?дебиеттік о?у Lesson study : М.Дулатов «Шешені? балаларын с?юі»(4кл)


4 «Г» сынып 11.12.2014ж. Пәні: әдебиеттік оқу Lesson study сабағы Мұғалімі: Сарсенбаева Ж.К.
Зерттеу сұрағым: Ашық сұрақтар қою арқылы, оқушылардың пән бойынша ғылыми тілде сөйлеу мәдениетін қалай дамытуға болады?
Сынып үшін маңыздылығы: Оқушылардың белсенділігі мен сөйлеуінің, өз ойларын ашық айту дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз бетінше ойланады, мәтінге талдау жасауды үйренеді,белсенді тыңдайды, сұрақ қоюға дағдыланады, ауыз екі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. «Бірлесіп ойлау мақсатында» оқушылар арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастық артады.
Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Сабақтың жалпы мақсаты: 1.Мазмұнына байланысты өлеңді оқып танысады, идеялық мазмұнын ашады, ананы сүйіп, қадірлеу керектігі туралы ақпарат беру.2. Сыни тұрғыда өлеңді оқу барысында бала өмірі үшін ананың құдіреттілігін айқындай білуге үйтеру.3.Берілген тапсырмалар арқылы оқушылар шығармашылық ізденістерін қалыптастырады, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтан күтілетін нәтиже: 1. Мазмұнына байланысты өлеңді оқып танысады, идеялық мазмұнын ашады, ананы сүйіп, қадірлеу керектігін түсінеді;2. Сыни тұрғыда өлеңді оқу барысында бала өмірі үшін ананың құдіреттілігін айқындайды;
3. Берілген тапсырмалар арқылы оқушылар шығармашылық ізденістерін қалыптастырады, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады.
Әдіс-тәсілдер: Топтастыру. «Ой қозғау» стратегиясы. Шығармашылық жұмыстар. Концептуалды кесте. Сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған тапсырмалар. Бағалау. Кері байланыс. Рефлексия.
Сілтеме: Жоспар. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Әдістемелік құралдар.
Ресурстар: маркер,стикер, конверттегі сұрақтар т.б.
№ Сабақ кезеңдері уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін нәтиже бағалау
1 Ұйымдастыру кезеңі 3 мин Топқа бөлу.
Психологиялық ахуал орнату тілек айту
Бағалау парағын тарату Оқушылар санау арқылы топқа бөлініп, топтағы рөлдерін бөлу.Оқу құралдарын жабдықтау. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады 2Үй тапсырмасын сұрау 5 мин Тақтаға қарточкалар ілінеді. Әр карточканың сыртында топтың аттары жазылады сол бойынша алады. Тақтаға ілінген қағаздарды топ басшылары алып, берілген тапсырмаларды топтың әр өкілдері сұрақтарға жауап береді. Оқушылар сұраққа жауап береді Оқушы өз мүмкіндігіне қарай сұраққа жауап береді. Бағалау критерилері бойынша бақылаушы бағалап отырады
3 Жаңа сабақ 25 мин 1. Ән тыңдау "Ана туралы"Ш. Қалдаяқов.2. Ашық сұрақтар қою
3. М. Дулатов туралы кесте толтыру.
4. Ой түрткі. Сөздікпен жұмыс.
5. Топтық жұмыс. Әр топқа «ана» туралы тапсырмалар беріледі.
І-топ: 5-жолды өлең құрастыру.
ІІ-топ: Өлең шығару.
ІІІ-топ: Ребус құру.
ІУ-топ: «Сөз жұмбақ» құрау.
6. Топтық жұмыс.
І-топ: Ана сөзіне дыбыстық талдау жасау.
ІІ-топ: Анаға хат жазу
ІІІ-топ: Анаға тілік жазу.
ІУ-топ: Эссе жазу. 1.Ән тыңдалады.
2. Сұрақтарға жауап береді.
3.Оқушылардың ойы мен бұрынғы білімдері анықталады.
4. Сөздіктерді жазады.
5. тақырыпты талдай отырып ізденеді.
6. Оқушылар топ болып бірлесіп жұмыс атқарады. Оқушылар жеке өз бетімен ойланады, проблемманың шешімін табу құзіреттілігі дамиды.
Өлеңге талдау жасауды үйренеді. Жағымды, жылы сөздер айту арқылы бағалау.
4 Бекіту 4 мин Концептуальды карта.
Оқушыларға карта таратылады және оқушылар ана мен балаға тән іс-әрекетті белгілейді. Ой толғауға дағдыланады Мұғалім тарапынан бас бармақ әдісі арқылы бағалау.
5 Қортынды 3 мин Ана сөзіне сипаттама жазу. Тақтаға сипаттамаларын жазады Ойын еркін жазады. Жағымды, жылы сөздер айту арқылы бағалау
6 Үй тапсырма 1мин Өлеңді жаттау Күнделіктеріне үй тапсырмаларын жазады 7 Бағалау 2 мин Оқушылардың бағалау парақтарын салыстыра отырып, ағымдық бағалау жүргізу