Ашы? саба?. ?арсылы?ты салалас


Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Бидайық орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Тукеева Әсемгүл
Қазақ тілі. 8-сынып. Мұғалім: Ә. А. Тукеева.
Тақырыбы: Қарсылықты салалас.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру. Қарсылықты салаластың жасалу жолдарын түсіндіру арқылы өзге салаластардан ажырата білуге үйрету;
Дамытушылығы: Көркем әдебиеттен алынған мысалдар арқылы оқушылардың жеке тұлғалық қасиетін ашу;
Тәрбиелігі: Адамгершілік қасиеттерге үйрету.
Әдіс- тәсілдер: диалог, рөлдік, жұптық, топтық жұмыс, АКТ, СТО технологиясы, сұрақ-жауап.
Сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
Миға шабуыл;
Ой шақыру;
«Ойлан, тап»
Сыңарыңды тап;
Мәтінмен жұмыс;
«Жасырынған сан мен шылау»;
Диалог
Талдау – табыс кілті;
Рефлексия.
Үй тапсырмасы тексеріледі.
1) Салалас құрмаласқа хат жазу (екі оқушы);
2) Жаттығу жұмысын тексеру;
3) Өлең шығару.
Миға шабуыл
Құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем? 
Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары бір - бірімен қалай байланысады?
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара неше түрлі жолмен байланысады? 
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?
Ыңғайлас салалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем? 
Себеп - салдар салалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем? 
8. Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы жайында не айтасыңдар?
9. Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстыруға бола ма?
Эпиграф:
«Талаптан да, білім мен өнер үйрен...»
Шәкәрім
Ой шақыру
Сен ешқашан қарсы пікір айтып көрмедің бе?
Ешқашан қарсылық білдірмеу мүмкін бе?
Тақтаға мынадай мысалдар жазылады:
Жаманның сөзін сөйлеме, - адамның сөзін сөйле.
Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.
Бас болмақ оңай,- бастамақ қиынТереңге балық уылдырық шаша алмайды, өйткені онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп, не қамыс жоқ.
Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, бірақ 40-50 см биіктікте өсетін ламинария балдыры бар жерге шаша алады.
«Ойлан, тап»
Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама - қарсы мәнді жай сөйлем ойлап, қарсылықты салалас құрау керек.
1. Жел саябырлаған сияқты,...
2. Теңіз тынышталды,-
3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс екен,...
4. Бұрын бай еді,-
5. Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді,...
6. Қыстың ортасы болып қалды,
Оқушылар салалас құрмаластың жасалу жолдарын осы мысалдарға қарап отырып өздері табады.
СҚ жасалу жолдарын, ерекшеліктерін оқушылар өздері айтады:
1. Қарсылықты салалас жалғаулықты, жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді.
2. Жалғаулықты СҚ бірақ, әйтсе де, сөйтсе де, алайда, дегенмен, сонда да деген қарсылық мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады.
3. СҚ баяндауыштары болымды, болымсыз етістіктерден, қарама - қарсы мәндес сөздерден болып келеді.
4. Жалғаулықты СҚ арасына үтір (,), жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызықша(,-) қойылады.
«Сыңарынды тап» ойыныСалаластың түрлеріне ажырат.
Сөзі мылтықтың оғындай еді, сондықтан қатты ашуланды.
Жаны да, денесі де қатты азап шекті, бірақ сонда да тоқтаған жоқ.
Менің артымнан бір қыз туады да, әке-шешем атын Ұлтуған қойды.
Бірер сөйлемін аударды да, ар жағын өзі алып кетті.
Әрі сыбызғы үнді нәзік ән құлаққа келеді, әрі жүрекке сезім сыйлайды.
Күн жауып кетті,-оны елеген ешкім жоқ.
Оған қалай жетуді мен әлі ойланған да жоқпын және оған менің ақылым да жете қоймас.
Мәтінмен жұмысБолжам жасау
а) Мәтін қалай аяқталады?
ә) Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тап.
Синтаксиске қатысты сандар мен шылаулар сөйлейді.
2 3 4 5 6
Біресе әрі өйткені әйтсе де Яки
Диалог «Маған жаз (қыс) мезгілі ұнайды, бірақ...»
Талдау-табыс кілті.
Сызбаға қарап салалас құрмалас сөйлем құрастыру.
[ ─ ═ ], [─ ═ ].
[ ─ ═ ], себебі [ ─ ═ ]
Рефлексия.
Бүгінгі сабақтан нені үйрендім?
Нені түсінген жоқпын?
Болашақта жүзеге асыру әрекетім қандай болмақ?
Қандай ұсыныс, пікірім бар?
Үйге тапсырма беріледі.
1. 158-жаттығу.
2. Көркем шығармадан салаласқа жеті сөйлем жазу.
да, әке-шешем атын Ұлтуған