2с?билер тобына арнал?ан саба? жоспары. Та?ырыбы:Т?н.Бір-к?п.Ше?бер.


Таным. Тақырыбы:Түн.Бір-көп.Шеңбер.
Мақсаты:Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру Міндеті:1. Уақытты бағдарлай білуге үйрету 2.Ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Шапшаңдыққа тәрбиелеу:
Үш тілділік::бір –один- one, Түн-ночь-niqhҮлестірмелі материалдар: заттық суреттер, түн бейнеленген суретТәрбиешінің әрекетіТалаптандыру, дәлелдеу
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң аттыАлтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң апай.
Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтып қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастыру ізденіс.Есікті тоқылдатқан дыбыс естіледі.Бізге біреу қонаққа келген сиақты.Есікті ашып ұлттық киімдегі қуыршақты алып келеді.
Қуыршақ амандасып,балалармен танысады.
Қуыршақ Ақмарал өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай мезгілімен танысқандарын сұрайды.
Сендер тағы қандай тәулік мезгілдерін білесіңдер? Таңертең,күндізБұл қай кезде болады?ойыны-Қай кезде адамдар ұйықтайды? Түнде-Суретте не бинеленген? Жұлдыздар-Бала не істеп жатыр? Ұйықтап жатыр-Бұл тәуліктің қай мезгілінде болады?Сергіту сәті:
Добым,добым домалақ,
Қайда кеттің домалапСүт құйып ем күшікке,
Төгіп кеттің,обал ақҚандай домалақ заттарды білесіңдер?
-Олар қандай геометриалық фигураға ұқсайды?
Күн,дөңгелекшеңбергеҚорытынды-Бүгінгі оқу іс – әрекетінде немен таныстыңдар?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтетін нәтиже : Біледі:
-түн-тәулік мезгілінің атауынИгереді:
- таңертең,күндіз,кеш-тәулік мезгілі екенінМеңгереді:
- берілген тапсырманы түсініп, өз бетінше орындайды.