Атаж?рт «Е? білгір» атты интелектуалды? ойын. (8 сыныптар)


Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Сыныптан тыс шара.
Атажұрт
Тақырыбы:
«Ең білгір» атты интелектуалдық ойын.
(8 сыныптар)
Өткізген: Ж.Иргалиева
Ойынның мақсаты:
Білімділік: Өткен тақырыптарды қайталай отырып,
түсініктерін толықтыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, отаншылдыққа, төрт
түлікті қадірлеп – қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін дамыту,
дағдыландыру.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, интерактивті тақта.
Ойынның барысы:
а)Ұйымдастыру кезеңі;
ә) Ойынның мақсаты мен жоспарын айту;
б)Ойынды бөлімдер бойынша өту;
в).Сыныпты топқа бөлу арқылы жарыстыру;
г).Тиянақсыз ойларды толықтыру;
д)Бағалау және пысықтау;
е)Қорытынды.
Эпиграф:
«Өз тарихын сыйлаимаған халық, өзін де сыйламайды.»
Н.Ә.Назарбаев
«Ең білгір» ойынына қатысатын топтар


«Талапкер» тобы
«Болашақ» тобы

ІІ.Өткел
І.Топты таныстыру



Сайыстың кезеңдері


ІҮ.Бекет
ІІІ.Белес

Ү.Жеұйық

І.Таныстыру. (Әр топтың топ басшылары қысқаша таныстырады)
ІІ. Өткел. (Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі)
«Болашақ» тобына
1.Қазақ хандығының «алтын ғасыры» кезеңі кімнің тұсында болды?
2.Жоңғар шапқыншылығына қарсы бүкілқазақтық жауынгерлік жасақ құру
жөнінде кім шешім қабылдады?
3.1772 жылы патша үкіметі кімді орта жүз ханы деп таныды?
4.1812 жылы соғыста көгілдір ленталы медаль алған кім?
5.Батыр қонтайшы бастаған Жоңғар хандығы қашан құрылды?
6.Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды?
7.Е.Пугачев бастаған көтеріліс қай жылдары болды?
8.Шоқанның тәрбиесіне әсер еткен адам?
9.Кенесары қашан хан сайланды?
10.Әбілқайыр Ресей империясының қоластына өту туралы антты қашан
қабылдады?
«Талапкер» тобына
1.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қай жылдары болды?
2. 1775 ж патша үкіметі Жайық қалашығының атын қалай өзгертті?
3.Бородино шайқасында ерлігі үшін күміс медальмен, марапатталған кім?
4. Патшаның қол астындағы халыққа арнаған үндеуі қалай аталады?
5.Абылай неше жасынан бастап, Жоңғарларға қарсы күреске қатысты?
6.Бөкей Ордасының бірінші ханы?
7. ХҮІІІ ғ қай атақты ақын өз шығармасында Абылайды дәріптеді?
8. «Сібір қырғыздары туралы жарғы» қашан қабылданды?
9. «Аңырақай шайқасы» қашан болды?
10. ХҮІІ ғ қазақ хандығының астанасы қай қала болды?
ІІІ. Белес. (Жұмбақ санды тапқан топқа 50 ұпай берілді)
№1. Жұмбақ санды тап.

1.Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы қашан қабылданды?
№2.

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекіткен жыл?
№3.

1.Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші Түркия қай жылы таныды?
№4.

1.Астана қаласы Ақмолаға көшірілді?
№5.

1.Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданған жыл?
№6.

1.Қазақстанның Ұлттық валютасы айналысқа енгізілген жыл?
ІҮ. Бекет. (1 сұраққа 20ұпай беріледі).
Мына жылдардағы ұлт – азаттық көтерілістерді кімдер басқарды?

1836-1868жж


1916ж

1783-1797жж


1837-1847жж

1773-1775жж


Хандардың билік еткен жылдары.

Абылай хан

Кенесары хан

Тәуке хан

Қасым хан


Есім хан


Ү. Жерұйық. (1 дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі)
Берілген ұғымдардың мағынасын табу

Пұт –

Жасауыл –

Ұшыр –


Болыс –

Баж салығы –
Керуен –

Сырғауыл –

Қорытындылау. Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз топты марапаттау.