Презентация ?дебиеттік о?у С. Ба?бергенов. ??рман?азы (4 сынып)


Тақырыбы:Сәуірбек Бақбергенов. «Құрманғазы» Мақсаты: 1. Оқушыларға Сәуірбек Бақбергеновтың «Құрманғазы» атты әңгімесі бойынша қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыруОқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; балалардың шығармашылық белсенділіктерін түрлі музыкалық тапсырмалар арқылы ояту.Отан сүйгіш, елін қорғайтын, өнерін сыйлайтын азамат болуға тәрбиелеу,балаларды өз халқының музыканың мұрасынан эстетикалық ләззат алуға баулу. Түрі: аралас сабақ.Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, тыңдау, стоКөрнекілігі: суреттер, кесте. слайдтар Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.А) Психологиялық дайындықӘ)Топқа бөлу Бүгінгі сабағымызды топтық жарыс түрінде өткіземіз. ІІ.Қызығушылықты оятуА) Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Үш қадам» әдісі. Әр топтан бір – бір оқушыдан шығып «Бала Тұрар» әңгімесін айтады2. «Сұрақ меннен жауап сізден» сұрақ – жауап әдісі ІІІ.Мағынаны ашуА) «Ой қозғау» әдісіҚұрманғазы туралы видеоролик көрсету. Сұрақ – жауап арқылы талдау Видеоролик Ә) Топтық тапсырма1- топ Құрманғазының өмірі туралы баяндау2 –топ Құрманғазының шығармалары туралы баяндау3- топ «Адай» күйінің тарихы4-топ «Сары арқа » күйінің тарихы Б) Слайдпен жұмыс. Сәуірбек Бақбергенов және Құрманғазы өміріне қысқаша тоқталу Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған. В) Оқулықпен жұмыс Сөздік пен жұмысСуыт – асығыс.Кілтипандарын – құпиясын.Жігері құм болды – дәрменсіз күйге түсті.Құқай – қиындық.Шылау – жүрегіннің шаужайы, шылбыры. Мәтін 4 бөлікке бөлініп таратылады. - Әр топ бөліктерді дауыстап оқиды. - Берілген мәтін бөліктері топ ара түсіндіреді - Ортаға әр топтан бір оқушы түсіндіреді. ІV.Ой толғауБекіту. Топпен жұмыс1-Топ «Ақындар» тобы - 5 жолды өлең2-Топ «Жазушылар» тобы – эссе жазу3-Топ «Суретшілер» тобы – сары арқа күйінің мазмұнына байланыты сурет салу4-Топ «мүсіншілер» тобы – домбыра мүсінің жасау V. Үйге тапсырма:«Құрманғазы » әңгімесін оқу. Мазмұның айту Құрманғазыға буклет жасауБағалау: Бағалау парағы бойынша бағаланады VI. Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» стикерге өз ұсыныстары мен тілектерін жазады Назарларыңызға рахмет