Ойын-саяхат: «Не орманда т?рады?» технологиялы? карта


технологиялық карта
ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Өткізген: Дюсембекова А.А.
Өткізу мерзімі: 02.10.13 ж.
Топтың жас ерекшелігі: ортаңғы топ
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта»
Бөлім: Экология негізі, экология
Тақырыбы: Ойын-саяхат: «Не орманда тұрады?».
Мақсаты: Балалардың ормандар тұрғаындары туралы білімдерін молайту және бекіту. Жабайы аңдарды ажыратуға және атауға одан әрі үйрету. Байқампаздығын,ойлау қабіле-тін, тілдерін дамыту. Сөздік қорын белсендіру.Жануарларға деген сүйіспеншілік сезімде-рін тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар: жабайы аңдардың суреттері (ойыншықтар)
Сөздік жұмыс: жыртқыш, жирен
Билингвальдық компонент: жыртқыш – хищник, жирен – рыжий.
Іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Кіріспе әңгіме: Балалар,біз бүгін сен-дермен орманға серуенге барамыз. Серуенге баруға ықылас-тарын білдіреді.
Ұйымдастырушы-
лық - ізденістік -Балалар, қане, жүппен тұрып, бір-бірінді мықтап қолдан ұстаңдар.
-Балалар, айтыңдаршы, жолдан қалай өту керек?
-Жақсы. Жолдан өткенде, абайлаңдар Жан-жаққа дұрыстап қараңдар.
-Міне біз орманға да келдік. Бізді бі-реу қарсалып жатқан сияқты.
Таңырқат сәті: ойыншық «Орман иесі»
-Балалар, сәлеметсіңдер ме! Мен Орман иесімін. Менің орманыма хош келдіңіздер.
-Сәлеметсің бе,Орман иесі.Біз бала-лармен орманға серуенге және ор-манда не мекендейтінін көруге кел-дік.
-Жақсы. Жүріңдер,мен сендерге ор-ман тұрғындарын көрсетейін.
Топтың әр жерінде жабайы аңдар (ойыншықтар) орналасқан.Кезекпен ойыншықтарды көрсетіп:«Балалар , мынау не?» - деп сұрақ қояды.
-Бұл аю. Оның тоны жылы, ол қыста тоңбайды.Жылы күндері аю орманда өсетін ағаштағы жидектермен, ұсақ аңдармен көректенеді. Қыста ұйқыға кетеді.
-Қараңдашы, мына жерде не отыр?
-Иә, ол түлкі. Ол жыртқыш аң, түлкі өзі сияқты аңдарды ұстап көректене-ді.Оның тонының түсі қандай?
-Осы түсті жирен деп айтуға болады.
Сергіту сәті: «Күндей болып күле-міз»
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз,
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
-Ана ағаштың артында не тығылып отыр?
-Иә, ол қасқыр. Қасқыр түлкі сияқты жыртқыш аң. Қасқырлар көбінесе топпен жүреді. Қасқыр мен түлкі сез-гіш аңдар. Қасқыр қалай ұлиді?
-Балалар, орманда тағы да қандай аңдар мекендейді екен айтыңдаршы?
-Қоянның жазда тоны сұр түсті, ал қыста ақ түсті болады.
-Рахмет, саған, Орман иесі. Бүгін біз-дің серуеніміз қызықты болды.
Д/ойын: «Бұл қандай аң?»
Шарты: тәрбиеші бір аңның түсін сипаттап немесе жүрісін көрсетіп, ба-лаларға ол қандай аң екені айтуға ұсынады.
-Тамаша. Бірақ бізге балалар, топқа қайтатын уақыт келді. Жүппен тұрып, тәрбиеші-нің артынан жүреді.
Балалардың жауаптары:
-Жолды бағадаршамның жасыл шамына, әділеген жолдан немес жер асты жолмен өту керек.
Ойыншыққа қызығушы-лықтарын білдіріріп, амандасады.
Жан-жаққа орналасқан ойыншықтарға жақын-дап, Орман иесінің әңгі-месін тыңдайды.
-Түлкі отыр.
-Оның тоны тоқсары түс-ті.
Тұрып бойларын жазады.
Балалардың жауаптары:
-Ол қасқыр.
Балалар «У-у-у» деп қас-қырдың дауысын елек-тетіп ұлиді.
-Кірпі, қоян, тиын, т.б.
Ойынға ықыластарын білдіреді.
Жүппен тұрып, тәрбиеші-нің артынан жүреді.
Рефлексиялық -
түзетушілік -Міне топқа да келдік. Балалар, сен-дерге бүгін не қызықты болды?
-Орманда біз кімді кездестірдік?
-Ол бізге қандай аңдар туралы әңгі-мелеп берді?
Белсенді балаларды мақтайды. Балалардың жауаптар:
-Орманда серуендеген.
-Орман иесің.
-Жабайы аңдар туралы: аю, түлкі, қасқыр, т.б.

Күтілген нәтиже:
Біледі: жабайы аңдардың атауын, сыртқы түрлерін, немен көректенетінін.
Игереді: жабайы аңдар туралы түсініктері.
Меңгереді: жабайы аңдарды сыртқы түрлері бойынша ажыратып атауды.