Саба? жоспары Тілім мені? тірлігімні? ай?а?ы


«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК
(ертеңгілік)


Өткізген: А.Жаманкулова
Тобы: «Құлыншақ»
2016 жыл
Тақырыбы: Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Мақсаты: Балаларға Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,
тіл туралы білімдерін жетілдіру . Ана тіліне деген құштарлықтты арттыру,
ана тілін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Нақыл сөздер,суреттер
Жүргізуші:Армысыздар,қадірменді ұстаздар,балалар!
«Туған тілім- тірлігімнің айғағы» ертеңгілігіміздің мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру Мемлекетіміз ҚР деп аталады. Ата заңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады ,мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады.ҚР тәуелсіздігін 1991жылдың 16 желтоқсанында жариаланды.1989жылы 22 қыркүйекте-Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жариаланды.Ал екінші рет1997жылы 11шілдеде қабылданды.
Әр ұлттың тілі-оның бақыты ,тірегі.
Ана тілім-әнұраным,.Ана тілім –өрлігім.
Ана тілім-һәм құралым,Ана тілім елдігім.
Ана тілім болмас,Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым,Бүтінделмес кемдігім.-деп Қ.Мырзалиев ағамыз жырлаған екен.
Атанияз:
Сүйемін туған тілді –ана тілін,
Бесікте жатқанымда- берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Кәусар:
Ана тілім,туған тілім,бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Ән: «Туған жер»
Орындайтын: Нұржаубай Ләзиза
Ақтілек:
Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Жүргізуші:
Тіл бүкіл халықтың игілігі,халықпен бірге жасап, бірге дамиды.Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп,сауатты жазып,тіл байлығын мол қолданбайынша,шын мәнәндегі мәдениетті адам қатарында болмайды.
Жанназ
Ана тілі біздің туған анамыз,
Анамызды сыйлап,бағып –қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз
Өзіміздің солай болмақ бағамыз,
Ана тілін кім бағалай білмесе,
Анасынан безген ұл деп қараңыз
Айзере:
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер болсаң,байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
Би:«Жалын»
Орындайтындар:Айзере,Ләзиза,Еркеназ,Ақсүмбіл,Аяулым,Анелия.
Көркем сөз: «Ана тілім»
Оқитын: Сағидолла Нартай
Би: «Аққу»
Ән:Анамның тілі
ОрындайтындарРамазан Ақтілек,Асылан,Жанерке
Жүргізуші:
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат
Ана тіл –арым, иманым
Аманат саған, аманат
Қадірменді көрермендер!Тілім менің-тірлігімнің айғағы атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз . Назар салып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!
Сау болыңыздар!