Батырмалармен ж?мыс. Стандартты батырма. Суреті бар батырма та?ырыбында ашы? саба?


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК
Ашық САБАҚ материаЛы
Пән: «Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері»
Тақырыбы: «Батырмалармен жұмыс. Стандартты батырма.
Жалауша. Ауыстырғыш»
Топ: 3 қысқартылған ВТ

2015-2016 оқу жылы
Автор: Ихсанова А.С. - «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің» РМҚК оқытушысы
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып, талқыланды
Хаттама №_____ «____»____________201__ ж.
Циклдық комиссия төрайымы__________ Л.А.Мукушева

Ф.219
№15. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
Топ Күні
3 қысқ ВТ Пән: Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері
3 бөлім. Borland C++ Builder-де қосымша әзірлеу
Курс тақырыбы: 3.4 тақырып. Басқару компоненттері
Сабақтың тақырыбы: №15 Батырмалармен жұмыс. Стандартты батырма. Суреті бар батырма
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Дәріс
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Базалық құзыреттілік БҚ 3. Бағдарлама құруда қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану;
БҚ 4. Әр түрлі ақпарат көзімен жұмысты ұйымдастыру – іздеу, өңдеу, сақтау және іске қосу;
БҚ 7. Алға қойылған міндеттерді шешуде алгоритмдеудің ең тиімді жолдарын анықтау.
Кәсіптік құзыреттілік КҚ 1. Есепті шешу барысында мәліметтерді басқару,бағдарламаны машина тіліне аудару мен өндеуді жүргізу;
КҚ 2. Барлық кезеңде математикалық тәсілдер мен есептеуіш техниканы қолдану арқылы ғылым, техника, экономика және өндірістің әртүрлі салаларында міндеттерді шешу;
КҚ 4. Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін тұрғызу.
Сабақ мақсаттары
оқытушылық Стандартты батырма, жалауша, ауыстырғыштармен танысу, алған білімдерін практикада тереңдету, пәнге, өтілген тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру.
тәрбиелік Оқушылар өз бетімен жұмыс істей білуге, танымдық қызығушылықтарын ояту.
дамытушылық Borland C++ Builder ортасында жұмыс жасай білу, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен танымдылық қабілеттерін дамыту.
Пәнаралық байланыс
Қамтамасыз ететін Пән: Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Курс тақырыбы: 5.7 тақырып. Тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар
Қамтамасыз етілетін Пән: Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері
Курс тақырыбы: 3.5 тақырып.Пішімдер
Сабақтың жабдықталуы
Көрнекілік құралдар Тақта, презентация, видео
Таратпа материалдар Тірек конспект, тәжірибелік жұмыстар
Оқытудың техникалық құралдары ДК, интерактивті тақта, Borland C++ Builder бағдарламасы
Әдебиет: негізгі Н.С.Заурбеков «Алгоритмдеу және программалау тілдері»
Қосымша Семакин И.Г., Шестаков А.П. «Основы программирования»
Сабақ мазмұны
Эле-мент № Сабақ элементі, қарастырылатын сұрақтар,
оқытудың әдістері мен тәсілдері Қосымшалар, өзгерістер
1. Ұйымдастыру (2 мин)
Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру
Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Сабақтың мақсатымен таныстыру 2. Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)
Интерактивті тақтамен жұмыс:
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру:
Мәтіндермен жұмыс істеуге арналған компоненттерді атаңыз?
MaskEdit компоненті қандай қызмет атқарады? MaskEdit компонентінің қасиеттері?
ListBox, ComboBox компоненттерін қай кезде қолданамыз?
Memo компонентінің қасиеттерін атаңыз?
Біржолдық редакторларды атаңыз?
Көпжолдық редакторларды атаңыз?
Форманы құру кезінде қалыптасатын оқиға?
Компонент аймағында тышқанның батырмасын басу кезінде орындалады?
Пернетақта пернелерін басу кезінде орындалады. Key параметрі Char түрінде болады және басылған перненің ASCII-кодынан тұрады. Әдетте бұл оқиға пернелердің бірін басу кезінде реакция қажет болған жағдайда қолданылады?
2-тапсырма. Кестені толтырыңыз:
Оқушылар сәйкес кеңейтілімді жазулары қажет:
Файлдар түрлері Кеңейтілімдер
Жобаны сипаттау файлы .bpr
Пішіннің файлы .dfm
Бағдарламаның орындаушы файлы .exe
C ++ - тің жариялаулар класын құрайтын тақырыптық файл .h
Компилятор қорлары жарататын екілік қорлар файлы .res
Модуль файлы .cpp
3-тапсырма. Сәйкесін табу:
Визуалды және визуалды емес компоненттерді жеке орналастыру
4-тапсырма. Есеп шығару:
Үшбұрыштың ауданын, биіктігі мен табаны бойынша есептеуді орындайтын қарапайым қосымша құру. Қосымша терезесі келесі түрде болуы қажет:

