Мемлекеттік тіл мені? тілім (сынып са?аты)


«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК



(апталықтың жүрісі)

Өткізген:Тажкенова Жанаргүл
Мемлекеттік тіл-менің тілім!
Мақсаты:Балаларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына,мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде,әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,салт-дәстүрі,діні,тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Барысы: Салеметсіздер ме, ұстаздар,қонақтар.Тілдер мерекесіне арналған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.Мемлекетіміз тәуелсіздік,ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды.Ия,әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері,тіл ерекшелігі болады.Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті,ананың әлдиі , ананың тілінен бастау алады.
Мадина:Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп,тірілді елім
Аралыммен арыммен қатар қойып
Тілді қорғау-парызым бүгін менің.
Арай:Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып.
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Ернар: Қазақ тілің- Атаң,Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл,
Тең келмейді қатар оған.
Айдар:Қуан далам !Қуанатын күн бүгін.
Серпін таста,мұңды жүрек түңдігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
Қазақ халқының салт –дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз.Ол Бата беру рәсімі.Қазақ халқымызда батаны әдетте жасы үлкен , көпті көрген ақсақал қариялар береді.Ақсақалдың бір бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік.

Бата беру.
Ақсақал-Саян
Қария – Абзал
Бойжеткен-Аружан
Балалы келіншек-Жасмин
Күйеуі-Есен
Бірінші көрініс-алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы:
Талдай бой берсін,
Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын ,
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын.
Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ақ Орданың шамы болсын!
Әумин!
Келесі көрініс-жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді.Келіншек :
-Армысыз, ата!Мына нәрестеге бата сұрай келдік.
Ақсақал:Қолыңды жай, балам!
Нәрестенің бауы берік болсын,
Азамат болып ер жетсін,
Ақсақал болып төрлетсін,
Мінезі болсын салмақты,
Өнері болсын жан-жақты,
Осы айтқанның бәрі кеп,

Алла берсін зор бақты!
Әумин!
Әділқазы береді
Өздеріңе билікті
Сайыста кім жеңеді.
Алады ол сыйлықты.-деп әділ қазылармен таныстырып өтейін.
Балабақша меңгерушісі:Динбаева Светлана
Әдіскер:Қыдырбаева Амангүл
Психологы:Ибраева Шынар
Сайысқа түскелі отырған тәрбиешілерді ортаға шақырамыз.
1.Жапалақова Асылгүл
2.Рахыметоллина Ақсамал
3.Жұмасатова Айгерім
4.Жаекенова Гүлсина
5.Табынаева Гүлбаршын
Келесі кезекте тәрбиешілердің мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндерін байқап көрейік.
Мақал-мәтел сайысы:
1.Тіл тас жарады,тас жармаса... (бас жарады)
2.Дәлелсіз сөз ... (желмен тең)
3.Ине көзінен сынады,.. (шешен сөзінен сынады)
4.Піл көтермегенді,... (тіл көтереді)
5.Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ)
6.Жеті жұрттың тілін біл,(Жеті түрлі ілім біл)
7.Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің қолы ортақ)
8.Қахарлы сөз ...(қамал бұзар)
9.Бас кеспек болса да,..(тілкеспек жоқ)
10.Айтылған сөз, атылған ...(оқпен тең)
11.Бал тамған тілден ...(у да тамар)
12.Тауды ,тасты жел бұзар,... (адамзатты сөз бұзар)
13.Жақсы сөз ...(жарым ырыс)
14.Жақсы байқап сөйлер,...(жаман шайқап сөйлер)
15.Тіл қылыштан... (өткір)
16.Ана сүті бой өсіреді,ана тілі...(ой өсіреді)
17.Жыланның уы тісінде,..(адамның уы тілінде)
18.Көре-көре көсем боларсың,сөйлей-сөйлей...(шешен боларсың)
19.Тілден артық ...(қазына жоқ)
20.Сүңгі жарасы бітер,...(тіл жарасы бітпес)
Енді біздің мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.
1.ҚР қашан тәуелсіздік алды? (1991 ж 16 желтоқсан)
2. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин)
3.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Түркі тілдес)
4.Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989ж)
5.Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім?(А.Байтұрсынов)
6.ҚР «Білім туралы заңы» қай жылы қабылданды. (2007 ж)
7. «ҚР мемлекеттік тіл- қазақ тілі » нешінші бап? 7 бап
Қымбатты ұстаздар, тұғыры биік елімізде өнерлі,білімді,ұрпақтарымыз көп болсын.Талапты бүлдіршіндеріміздің болашығы жарқын,атар таңы арайлы болсын!