?й жануарлары. 2 кіші топ


Батыс Қазақстан обылысы Бөкей
Ордасы ауданы Ұялы ауылы
Ш. Жексенбаев атындағы жалпы орта
Білім беретін мектеп балабақшасының
Тәрбиешісі Мустахова Лайла Қанаткалиевна
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Білім бөлімдері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары жайында түсінік беру;
Үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру.
Тақпақтарды айта отырып және сұрақ- жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту. Үй жануарлары төрт түлік малдың төлдерін ажыратып, дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету.Үй жануарларына қамқорлық жасауға дағдыландыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Үй жануарлары туралы әңгімелеу, сұрақ қою, жауап алу.
Қажетті көрнекі құралдар: Слайдтар, үн таспа, үй жануарларының суреттері, жайлау бейнесі жасалған бұрыш, үй жануарларынан алынатын өнімдер. сүт, қаймақ, құрт, сүзбе, май, айран, ет, қазы, қарта. жүннен, теріден тоқылған, тігілген бұйымдар.
Биллингвизм: Сиыр- корова, Түйе – верблюдь, Жылқы- лошадь, Қой- овец. Ешкі- коза.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар !
Жылылық шеңбері: Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң , Жер ана!
Сәлеметсіңдер ме, достарым !
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Балалар жылылық шеңберіне жиналып, бір-бірімен, қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз оқу іс әрекетімізде үй жануарларымен танысатын боламыз. Алдымыздағы бейнетаспадан нелерді көріп отырсыңдар?
Балалар : Түйе, жылқы, сиыр,қой , ешкі.
Тәрбиеші: Балалар, үй жануарларын тамашалау үшін жайлауға барғыларың келе ме?
Олай болса, барлығымыз бірге ат шанаға отырып барайық.
Тәрбиеші: Балалар жолда көптеген тастар жатыр екен, олардан өтуіміз үшін біздерге арналған бірнеше тапсырмаларды орындау керек.
Тәрбиеші: Балалар, алғашқы тапсырмамызға да келдік.
І тапсырма
Үй жануарларының адам өміріне пайдасы мен маңызы.
Үй жануарларының өнімдерін ата.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар, үй жануарларының адам өмірінде маңызы зор, еті мен сүті ас, жүні мен терісінен көптеген киімдер тігеді, тоқиды, сондықтан да оларды адамдар күтіп- баптайды.
ІІ тапсырмаға келдік. Мұнда сендерге жұмбақтар берілген ендеше жұмбақтың шешімін табайық.
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
Ол не? (Қой)
Жоғарыға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы
Секеңдеуді қоймайды.
(Ешкі)
Төрт бұлағы –сүт, өзі күшті , мүйізі мықты
Шайнаңдағаны сағыз.
(Сиыр) Тәрбиеші: 2.Балалар, сендер үй жануарлары жайында тақпақтар, мақал – мәтелдер білесіңдер ме ?
- Кәне, кім айтады?
Нұрасыл Жігер
Мә-мә деген әні бар, Күмбір-күмбір әні бар,
Жібек тоны сәні бар.Желкілдеген жалы бар.
Қошақаным момақан, Желдей жүйрік құлыншақ,
Сүйкімді бір жануар. Желмен шапқан жануар.
НұрайымӘлімбек
Әукім-әукім, әукешім! Мөө-мөө деген әні бар,
Қасиыншы әукесін. Үй маңынан табылар.
Енең әне келеді. Мөңіреген бұзауым,
Ақ мамасын береді. Маған үйір жануар.
АрхатАйзере
Ме- ме деген әні бар, Боо-боо деген жануар,
Байқамасаң жамырар. Енесін тез сағынар.
Селтеңдеген лағым, Жібек жүнді ботақан,
Бір тынымсыз жануар. Мөлдір көзді жануар.

