?уырша? тиатыры. Жоба. Ит пен мысы?.


Тақырыбы: Күшік, мысық, және тышқанның достығы.
Мақсаты: Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету.
Кейіпкерлердің әр түрлі іс - әрекетүстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру.
Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту.
Балаларды татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілікке имандылық тәрбиесін қалыптастыру.Көрнекі құралдар: Ертегі кейіпкерлерінің қолдан жасалған қозғалмалы қуыршақ бейнесі. Доп.Ертегі мазмұнын қуыршақ театры арқылы қойылады.
/ Сахна орман бейнесінде әшекейленіп, балалар алдын ала жаттығады/
Күшік: «Ав - ав» мен күшікпін,Күшікпін күшікпінТүні бойы жатпаймын,Тыныштықты сақтаймын. «Ав - ав»Ой - ой аяғым, аяғым, аяғым - ай,Мысық: «Мияу - мияу» бұл кім, кімсің? А күшік екенсің ғой, не болды? соншама айқайлап.Күшік: «Ав - ав» мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш кіріп кетті, мені құтқаршы аяғым ауырып тұр. «Ав - ав» жалынамын.Мысық: Жоқ мен сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың. Аяғыңдағы ағашты алып сені құтқарсам мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын ля - ля - ля мияу – мияу.Күшік: Мысық кешірші енді мен саған тиіспеймін, мені құтқаршы, «Ав - ав».Мысық: жарайды онда мен сені құтқарайын.Күшік: Рахмет! Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық, мен саған тиіспеймін.Мысық: «Мияу - мияу» кел екеуміз ойнайықшы менде доп бар.Добым менің, добым менің.Өзің неткен көңілді едің,Зымырайсың, зуылдайсың.Бірақ бізден құтылмайсың.Мысық: «Мияу - мияу» мен шаршап кеттім қайтайықшы.«Күшік» «Ав - ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық.Мысық: «Ля - ля - ля - ля» (әндетіп екеуі күшіктің үйіне барады.)Мысық: Ой, үйің қандай әдемі, жайлы керемет екен.(сол кезде тесіктен тышқан шыға келеді)Мына тышқан қайдан шықты?, тоқта мен сені ұстап аламын да жеп қоямын. А, бәлем ұсталдың ба?Күшік: Мысық, жіберші тышқанды, ол да қонақ мен де саған тиіспеймін ғой, дос болыңдар.Мысық: Жарайды күшік, мен енді тышқанға тиіспеймін.Тышқан: «Шиқ - шиқ» рахмет күшік, мен қатты қорқып кеттім. Ендігі жерде бәріміз дос болайық. (Тышқан мен мысық қол алысады. Барлығы қосылып ән айтады.)Ән: «Әрқашан дос, біргеміз» әнін үшеуі бірге шырқап, тәрбиешілер балалардың бәрін орындарынан қозғап, бірге қосылып айтады.
Қорытындылау . Балалармен әңгімелесу, сұрақ –жауап.