а) Форма терезесі

в) Қосымша терезесі
«Есептеу» деп аталатын батырмаға екі рет шертіп, бос орындарға керекті кодтарды жазыңыз:
void __fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender)
{
biktik, taban;
float audan;
biktik=
taban=
audan=float(biktik*taban)/2;
->Text=
} 3. Жаңа сабақ (40 мин)
Пән: Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері
3 бөлім. Borland C++ Builder-де қосымша әзірлеу
Курс тақырыбы: 3.4 тақырып. Басқару компоненттері
Сабақтың тақырыбы: №15 Батырмалармен жұмыс. Стандартты батырма. Суреті бар батырма
1. Батырмалармен жұмыс. Стандартты батырма
2. Жалауша
3. Ауыстырғыш 4. Жаңа сабақты бекіту (10 мин)
Тәжірибелік жұмыс орындау.
Тәжірибелік жұмыс
C++ Builder бағдарламасында «Меню» жасау
Меню бойынша электронды тапсырыстың бағасын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Тағамдардың тізімін CheckBox компоненті көмегімен орындаңыз. Қандай-да бір тағамды белгілегенде баға автоматты түрде есептелуі керек. «Тапсырыс беру» батырмасын басқан кезде жалпы бағасы берілген хабарлама пайда болу керек.
Форманы құру үшін келесі компоненттерді қолданыңыз: Label, CheckBox, Edit, Button.
Форма келесідей түрде болуы керек (1-сурет):

1-сурет. «Меню» формасы
Бағдарламаны қорғау үшін:
1) Label, CheckBox, Edit, Button компоненттерінің негізгі қасиеттерін білу, оларды қолдана алу.
2) Бағдарламада қолданылатын компоненттердің барлығын білу. 5 Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)
Сабаққа қатысулары мен үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалаймын. 6 Үйге тапсырма беру (2 мин)
Н.С.Заурбеков «Алгоритмдеу және программалау тілдері» 325 бет Оқытушы __________ А.С.Ихсанова
Пән: Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері
3 бөлім. Borland C++ Builder-де қосымша әзірлеу
Курс тақырыбы: 3.4 тақырып. Басқару компоненттері
Сабақтың тақырыбы: №15 Батырмалармен жұмыс. Стандартты батырма. Суреті бар батырма
1. Батырмалармен жұмыс. Стандартты батырма
2. Жалауша
3. Ауыстырғыш
Әдетте басқару батырмасы ретінде Button қолданылады, егер пиктограммалы батырма болса – BitBtn. SpedButton батырмасы тез қатынас жасайтын батырма ретінде қолданылады.

