Си?ырлы санды? музыка о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы


КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН:
«Жәңгір хан» жеке бөбекжай «Жәңгір хан» жеке бөбекжай
әдіскері: ___________Д.К Ихсанова директоры: __________ Ж.С Кадемова
Тақырыбы:
«Сиқырлы сандықтың сыры!»
(Ашық ұйымдастырылған музыка оқу іс-әрекеті)
Музыка жетекшісі: Саханова М.С
2016 оқу жылы
КЕЛІСЕМІН:
«Жәңгір хан» жеке бөбекжайы
әдіскері:__________Ихсанова Д.К

Музыка жетекшісінің ашық ұйымдастырылған музыка оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Музыка жетекшісі: Саханова Мергул Сапиоллақызы
Күні.айы. жылы: 26.04.2016
Тобы: «Болашақ» ортаңғы
Білім беру салалары: «Шығармашылық»
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Сиқырлы сандықтың сыры!»
Мақсаты: Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен материалды еске түсіру. Ойын арқылы аспаптарды ажырату біліктілігін арттыру. Музыка тыңдау арқылы, аспаптарды орындау. Әнді нақышына келтіріп орындау арқылы, орындау шеберлігін дамыту. Балаларды сиқырлы таяқша,сиқырлы сандық арқылы музыкаға деген құштарлықтарын арттыру. Үлкендерді құрмет көрсету. Алдын ала – жүргізілетін жұмыстар: Домбыра туралы әнді жаттату.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, әндету, орындау. Сұрақ-жауап.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің материалдары: Сиқырлы сандық,қоржын,
үнтаспа,музыкалық аспаптар, компазиторлардың портреті.
Билингвальдық құрауыш: Сиқырлы сандық-волшебный сундук-fairy box.
Іс – әрекет кезеңдері Музыка жетекшісінің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Себепті қызығушы-
лығын ояту кезеңі Балаларды «Біз өнерлі жас ұлан » әуенін ойнап, марш екпінімен залды айналтып жүргізу. Ырғаққа сай аяқтарын кезектестіре алып, денелерін тік ұстап,қолды екі жаққа сермеп жүреді.
Сапты бұзбай орындарына келіп тұрады.
Амандасу.
Сә-ле-мет-пе ба-ла-лар.
Здраствуйте ребята.
Сodd monindДо-ре-ми-фа-соль-соль-соль.
/музыка ойналып балалар шеңбер болып тұрады/
Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер соның шешуін табыңыздар, жарайма?
Кіруге адам батпайды,Затыңды аман сақтайды.
Бұл не балалар? (Сандық)
-Жарайсыңдар балалар дұрыс айтасыңдар, бұл сандық екен.
-Ендеше бүгінгі біздің ашық музыка оқу әс-әрекетіміздің тақырыбы: «Сиқырлы сандықтың сыры».
- Сандық үй жабдықтарына жатады. Сандық қайда орналасқанын, қарайықшы экранға. Әдемі сандығымыз киіз үйіміздің ішінде орналасқан. Ендеше сиқырлы сандықтың сыры неде екенін жайлаудағы, ата-әжеміздің үйіне барып сұрайық. Шеңбермен
жүреді.
Сә-лә-мәт-сыз-ба
Соль-фа-ми-ре-до
Здраствуйте
Жасырылған жұмбақтың шешуін табады.
-Сандық!
Ұйымдастырушылық ізденіс
кезеңі
Ата мен әжеміздің жайлауына барамыз ба? Жайлауға бару үшін, атқа мініп барайық. –Балалар жолымыз шоқалақ секілді, қане бәріміз секірейік. Жақындап қалдық қане қара жорға биін билеп берейікші.
- Қараңдаршы балалар ата мен аженің жайлауына да жетіп қалдық, енде амандасайық.
-Сәлематсызба, ата-әже.
-Ата біздер сиқырлы сандықты сыры неде екенін білгіміз келеді.
Ата: - Мына тұрған сиқырлы сандықтың сырын білу үшін, әуелі менің киелі домбырамды бір шертіп берейін. Құрманғазы күйі «Балбырауын».
-Балалар ата қандай күй ойнады?
- Бұл күйді қандай композитор шығарды?
(экранда Даулеткерей, Дина, Құрманғазы суреті тұрады

