарихы бар. Атап айтсақ, Орхон-Енисей жазуларының таңбаларынан құстарға, басқа да жан-жануарлардың бейнесі мен ізіне ұқсаған ою-өрнектерді табуға болады.Қазақ халқының ою-өрнектері ерекшеліктеріне қарай сегіз топқа бөлінеді:1. Аңдарың дене бітіміне байланысты өрнектер.2. Құстарға байланысты өрнектер.3. Жер-суға байланысты өрнектер.4. Аспан әлеміне байланысты өрнектер.5. Түрлі жәндіктерге байланысты өрнектер.6. Адам қаңқасына байланысты өрнектер.7. Қару-жарақтарға байланысты өрнектер.8. Геометриялық өрнектер.Ою-өрнек салумен қатар оларға бояу түстерін қолданудың да өзіндік түрлі мағыналары бар. Мысалы: ақ түс – әділеттіліктің, шындықтың, тазалықтың; қара түс – жердің, берекенің; жасыл түс – көктемнің, жастықтың; қызыл түс – күннің, оттың; сары түс – даналықтың, білімділіктің; көк түс – судың, ашық аспанның символдарын білдіред.Сөзжұмбақ «Ою-өрнек»1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )6. Зәулім ғимарат,құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)7. Бір түсті бояу,қарындаш, көмір, т.б бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика)ІҮ. Сергіту сәті. Көрініс «Оюхан мен Жоюхан». Көріністен үзінді көрсету. Оюханның Жоюханға жіберген хатыҮ. Сарамандық бөлім.Қарапайым қағаз бетіне өрнек жабыстыруды қарастырып көрейік. 1. Оқушыларға шаблондар таратылады.2. Салынатын өрнек әрқашан бұйымның түстік фонының сәйкес келуі, яғни бір-бірімен жарасымдылығы.3.Өрнектер бір-бірімен тепе-теңдікте болуы.ҮІ.Қорытынды бөлім.1.Оқушыларға жаңа сабақтан сұрақтар қою.2. Оқушылардың аяқталған жұмыстарын қарап шығу, тексеру.3.Оқушыларды бағалау.ҮІІ. Үйге тапсырма беру. 1.Ою-өрнектерден тұскиіздің бір түрін құрастыру, жапсыру. 2.«Сәндік қолданбалы өнер» тақырыбына реферат жазу.