1-сурет. Батырмалар мен индикаторлар мысалы
Button компоненті –оқиғаға жауапты қалыптастыратын командалық батырма болып табылады.
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын компонент атауы.
Caption – батырманың үстіне орналасатын мәтін.
Top – батырманың жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына дейінгі қашықтық.
Left - батырманың сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына дейінгі қашықтық.
Width – батырманың ені.
Height – батырманың биіктігі.
Visible – батырманың көрінуін немесе көрінбеуін басқарады.
Enabled – батырманың пайдаланылу мүмкіндігін көрсетеді, егер оның қасиетінің мәні ақиқат болса, онда батырма пайдаланылады, кері жағдайда пайдаланылмайды.
Hint – командалық батырмаға курсор келгенде тышқанның көрсеткішінің қасында нұсқау-мәтін пайда болады.
Show Hint – егер мән ақиқат болса, нұсқау көрінеді, кері жағдайда көрінбейді.
BitBtn компоненті
BitBtn пиктографиялық кнопкасы Button стандартты кнопкасының атақты түрін көрсетеді. Оның маңызды ерекшелігі – Glyph қасиеті, оның көмегімен кнопка бетінде салынатын растрлық бейнелер анықталады. Delphi құрамына осы кнопкаларда орналастыру үшін арнайы құрылған суреттер жиынтығы кіреді. Kind қасиеті кнопканың 11 стандартты түрінің бірімен анықталады. BitBtn кнопкасы Cancel, Default және ModalResult қасиеттерін өзінің Button аналық класынан алды.
SpeedButton компоненті
SpeedButton кнопкалары BitBtn-нан үш жағдаймен ерекшеленеді: біріншіден, жазбаларды шығару қарастырылған, екіншіден, олар белгілі бір жағдайларда бекітіле алады және үшіншіден олар модальды терезелерді жаба алмайды. Қалғанның барлығында олар BitBtn қасиеттері мен әдістерін қайталайды.
Кнопка бекітілу үшін кнопкалардың белгілі бір топтарына жатуы тиіс (бұл топ өзінен тұруы мүмкін – жалғыз бекітілетін кнопка нұсқасы). Ол үшін GroupIndex қасиеті пайдаланылады, ол 0 тең болмауы керек.
SpeedButton кнопкасы үшін OnDblClick оқиғасы қарастырылған, ол кнопканы екі рет шерту арқылы туындайды.
C++Builder ортасында программалауда, программа ұсынатын мүмкіндіктердің бірін немесе қатарынан бірнешеуін таңдау үшін ауыстырғыштар (переключатель, флажок) қолданылады. Программада мұндай ауыстырғыштардың қызметін Standart панелінің CheckBox, RadioButton және RadioGroup компоненттері атқарады. Ауыстырғыш екі күйде ғана бола алады: «қосылған» (ν немесе ●) және «ажыратылған» (□ немесе ○ ).
Ауыстырғыштарды мүмкіндігіне қарай екі топқа бөледі: тәуелсіз және өзара тәуелді. Тәуелсіз ауыстырғыштардың жұмысы басқа ауыстырғыштарға байланыссыз, тәуелсіз болады.
CheckBox компоненті
Программада CheckBox компонентінің көмегімен жасалатын ауыстырғыш, тәуелсіз ауыстырғыштар тобына жатады. Әдетте, қажет болған жағдайда бірнеше ауыстырғыштарды бір топқа біріктіріп пайдаланады, ол үшін контейнердің ролін атқаратын арнаулы GroupBox және Panel және т.б. компоненттер қолданылады.
Әдетте қосымшада ауыстырғыштың күйін өзгерту үшін тышқанның сол жақ батырмасына шертеді, яғни қандай болғанына қарамастан әйтеуір күйі өзгеретін болса, онда CheckBox компоненті үшін міндетті түрде OnClick оқиғасы пайда болады. Бұл оқиғаны өңдеуге арналған функция, көбінесе ауыстырғыштың күйіне байланысты белгілі бір әрекеттердің немесе операторлардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Мысалы,
void __fastcall TForm1::CheckBox1Click(TObject *Sender)