Әже: -Балалар сиқырлы сандықты ашу үшін, жақсы бір ән орындап беріңдер?
-Ендеше балалар ән айтпас бұрын дауыстарымызды жатықтырып алайық?
Дауыс жаттықтыру: -До-ми-соль!
Ән айту: «Домбыра сазы» өлеңін жазған: Х.Талғарова, муз жазған: И.Нүсіпбаев.
-Жақсы ән айтасыңдар екен, міне сандығымызда ашылды. Ішінде ноталар бар екен, нотаны алып музыканы тыңдап көрейікші.
Нотада- жетігенің дыбысы ойналады-экранда барабан, жетіген мен тұяқтың суреті.
Нотада- домбыраның дыбысы ойналады-экранда асатаяқ,домбыра және шаңқобыз суреті.
-Балалар ендеше біздің ұлттық аспабтарымыздың қалай ойналу керек екенін суреттен қарайық.
1.Тұяқ- екі қолмен бір-біріне соғу арқылы дыбыс шығады.
2.Шаңқобыз- ауыз қуысына қойып, саусақпен қозғау арқылы дыбыс шығады.
3.Домбыра-екі қолмен шертіп ойнау арқылы дыбыс шығады.
4.Қобыз-отыру арқылы екі аяғының ортасына қойып, таяқшасымен термеп арқылы дыбыс шығады.
5.Сазсырнай-ауыз қуысына қойып,саусақтармен қозғау арқылы үріп ойнап дыбыс шығарады.
6.Жетіген: Тізесінің үстіне қойып, саусақпен тарту арқылы дыбыс шығады.
Музыка тыңдау : «Ақсақ құлан» күйін тыңдау.
Ата: -Балалар менің сендерге мен «Ақсақ құлан» ертегісін айтып берейін. -Ертеде бір ел билеген ханның жалғыз ұлы болған екен. Бір күні ханның ұлы аң аулауға шығып, жазық далада жайылып жүрген бір топ құланға кезігіпті. Аңшылықтың қызығына берілген жігіттің садақтан атқан оғы үйірді бастап жүрген құланды жаралайды. Жанына батқан жарақатын ауырсынған құлан ызыланып, аңшыға қарсы шауып келіп, тұяғымен теуіп өлтіреді.Баласын бірер күн күтіп, аңшылықтан оралмаған соң бір сұмдықтың болғанын сезген хан: «Кімде-кім ұлым туралы жаман қайғылы хабар жеткізетін болса, көмейіне қорғасып ерітіп құямын», – деп халыққа жар салыпты.Бұл хабарды естіген халық ханның алдына барып, көңіл айтудан да қаймығады. Не істерлерін білмей қатты қиналған уәзірлер ел ішіндегі атақты күйшіге келіп қолқа салыпты. Күйші еңсесі түсіп, күйзеліп отырған ханның алдына келіп, оның рұқсатын алған соң домбырасын қолына алып, бір күйді ойнай жөнеледі. Күңіренген күйдің сазымен ханның көз алдынан аңшылық көрініс, ашулы құландардың тұяқтарының дүрсілі, жалғыз ұлының ғайып болып, көз жұмғаны өтіп жатады. Күйдің құдыретінің арқасында хан болған жайды түсініп, егіліп жылайды. Бір кезде есін жиған хан: «Ұстаңдар мына күйшіні!» – деп уәзірлеріне әмір беріпті. Сонда күйші: «Дат тақсыр! Мен емес, мына домбыра ғой сізге естірткен», – депті. «Олай болса, домбыраның шанағына құйыңдар қорғасынды!», – дейді хан.Міне, содан бері қазақ домбырасының шанағында тесік пайда болыпты. Бұл күйді естірткен күйші Кетбұға деген күйші екен.
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Ендеше ойын ойнаймыз.
Ойын ойнау: «Әуенді жайлау!»
Шарты: шеңбер бойымен отырып, алдымызда тұрған кубикте аспаптардың суреті орналасқан кубикті айналдырған кезде, балаға қай аспаптың суреті түседі, сол аспапта ойнайды. (бубен, металафон, маракас, асаяқ, триугольник, домбыра)
«Еркем -ай» халық музыкасымен орындайды.


Музыкалық ырғақты қимылдар: «Қазақтың ұлттық биі» «Күй сандық» Д. Нүрпейісова
Әже: -Балалар сендер жақсы ән айтып, би билейсіңдер екен. ендеше ата екеуіміздің сендерге арналған тосың сыйымыз бар, қабыл алыңыздар.
(балаларға қоржынның ішінен алма береді)
-Рахмет, балалар. Біздер жайлауда біраз жүріп демалған сияқтымыз енді бөбекжайымызға барайық. Ол үшін біз не істейміз?
Сиқырлы атымызға мініп, бөбекжайымызға барайық. -Ия барамыз.
-Шеңбер бойымен жүріп, ат секілді шауып жүгіреді.
-Секіреді.
-Қара жорға билейді.
-Сәлематсызба

-Күйді тыңдап отырады.
-«Балбырауын»
-Құрманғазы Сағырбайұлы
-Ля-ля-ля-ля
-Ме-ма-му-ма-ме!
ән орындайды.
-Үнтаспадағы музыканы тыңдау арқылы. Музыкалық аспаптарды табады.
-суретке қарайды
-Күйді тыңдайды.
Шеңбер бойымен отырады. Ойынды ойнайды.
-Жарты шеңбер болып қазақтың ұлттық ойындарының элементтерін көрсетіп би билеу.
Бөбекжайға барады
Іс – әрекеттің бағалау кезеңі -Ал жаңа қайда бардық?
-Балалар сіздерге ата-әжеміздің үйі ұнады ма?
-Сиқырлы сандықтың ішінен не көрдік, қандай күй тыңдадық?
-Атамен әжеге қандай ән айттық?
-Қандай би билеп, ойын ойнадық?
-Баларлар енді оқу іс-әрекетті қортындыла келе, мына тұрған сандықтардың ішіне нотамызды салайық. Сендерге не ұнады? Ән айтқаны, музыка тыңдағаны ма, әлде ойын ойнап, би билегені ұнады ма? Ұнаған іс-әрекетімізге
1-ші сандықта: Ән айту
2-ші сандықта: Музыка тыңдау
3-ші сандықта: Ойын ойнау
4-ші сандықта: Музыкалық ырғақты қимылдар
-Осы сандықшаларға өздерінің ұнаған іс-әрекетіңізге нотамызды саламыз.
-Балалар сендерге көп рахмет, музыка оқу і-әректінде жақсы тыңдап, әдемі отырдыңдар.
Сау бо-лың-ыз-дар ба-ла-лар!
-Жайлауға
-Ұнады
- музыкалық аспаптарды көріп, үнін тыңдадық.
-«Әуенді жайлау!» «Қазақтың ұлттық биі»
-балалар ноталарын сандықшаға салады.
-Сау бо-лың-ыз!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар сиқырлы сандық арқылы музыкаға деген құштарлықтарын арттырды.
Қандай түсініктерді игерді: Музыка тыңдау арқылы, аспаптарды орындау шеберліктері игерді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын арқылы аспаптарды ажырата білді.