Внеклассное мероприятие на тему Т?рбие басы — тіл! (4 класс)


«Тәрбие басы – тіл» тәрбие сағаты
4 сынып
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім», «Тіл – ұлттың жан дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып», «ел - жұртыңды сүйе алмайсың», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ»
Жүргізуші: Хош келіпсіздер құрметті қонақтар! – Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, бүгінгі шарамызды бастауға рұхсат етіңіздер. ! Бастауыш сынып тар арасында өтетін Мәнерлеп оқу сайысының тақырыбы : Тілін сүйген –Тәуелсіздік 25 жылдық мерейтойы қарсаңында баршаңызды қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен, тілдер күнімен құттықтаймыз.
Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11- күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі. Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу,
. Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл Тіл – достықтың тірегі, тіл – халықтарды жақындататын ерекше құрал.
Сайысқа Қатысушыларымыз өз елі, өз жері, өз отаны туралы өлеңдерді оқуда өз шеберліктерін көрсетті деген ойдамыз.
.Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырып кезектерін реттеу үшін номер алып, ортаға шығып отырады .
Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет .
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.
Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 27 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз
. Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржан батырларың тілі. Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.
Бүгінгі2- 3-4 сынып оқушыларының мәнерлеп оқу сайысын бағалаушы әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін: Жарысқа төрелік ететін әділ қазыны сайлап алу.
Қорабаева Ж.Х.
Жакупова Ш.Т.
Сангожина Г. С.
— Сайыскерлеріміздің мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұнын , сахнада өзін ұстай білу
1.Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым
Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым,
Сонда - дағы сен қалмассың көкейден,
Сонда - дағы сені ұмыта алмаспын.
2.Ана тілім, күшім менің қуатым
Жырым сендік көкейімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды
Тізелесіп қатар жазса мың ақын.
3. Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
4.Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.
5.Тілім менің ғасырлардан аманат
Аманатқа адам болсын қолғанат.
Ар намысқа келтірмейік жаман ат.
Қазақ болып туылдың ба,
Ендеше,
Өз тіліңді өзгелерге бағалат
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11- күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
Туған тіл-ақыл ой дамуының негізгі және барша білімдердің қазынасы.
Барлық халықтарының тілдеріне, мәдениетіне әрдайым құрметпен қараймыз. Бұл – азаматтық бейбітшілік пен қоғамның ең ұзақ болашақ келісімін нығайту бойынша мемлекет саясатының негіздерінің бірі».