Т?рбие са?аты Астана — арман ?ала 4 класс


Сайыстың тақырыбы: Астана-арман қала.
Сайыстың мақсаты: Астана туралы мағлұмат беру,елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру..
Көрнекіліктер: Астана суреттері,слайдтар,буклеттер.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі біздің сайысымыздың тақырыбы: Астана-арман қала. Астана қаласы Қазақстанның жахандық брентіне айналып , дүние жүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді . Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалады.
Ән: Әнұран
1 - жүргізуші: Астана-еліміздің бас қаласы . Әр елдің баласы өз отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп , қадірлей білу керек. Біз-осы елдің болашақ патриоттарымыз. Ұлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар-біз. Ендеше Астана туралы,бүгін жырлап, әңгімелеп,мақтан етейік!
1-оқушы:Астанам –бағы биік асқарымсың,
Астанам-мәңгі жарық аспанымсың,
Астанам-періштелер мекенісің
Астанам махабаттың тұрағындай.
2-оқушы:Астана атың қандай нақ та әсем,
Аңызақтан айналыпсың баққа сен
Таң ұзаққа таңдайымда түнеткен
Жырларымды айтарымсың жатқа сен!
Ән: Аманжолова Назира «Туған жер»
2-жүргізуші: Елбасы 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін сол жылы Ақмолаға келді. Есілде көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарайды. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайтын . Өзен қалаға ерекше көрік береді,мәртебесін көтереді. Елімізде көпт еген қалалар өзеннің бойында орналасқан.
Би:Жарылғапова Ұлдай «Бабочка» биі.
Ән: Айгерім Мухаммедова «Жаса Қазақстан»
3-оқушы:Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге
Жайнаған Отанымның жүрегінде.
Астанам-бақ ошағым ,түп,қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне.
4-оқушы:Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам,
Осы күнді аңсаған,армандаған.
Сарыарқаның төсінде бой көтерді
Қазақтың Астанасы-арман қалам!
Ән: Абдулла Раушан «Анашым»
1-жүргізуші:Сананы түйіткілдерден тазартайық,
Айтпаған шындық сөзді тартар айып
Авторы сәулетшісі Астананың-
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев!
Би: Қожамбергенова динара,Қожамбергенова Эленора- «Флешмом»
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің «Астана-арман қала» тақырыбындағы сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет. Алдарыңызда:
Ән: Мизамеидинов Бекет «Астана»
«№15 орта мектебі » ММ
«Балдәурен» жазғы демалыс лагері
«Астана – арман қала»
Дайындаған: Садуақасова С.
2015ж.