?рмекшіт?різдестілер класына жататын ж?ндіктерді? негізгі ерекшеліктері та?ырыбына биология п?нінен 7 сынып?а арнал?а саба? жоспары.


Lesson Study әдісі бойынша жоспарланған сабақ.
Зерттеу топ мүшелері: «Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен»КММ мұғалімдері Рахмашова Ш.А, Қасымжанова А.С, Берикболова Л.Т
Сыныбы : 7
Сабақ тақырыбы: Өрмекшітәріздестілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
Сабақ мақсаты: Өрмекшітәрізділер класына жалпы сипаттама бере отырып, өрмекшітәрізділерге жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері, сыртқы құрылысы мен тіршілік ортасы, тіршілік ету дағдысы және мінез – құлығы туралы түсінік алады.
Сабақ міндеттері:
оқушылар өз бетінше ойланады;
проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дамиды;
мәтінге талдау жасауды үйренеді;
белсенді тыңдайды, сұрақ қоюға дағдыланады.
Сабақ түрі: жаңа білім меңгеру және алғашқы ұғымды бекіту.
Әдіс - тәсілдері: ой шақыру стратегиясы, кластер құрастыру, топтық жұмыс
Сабақ барысы
№ Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже Модуль/стратегия ресурстар
1 Ұйымдастыру 2мин 1.Оқушылармен амандасу.
2.Психологиялық ақуал.
«Өрмек» құру. Мұғаліммен амандасу.
Бір-біріне жылы тілек айтады. Көніл-күйін арттыру 2 Актуализация
Білімді белсендіру 5мин -Біздің сабақпен өрмекті қалай байланыстыруға болады?
-Сабақтың тақырыбы қанадай?
-Бұл клас өкілдері туралы бүгін сабақта не білеміз?
Сабақ тақырыбы бойынша негізгі төрт саланы аламыз.
- Өрмекшіні әдемі деп айтуға келе ме? Неліктен? Өрмекшіні көргенде сіздерде қандай ассоциациялар қалыптасады? -Неліктен адамдарда өрмекшілер жайында мұндай түсініктер қалыптасқан?
Арахна жайлы аныз.
(Қосымша №1)
-Өрмекшетәріздестер класы туралы білім қаншалықты маңызды?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Өрмекшітәріздестер класы»
Сабақтын мақсатын анықтайды.
Оқушыларды төрт топқа бөлу.
-Қорқынышты, сүйкімсіз, улы жәнет.б
Оқушылар ұқыпты тындайды.
Өмірде бұгінгі сабақта алған білімнің қажеттілегін айтады Оқушылар сабақ тақырыбын және мақсатын өздері ашады.
Тақырыптын маңыздылығын түсінеді. Сын тұрғысынан ойлау
«Миға шабу»
«Идеялар қоржыны»
Презентация «Өрмекшітәріздестер»
3 Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 20мин Оқушылардың топпен жұмысын ұйымдастырады. Әр топтын тапсырмаларын таратады.
(Қосымша №2)
Бағалауды ұйымдастырады. Бірігіп алгоритм бойынша жұмыс жасайды.
Кластер құрастырады.
Спикерлер өз тобының жұмысың қорғайды.
Түсті стикер арқылы топ жұмыстарын бағалайды.
Критерийлер
бойынша оқушы
өзін-өзі бағалайды.
Біреге отырып тақырыпты меңгереді. Өрмекшітәріздестер класына жататын жәндіктердің сыртқы, ішкі құрылысы, көбею, тор құру туралы білімді меңгереді. Диалогтік оқыту
Оқуды бағалау және оқытуды бағалау Оқулық
Интернет ақпараты.
http://bilimsite.kz/
4
5
6
7 Білім бекіту кезеңі
Қорытындылау.
Үй жұмысы
Рефлексия
5мин
5мин
5мин
2мин
1мин 1.«Келісесін бе?» атты өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
Қосымша №3
2. Ашық тапсырмаларды әр топқа ұсынады.
(Қосымша №4)
Бағалауды ұйымдастырады.
Шаянтәріздестер класы мен Өрмекшітәріздестер класын өз-ара сыстырып Венн диаграммасын толтыруды ұйымдастырады.
Ұй тапсырмасын түсіндіреді.
Кестені ұсынады.
Қосымша №5 Өз бетімен тапсырманы орындайды.
Бір-бірінің жұмысын тексереді.
Оқушылар топпен талдап, ұсынған ойды талқылап дұрыс жауабын анықтайды.
Спикер жауабын береді.
Критерийлер
бойынша оқушы
өзін-өзі бағалайды.