{
if (CheckBox1->Checked = = true)
Memo1->Font->Size=10;
}
RadioButton компоненті
RadioButton компоненті тәуелді ауыстырғыштар қатарына жатады, яғни, бір контейнерде орналасқан RadioButton түріндегі бірнеше ауыстырғыштардың біреуі «қосылған» күйде болса, онда қалғандарының барлығы бірдей автоматты түрде «ажыратылған» күйге көшеді.
Компонент қасиеттерін қарастырайық.
Caption қасиеті батырма жанында шығатын жазудан тұрады. Alignment қасиеті жазудың батырманың қай жағынан шығатынын анықтайды. Оның мәндері: taLeftJustify- сол жақтан, taRightJustify- оң жақтан (қалыпты жағдайда).
Checked қасиеті бұл батырманың қолданушы арқылы таңдалғанын немесе таңдалмағанын көрсетеді. Оның мәні true болса, батырма таңдалған, false болса- таңдалмаған.
RadioButton компоненті – топтағы басқа батырмалардың таңдалуына байланысты анықталатын тәуелді батырма болып табылады. Бұл батырманың негізгі қасиеттері:
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын компонент атауы.
Caption – батырманың оң жағына орналасатын мәтін.
Checked – батырманың сыртқы күйін анықтайды: егер батырма таңдалса, онда Checked «ақиқат» мәнін, кері жағдайда «жалған» мәнін қабылдайды.
Top – жалаушаның жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына дейінгі қашықтық.
Left - жалаушаның сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына дейінгі қашықтық.
Width – түсіндірме мәтін шығаратын өрістің ені.
Height – түсіндірме мәтін шығаратын өрістің биіктігі.
Font – түсіндірме мәтінді шығару үшін пайдаланылатын қаріп.
RadioGroup компоненті – пайдаланушының таңдауына тәуелді болатын батырмалар тобының жұмысын сипаттайды. Бір батырманы таңдау қалған батырмалардың жұмысын тоқтатады, яғни таңдалған батырмаға сәйкес әрекет орындалады.
Үй тапсырмасын сұрау
Интерактивті тақтамен жұмыс:
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру:
Мәтіндермен жұмыс істеуге арналған компоненттерді атаңыз?
MaskEdit компоненті қандай қызмет атқарады? MaskEdit компонентінің қасиеттері?
ListBox, ComboBox компоненттерін қай кезде қолданамыз?
Memo компонентінің қасиеттерін атаңыз?
Біржолдық редакторларды атаңыз?
Көпжолдық редакторларды атаңыз?
Форманы құру кезінде қалыптасатын оқиға?
Компонент аймағында тышқанның батырмасын басу кезінде орындалады?
Пернетақта пернелерін басу кезінде орындалады. Key параметрі Char түрінде болады және басылған перненің ASCII-кодынан тұрады. Әдетте бұл оқиға пернелердің бірін басу кезінде реакция қажет болған жағдайда қолданылады?
2-тапсырма. Кестені толтырыңыз:
Оқушылар сәйкес кеңейтілімді жазулары қажет:
Файлдар түрлері Кеңейтілімдер
Жобаны сипаттау файлы .bpr
Пішіннің файлы .dfm
Бағдарламаның орындаушы файлы .exe
C ++ - тің жариялаулар класын құрайтын тақырыптық файл .h
Компилятор қорлары жарататын екілік қорлар файлы .res
Модуль файлы .cpp
3-тапсырма. Сәйкесін табу:
Визуалды және визуалды емес компоненттерді жеке орналастыру
4-тапсырма. Есеп шығару:
Үшбұрыштың ауданын, биіктігі мен табаны бойынша есептеуді орындайтын қарапайым қосымша құру. Қосымша терезесі келесі түрде болуы қажет:

а) Форма терезесі

в) Қосымша терезесі
«Есептеу» деп аталатын батырмаға екі рет шертіп, бос орындарға керекті кодтарды жазыңыз:
void __fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender)
{
biktik, taban;
float audan;
biktik=
taban=
audan=float(biktik*taban)/2;
->Text=
}