Ашык сабактын такырыбы:Балмуздак ангиме


Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 сынып
Уақыты: Сабақтың тақырыбы: «Балмұздақ» Е.Өтетілеуұлы
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер:а)ақпараттықә)коммуникативтік
б)проблеманы шешу Мәтінге түсінік бере отырып, оқуға, кейіпкердің іс-әрекетінің мәнін ашуға үйрету, оқырмандық көз қарасын қалыптастыру.
Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Шығармаға байланыстыра отырып балаларды адамгершілік қасиеттерді тани білуге, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Дамыта оқыту технологиясы, Білім беруді ізгілендіру,
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Көркемдеп оқу әдісі
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, Бейнелеу өнері
Көрнекілігі: Әдебиеттік оқу 4-сынып, дидактикалық материалдар, балмұздақ, мәтін мазмұнының негізінде салынған сюжетті суреттер,видеороликтер.
Сабақтың барысы Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім сынып бөлмесінің тазалығын қадағалайды.Оқушылармен амандасып,оларды тексеріп шыққан соң,зейіндерін сабаққа аударады.
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз Мұғаліммен амандасады.Кезекші қызметін атқарады. Құрал-жабдықтарын шығарады. Амандасу арқылы мұғалім мен оқушы арасында сыйластық, ізеттілік қарым-қатынасы орнайды.

Үй тапсырмасын тексеру. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып доп лақтырады.
1.Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді?
Әтештен басқа тағы қандай үй құстарын білеміз?
Әскербек қандай бала?
Әскербектің әкесіне өз ойларын айтып хат жазуға берілді. Өз ойларынан жазғандарын оқып сұрақтарға жауап береді. Ертегі-дастанды оқып келеді, сүйікті батырлары туралы ізденеді.Сурет салады.
Жаңа материалды меңгерту
INCLUDEPICTURE "http://image.slidesharecdn.com/random-160714102408/95/-23-638.jpg?cb=1468491887" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://image.slidesharecdn.com/random-160714102408/95/-23-638.jpg?cb=1468491887" \* MERGEFORMATINET Тақырыбымыз: «Балмұздақ» мәтіні.
Олай болса күннің жадын жазамыз. Е. Өтетілеуұлының «Балмұздақ» әңгімесімен танысамыз.
Е. Өтетілеуұлы— 1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. 1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогтік институтыңың филология факультетіне оқуға түседі, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығын алып шығады. 1962–1964 жж. Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы, Қорғалжың аудандық газетінде қызмет істеген. 1964–1974 жж. республикалық «Балдырған» журналында, 1974–1976 жж. «Жазушы» баспасында редактор, ал 1976 жылдан бастап «Жалын» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі болып істеді. Ақынның алғашқы өлеңдері алпысыншы жылдары жарық көре бастады. Жекелеген әңгіме, өлеңдері орыс, болгар, армян, азербайжан, татар тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері балаларға арналған басылымдарға, қазақ мектебінің оқулықтарына енген.
Сөздікпен жұмыс.
«Балмұздақ» мәтінін оқушылар кезектесіп оқып шығып, талдады.
Сөздікпен жұмыс
Оқушылар мәтінмен танысып слайд арқылы жұмыс жасап,тапсырмалар орындау арқылы қызығушылықтарын арттырады.
Автор туралы мәлімет жинақтайды.
Жаңа материлды бекіту тапсырмалары
Слайдпен жұмыс
Қосымша тапсырма:

Қосымша тапсырма:


