Сезім м?шелері Д?ниетану 4 сынып


Дүниетану\ Тақырыбы: Сезім мүшелері. Көз. ТеріСабақтың тақырыбы: Көз. ТеріЖалпы мақсаты: Оқушыларға сезім мүшелері туралы түсінік беру. Көздің, терінің қоршаған ортаны танып - білудегі орны, маңызымен таныстыру. Оқушының ойлау дағдыларын жетілдіру және өздігінен білім алуға мүмкіндік беру.Міндеттері: Еркіндік атмосферасын орнату. Жұппен, топпен жұмыс істеуге үйрету. Басқаның пікірімен санасуға баулу. Өз пікірін ашық айта білуге машықтандыру.Сілтеме: дүниетану оқулығы, сабақ жоспары, көрнекіліктер, презентация.Оқыту нәтижесі:Адамның сезім мүшелері жайлы түсінік қалыптасады.Өз ойын еркін айтуға үйрене түседі. Бір - бірінің пікірін тыңдауға, санасуға бейімделе түседі. Жұппен, топпен кедергілерден бірлесіп шығудың жолдарын іздестіреді.Оқушы нені білуі керек:Сезім мүшелерінің атқаратын қызметі жайлы түсінігі қалыптасады. Оқушының білімі арта түседі. Бір - бірінің пікірін тыңдап, өз ойын айтуға тырысады.Мұғалім үшін оқу нәтижелері: Оқушылардың өз бетімен түсініп, жұпта, топта еркін жұмыс істей білуі. Негзі ойды түсінуі, ұғынуы.Сабақтың жүру барысы:Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық.1. Балаларды шаттық шеңберіне жинау, бір - біріне денсаулықтарына байланысты ыстық тілектер айтқызу. (2 мин)2. Топқа бөлу. (3 мин)Міне, осындай жақсы тілектерден кейін көңіліміз көтеріліп, бір марқайып қалдық. Менің сендерге арналған мына қорапшаның ішінде сыйлығым бар. Сол қорапшадан бір сурет алуларыңды сұраймын. Оқушылар бір – бірден суреттерді таңдап алып, суреттегі сезім мүшелері бойынша топқа бөлініп, орындарына отырады. Топта топ басшылары сайланып, оларға бағалау шкаласы бар карточкалар ұсынылады.1топ - көз 2топ - теріІ. Қызығушылықты ояту Ой қозғау (5мин)«Суреттер сөйлейді» Топқа суреттегі сезім мүшелері жайлы білетіндерін айтқызу.Әр топ өздерінің қолындағы суреттегі сезім мүшелері жайлы білетіндерін ортаға салып, пікірлеседі. Топтың келісімімен бір бала ортаға шығып қорғайды.(Оқушылар ой елегінен өткізеді, пайымдайды) Формативті бағалау. Қол шапалақтау.Мағынаны тану сатысы (20мин)БілуБіз көреміз, естиміз, түрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажайып қабілеттер бізге сезім мүшелері арқылы беріледі. Олар: көз – көру мүшесі, құлақ – есту мүшесі, тіл – дәм сезу мүшесі, мұрын – иіс сезу мүшесі, тері – ыстық пен суықты сезу мүшесі. Осы бес сезім мүшесі арқылы біз өзімізді, қоршаған әлемді танып білеміз.ЖұмбақЕкі ағайынды,Екеуі де бір үйде,Бірін - бірі көрмейді.(Көз)2. Түсіну. (Презентация)Ендеше, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз:Сезім мүшелері. Көз. Тері.Миға шабуыл. Көз туралы не білеміз? Тері жөнінде не білесің?Көз – көру мүшесі, адамның негізгі көмекшісі. Ол айналадағы заттың барлығын көруге, түрін, түсін, пішінін ажырата білуге көмектеседі. Егер көзді зерттеп қарайтын болсақ, оның ортасында нұрлы қабықшасы бар екенін көреміз. Нұрлы қабықшаның ортасында қарашық орналасқан. Ол көзге жарық өтетін терезеше тәрізді. Жарық көз бұршағы арқылы өтіп, бейне көздің торлы қабықшасына түседі. Бұдан кейін көру жүйесі оны миға жеткізеді. Содан барып, біз бейнені көреміз. Көзді шаршаудан, зақымданудан сақтау керек. Тері адамның ішкі ағзасын қорғап тұратын мүше. Ол арқылы ыстық - суықты сезінеміз. Жұмсақ пен қаттыны ажырата аламыз.3. ҚолдануОқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу. (Түртіп алу әдісін қолдану)Оқушы мәтінді жеке оқып шығады. Қасындағы жолдасына оқиды.Ойын «Ыстық орындық» Орындыққа барлық сұрақтарға жауап бере алатын, өзіне - өзі сенімді деген баланы отырғызу. Орындықтың арқалығына «Көз дәрігері» деген жазу жазылған. Әр топ өздері ақылдаса отырып, көз дәрігеріне сұрақтар қояды.Көз дәрігерінің балаларға жасататын сауықтыру жаттығулары.Көзді қайта қысып, қайта аш.(5 рет )Көзді айналдыра қозғалт.(Жоғары - төмен, солға - оңға) (5рет)4. Талдау.Топпен жұмыс. «Тауып айтыңдар!» конверттен әр топ мақал - мәтел суырады.Мағынасын түсіндіреді.1. Көз – қорқақ, қол – батыр2. Көзің ауырса, қолыңды тый.Ішің ауырса, аузыңды тый.3. Көз жеткізер, көз жеткізбегенді, сөз жеткізер.4. көз - көру айнасы.Сергіту сәтіОйнап, күліп аламыз,Оқып, білім аламыз.Жұмбақты да шешеміз,Жетілсін деп санамыз.Шынықтырып дененіБатыр, алғыр боламыз.Ой толғаныс5. Жинақтау (5мин)Сабақты қорытындылау, жинақтау мақсатында оқушылардан сұрақтарға жауап алу. Әр топқа сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап алу арқылы сабақты қорытындылау.1 топ. Көздің атқаратын қызметі2 топ. Терінің атқаратын қызметі1топ Көзді қалай күту керек.2топ. Теріні қалай күту керек?1топ. Қандай түс көзге пайдалы?2 топ. Көзді шынықтыру үшін не істеу керек?Бағалау (Бағалау парағын топ басшысы өз тобымен ақылдаса отырып толтырады, жалпы ұпайын шығарып, әр оқушының бағасын айтады)3. Үйге тапсырмаМәтінді бірнеше рет оқу, мазмұнын айту.1 - топқа сурет салу, 2 - топқа көзге байланысты мақалдар жаттап келу беріледі.Кері байланыс «Сабақтан алған әсерім» Оқушылар смайликтер арқылы өз көңіл күйлерін білдіретін смайликтерді таңдап, магнитті тақтаға жапсырады. (Көңіл күйі көтеріңкі, көңілсіз смайликтер)