«Б» дыбысы ж?не ?рпімен таныстыру»


Ересек топ «Құлыншақ»
Білім саласы: « Коммуникация»
Кіші сала: Сауат ашу
Тақырыбы: «Б» дыбысы және әрпімен таныстыру»
Мақсаты: БМ: Б дыбысымен таныстыру, сөздер ойлату және ішінен «б» дыбысының қай буында тұрғандығын тапқызу, дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.ДМ: Балалардың ой-өрісін , есте сақтау қабілеттерін дамыту.ТМ: Білімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: сөйлем-предложение.
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеп талаптану 1 Балалар біздің бүгінгі оқу қызметіне келген қонақтармен амандасайық.
Би-би-би                                       
 Кіп-кішкентай сәби
Та-та-та                                   
Отын жарар балта Ық-ық-ық                                             
Суда жүзген балық
Ақ-ақ-ақ
Қандай тәтті балмұздақ
1 Балалар оқу қызметіне келген қонақтармен амандасады.
Балалар артикульияциалық жаттығуды тәрбиешімен бірге қайталайды. 2-3 рет жаттығуды орындайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс
Тосын сый: Судың сарыны естіледі.
- Балалар. Мынау ненің дыбысы?
Бақаның бақылдаған дыбысы естіледі.
- Ал балалар, енді ненің дыбысы естілді?
- Балалар бізге бүгін алыстағы көлден бақа да қонаққа келіпті,неге келді екен сұрап көрейікші.(құлағы тосқан болады)
- Балалар бақа бізден бақаның қимылын жасауды,бақа туралы ән айтып беруді өтініп тұр.
Көңіл күйді көтеру кезеңі:

Тәрбиеші: Өте жақсы айттыңдар, балалар. Бақа өзімен бірге таспа / диск/ алып келіпті. Ішінде не барын білгілерің келе ме ? / интеракт тақта арқылы «Б» дыбсы мен осы әріптен басталатын суреттер көрсетіледі. «Б» дыбысының жазылу үлгісімен танысады/

  - Балалар осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?
- Балалар осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші,не байқадыңдар?
- Балалар б дыбысын айту кезінде еріндерінің бір – біріне тигенін айтады.
- Жаңа дыбысты бір – біріне қарап дыбыстатып айтқызу.
- Б дыбысын созып айтып көрейікші,созып айтуға келе ме?
- Жоқ,б дыбысы созып айтуға келмейді.Б дыбысын Ы дыбысының көмегімен созып айта аламыз.
Тәрбиеші:
- Олай болса б дыбысы қандай дыбыс  екен?
- Дауысты ма,әлде дауыссыз ба?
- Балалар осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші,не байқадыңдар?
- Жаңа дыбысты бір – біріне қарап дыбыстатып айтқызу.
- Б дыбысын созып айтып көрейікші,созып айтуға келе ме?
- Жоқ,б дыбысы созып айтуға келмейді.
Тәрбиеші: Олай болса б дыбысы қандай дыбыс  екен?
- Дауысты ма,әлде дауыссыз ба?
Б дыбысы сөздің ортасында, басында кездеседі.Мысалы; баба, бала, дорба, барабан.
- Олай болса бақаның тағы қандай тапсырмасы бар екенін білейік?
(құлағы тосқан болады)

Тапсырма
Киюзенер таяқшасымен Б әріпін құрастыру.
Игравизормен жұмыс.
Сөз құрамында Б әріпі кездесетін суреттерді қоршау.
3 «Б» дыбысы бар сөздерді буынға бөліп , көк түсті қорапқа Б дыбысы сөздің басында кездесетін, сары түсті қорапқа Б дыбыссы сөз ортасында кездесетін сөздерді салу.
Сергіту сәті: Жануар туралы ән тыңдап қимылдарын салу
4 «Б» дыбысын көк түсті үйге орналастырып, дауыссыз дыбыстардың көк түсті текшемен белгіленетіні жайында түсінік беру. Бақамен қоштасу Балалар қызығушылық танытады. Таңдана тыңдайды.
-Судың дыбысы.
Бұл бақаның дыбысы,- деп қуана, жарыса жауап береді.
Балалар бақаның жүрәсән салады.
- Бақа,бақа балпақ.
Басың неге жалпақ?
- Темір телпек көп киіп
Басым содан жалпақ
- Бақа,бақа балпақ,
Бұтын неге талтақ?
- Су бетінде көп жүзіп,
Бұтым содан талтақ.
-Иа. Таспаны қосып көргіміз келеді.

Б дыбысы сөздің басында тұр.
- Балалар б дыбысы дауыссыз екенін,ол көк текшемен белгіленетінін айтады.
Балалар Киюзенер таяқшасын қолдана отырып «Б»дыбысын құрастырады.
Құрамында Б дыбысы бар сөздерді көк түсті маркермен қоршайды.
3 тапсырманы қызыға орындайды

Жануарлар туралы ән тыңдап, қимылдарын салады
Балалар бақамен қоштасады.
Рефлексивті-коррекциялау Ұйымдасқан оқу қызметін
қорытындылау.
Бізге не қонаққа келді
Бүгінгі оқу қызметінде не істедік.
Б дыбысынан басталатын кандай сөздерді білесіңдер?
Ұйымдасқан оқу қызметіне атсалысқан балаларды мадақтау. -Бізге қонаққа Бақа келді.
-Б дыбысымен таныстық.
-
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Б дыбысының дауыссыз дыбыс екенін. Созып айтуға келмейтінің.
Түсінеді: Дауыссыз дыбыстардың көк түсті текшемен белгіленетінің.
Қолданады: Тапсырмаларды мұқият орындауды.