Топпен жұмыс.
Сергіту сәті.
« Венн диаграммасы»
Ой шақыру. Жұмбақты шешу. 3 мин
Ұнатары баланың-
Балдай тәтті тағаммын.
Ортаңғы буын алынса,
Сүйеніш боп қаламын.
Ал балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз балмұздақ туралы.Жалпы балмұздақ туралы не білеміз?Оның бізге қандай пайдасы бар?
Мәтінді тізбектеп оқу.
Қыс бітіп көктем шыққаннан бастап кішкентайдан үлкендерімізге дейін дүкендерге жүгіретініміз анық. Неге дейсіз ғой?! Балмұздақ алуға әрине. Оны тамсанып жемейтін адам жоқ шығар. Жаз маусымында көшеде, кафелерде, дүкендерде, сауда орталықтарында балмұздақтардың түр-түрі қаптап кетеді. Осы балмұздақтың қайдан шыққанын білесіз бе?Бұл жайлы көптеген деректер бар.
Ертедегі гректің қолбасшысы Александр Македонскийдің әрбір қырғын ұрыстан кейін, қарды балмен немесе жеміс шырынымен араластырып жегені айтылады.Қар мен жеміс шырынын қосып жеуді тұңғыш рет шығыс елдерінің тұрғындары ойлап тапқан. Бұл елдерден итальян саяхатшысы Марко Поло балмұздақтың жасалу жолының түрлі әдістерін жазып алып қайтқан екен.
Дүние жүзінің көптеген елдеріне балмұздақ дайындаудың жолы итальяндықтар мен испандықтардан таралған деген де дерек бар. 1676 жылы француз қаласы Пломбирда тәтті тағамдар дайындайтын мамандар балмұздақтың жаңа түрін жасап шығарады. Осыдан бастап балмұздақтың «пломбир» атауы осы қаланың атымен аталып қалса керек. Ал «эскимо» деген атауды қай ел бергені белгісіз, бірақ француздар мен америкалықтар әлі күнге дейін өздеріне меншіктеп, таласып келеді.
Топпен жұмыс.
1-топ «Пломбир»
2-топ «Эскимо»
3-топ «Балмұздақ»
Неліктен бұл атауларды қойып отырмыз?
1-топ.Сурет бойынша мәтін құрау

2-топ.Балмұздақ суретін салу.
3-топ.Балмұздақ туралы шағын эссе жазу.
Видеоролик арқылы.
Көңілді күн.
Салыстыру.

          Пайдасы          Зияны
   
Зияны

Оқушылар алдымен жұмбақтың шешімін тауып тақырыпты ашып алады.
Балмұздақ
Оқушылар мәтінді тізбектеп оқиды.
Оқушыларға балмұздақ туралы қызықты мәліметтер слайд арқылы беріледі.
Топпен жұмыс жасап оқушылар қызықты тапсырмалар орындайды.
Мәтін бойынша жұмыс жасайды.
« Венн диаграммасына» салу арқылы балмұздақтың пайдасы мен зиянын салыстыру.. Мәтін бойынша жоспар құрады.
Тақырыпқа байланысты сурет салады.
Өз білімдеріне сүйене отырып мақал-мәтелдер жазады
Балмұздақ туралы қызықты мәліметтер жинайды..
Үйге тапсырма
«Балмұздақ» мәтінін оқып, түсінгенін айту. Алмас пен Маралға мінездеме беру.
Оқушылар үйге берілген тапсырманы тыңдап,жазып алады.Сұрақтары болса қояды.
Үй тапсырмасын орындау арқылы оқушы өз бетімен жұмыстанады, ізденеді.
Қорытынды,бағалау Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлемдер» 2 мин
-Егер де мен біреудің ақшасын тауып алсам....
-Егер мен Мирастың орнында болсам....
-Егер де мен Алмастың орнында болсам...
-Менің бұл әңгімеден түйгенім.....
-Менің ойымша.....
Оқушыларды бағалайды, күнделіктеріне қойып береді. Сабақты қорытындылайды.
Оқушылар,сабағымыз аяқталды.-Сау болыңыздар!
Оқушылар бағаларын қойдырады.Мұғалім қорытындысын тыңдайды. Мұғаліммен қоштасады. Сабақ қорытындыланады.
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Төлегенова Айкөркем Маратқызы
4а КШИ-9 тобыОрал 2017 жыл