БөкейханАрмат
Мінезі жайлы сиырмын, Мал өсірсең түйе өсір,
Байлығымын бір үйдің. Пайдасы оның көл–көсір
Етім дәмді, сүтім бал.Артур
Сырымды менің ұғып ал. Түйе көп болса, жүк сыймайды
Мақал -мәтелдер
Мансур
Жылқы құлыннан құралады,
Теңге тиыннан құралады.
Жылқы- малдың патшасы,түйе- малдың қасқасы.
Тәрбиеші: Балалар, жолдан шаршап келе жатқан шығарсыңдар, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қой дың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Тәрбиеші:Балалар, бізге келесі тапсырмада мынадай ойын берілген екен.
«Дәмін тауып көрші?»
Үстел үстіндегі үй жануарларынан алынатын өнімдердің дәмін татып ажыратады.
(Айран, сүт, май, қаймақ, сүзбе, құрт, ет, қазы-қарта.т.б
Дидактикалық ойын: «Енесін тап»
Үй жануарын өз орнына орналастыру.
Тәрбиеші: Балалар, тыңдаңдаршы жануарлар дыбыстайтын сияқты.
Үнтаспадан үй жануарларының дыбысын ажырату.
Көрініс: «Жеті лақ»
Ән: «Ақ лақ»
Тәрбиеші: Балалар, міне, біздер жайлауға да келіп қалдық. Сендер нелерді көріп тұрсыңдар?
Тәрбиеші: Балалар, енді сөздік жұмысымызды қайталайық. (Сөздік жұмысты айтып қайталау.)
Тәрбиеші:Балалар, осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Сау болыңдар!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Балалар үй жануарларын, олардың төлдерін, олардан алынатын өнімдерді біледі.
Қандай түсініктерді меңгерді: Үй жануарарына қамқорлықпен қарау керектігін меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Үй жануарларының адам өмірінде маңызды екендігін меңгерді.


Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы
білім беретін мектеп-балабақшасының
тәрбиешісі
Мустахова Лайла Қанатқалиқызының
«Үй жануарлары» атты
оқу іс-ірекетіне
Пікір
Мектеп-балабақшасындағы «Балапан» тобының тәрбиешісі Мустахова Лайла Қанатқалиқызы 2011 жылдан бастап кішкене бүлдіршіндердің тәтті тілдерін дамыта білу мақсатында жұмыстанып келеді.
Жақын арада бүлдіршіндермен «Үй жануарлары» тақырыбында оқу
іс –әрекетін өткізген болатын. Онда үй жануарлары, олардың төлдері, алынатын өнімдері жайында әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойындармен байланыстырып өткізді. Онда қолданылған көрнекіліктері тартымды болды, әрі бүлдіршіндерге қызық көрінді. Бұл оқу іс-әрекет саяхат түрінде өтті. Әрбір аялдамалар тапсырмаларға толы болды.Үй жануарларынан алынатын өнімдер жайында балалар өз білгендерінше айтып шықты. Жұмбақтар шешкенде төлдер жайында жақсы меңгергенін көрсетті. Дидактикалық ойындар ойнады, яғни балалар сабаққа қызығушылықпен қатысты. Үй жануарларынан алынатын тағамдардың дәмін татып, ажырата алатындығын көрсетті. Соңынан бүлдіршіндер «Жеті лақ» ертегісінен үзінді қойды. Мұнда да Лайла Қанатқалиқызы ешкі ролін сомдап дауыс ырғағын нақышына келтіріп, жалпы образға кіріп ойнап отырды. Бүлдіршіндер тәрбиешіге бейімделіп, олар да лақтардың дауысын келтіріп айта білді. Жалпы
Лайла Қанатқалиқызы бүлдіршіндердің тілінің тез дамуына атсалысып өткізеді. Жалпы өткізген оқу іс-әрекеттері де өз мақсатына жетіп отырды. Мустахова Лайла Қанатқалиқызының өткізген ашық сабағын жаксы дәрежеде деп бағалап, басылымға жолдаймыз.
Пікір жазған бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі: А.С.Халелова