Тренинг для учителей Ата-ана махаббаты


Тренинг «Ата - ана махаббаты» Сәлеметсіздер ме, ата - аналар. Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Әрдайым жүздеріңіз жарқын болсын. Бүгінгі тренингімізді бастаймыз. Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Көрнекіліктер: қағаздар, шам, сиқырлы таяқша, қарындаштар. Тренинг бағдарламасы: 1.Есімдер аллитерациясы. 2.Баяндама «Ата - ана махаббаты». 3. «Біз біргеміз» жаттығулар. 4. «Өтінемін» ойны. 5. «Сиқырлы таяқша» жаттығу. 6. «Тілек шамы». 7. Ой толғаныс. Тренинг барысы: 1.Есімдер аллитерациясы. Мақсаты: Ата - аналарды бір - бірімен таныстыру. Шарты: Әр отбасынан бір адам өз отбасы мүшелерінің есімдерін айтып, өз есімінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетті айту керек. Әр отбасының сөзінен кейін жиналған ата - аналар үш рет қол соғып, қошеметтеп қояды. 2.Баяндама «Ата ана махабаты». Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуге, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым- қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата- анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен адамшылығының белгісі. Бала ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті, ауырып не басқа бір қатерге төнгенде, мойындарына бұршағын салып «Өзімді алып, баламды аман қалдыр» деп құдайға жалбарынған. Бала тірбиесі қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Ата- аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибесінің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмысында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады. Сондықтан да ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араласу, соның нәтижесінде ата- ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдасты -рылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор. 3. «Біз біргеміз» жаттығулары. Мақсаты: отбасындағы қарым - қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата- аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету. «Қолынан танып біл» Көздері байлаулы ата -
ана балаларын танулары керек. Талдау; 1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті? 2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз? «Біз бақытты жанұямыз» Алдын ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суретін тауып алыңыз. 1.Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз? 2.Өз отбасыңызды табу қиын болды ма? 3.Суреттен отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз? «Үшеуміздің суретіміз» Суретті бір - бірімен ақылдаспай салады.Баласы суретті бастайды,әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы сол суретті жалғас тырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек. Талдау: 1.Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма? 2.Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма? 3.Бір - біріңізді қалай түсіндіңіз? 4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса, неге? Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі. 4. «Өтінемін» ойны. Мақсаты: Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір- біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады. Сиқырлы күші бар сөзді есімізге түсірейік.Кәне, айтып көрелік. Әрине ол сөз «өтінемін» ғой. Мен әртүрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар. «Өтінемін» Қол алысып, амандасыңыздар. Иықтарыңызды тигізіңіздер. Арқаларыңызбен амандасыңыздар. Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар. 5. «Сиқырлы таяқша» жаттығуы. Сиқырлы таяқшаны бір- бірімізге ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық. Әр жағымсыз қасиеттің жақсы жағы болады екен.Осыған келісесіздер ме? Соны айтып көрелік. 6. Тілек шамы. Мақсаты: Тренинг туралы ойларын ортаға салу. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болса, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.Сон- дықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. 7.Ой толғаныс. Берілген кішкене парақшаларға тілек сөздер жазу арқылы белгілі орынға жапсырамыз. Бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп рахмет, дендеріңіз сау болсын.Келесі кездескенше, аман болыңыздар.