Топта оқушылар өз-ара ой бөлсіп, Венн диаграммасын толтырады.
46 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру. Фантастикалық әңгіме құрастыру.
Әсерін көрсетеді. Түсінбеген сұрақтарды анықтау.
Бағалау қабілеттері артттырады.
Салыстыру, анализ жасау қабілеттері дамыды.
Меңгерген білімді қоланып, өткен тақырыппен баланытырады. Сыны тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды. Оқуды бағалау және оқытуды бағалау
Сын тұрғысынан ойлау
Оқуды бағалау және оқытуды бағалау
Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысынан ойлау
Есептер жинағы М.А. Исмаханова
Қосымша №1
Арахна жайындағы аңызЕжелгі грек аңыздарының бірі не дейтінін тыңдаңыздар.Баяғы өткен заманда Лидияда Идмана бояушының Арахна атты қызы өмір сүріпті. Оның әдемі өрнек салып мата және кілем тоқу өнеріне ешкім де тең келмепті, сонысымен әлемге әйгілі болыпты. Шеберлігіне масаттанған Арахна өзін құдайға теңеп, күнге балапты.Әй, Паллада, …Мен болжаймын және болжамым таяу арада орындалады,Мен әлемде болмаған кілем тоқимын,О, Афина сенің шеберлігің менің шеберлігімнің жанында түкке тұрмас,Менің өнеріме тең келетін жерде де, көкте де ешкім жоқ,Бұл өмірде тек бірақ шебер бар ол – Арахна!Айтқанындай Арахна Афинаның кілеміне парапар келетін кілем тоқып шығыпты. Бірақ оның құдайларды сайысқа шақырған такаппарлығы, өркөкіректігі үшін, Афина оның шеберлігін мойындамай, Арахнаны жазалайды.Қарғыс атсын сені, ғұмыр бойы өрмек тоқып өт,Адамдар өмір бойы соңыңа түсіп қуатын, ұсқынсыз Арахна бол.Бәрі сенен қорқып, сені мыжып өлтіріп, өрмегіңді үзетін болады.Ал өзіңнің мақтан тұтатын шеберлігің өзіңмен мәңгілік қалсын:Өмірің бұрышта отырып өрмек тоқумен өтеді.Міне осындай аңыз. Арахна есімінен өрмекшілердің латынша атауы арахнида шыққан.Өрмекшілер жайындағы ғылым арахнология деп аталады.
Қосымша №2 Топ жұмысының алгоритмі
1 топ : шаршылы өрмекші мысалында өрмекшілердің сыртқы құрылысына байланысты жұмыс жасайды.(мозаика)
Жұмыс алгоритмі
1. Үлестірген материалды және оқулықты оқып танысу.
2.Берілген мазайканы құрастырып бөліктерін атап жазу.
3.Өз жұмысынды басқа топтарға таныстыру.2 топ: өрмекшінің өрмек тоқуымен танысады.
Жұмыс алгоритмі
1. Үлестірген материалды және оқулықты оқып танысу.
2.Өрмекшінің өрмек тоқумен, шабуыл жасау алгоритмін құрастыру.
3. Өз жұмысынды басқа топтарға таныстыру.
3 топ: өрмекшілердің ішкі құрылысымен танысады.
Жұмыс алгоритмі
1. Үлестірген материалды және оқулықты оқып танысу.
2. Өрмекшінің ішкі құрлысын ала отырып кластер құрастыру.
3. Өз жұмысынды басқа топтарға таныстыру.
4 топ: өрмекшілердің көбеюімен танысады.
Жұмыс алгоритмі
1. Үлестірген материалды және оқулықты оқып танысу.
2. «Өрмекшінің көбеюі» тақырыбына презентация әзірлеу.
3. Өз жұмысынды басқа топтарға таныстыру.
Қосымша №3
Өзіндік жұмыс «Келісесін бе?»
Тапсырмалар (+) ; (-) танбасымен белгілейміз
1) өрмекшілердің денесі баскөкірек және бунақталмаған құрсақтан тұрады 2) өрмекшілер суда еріген оттегімен тыныс алады 3) қантарату жүйесі – ашық 4) өрмек өрмекшіге қорғаныш құралы, ұрпағын шағаратын және қорғайтын құрал қызметін атқара алады. 5) өрмекшілерде екі жұп мұртшалары болады 6) өрмекшілердің терісі үш қабатты 7) өрмекшілердің екінші жұп аяғы күйісаяқ 8) өрмекшілерде 4 жұп жүретін аяқтары бар 9) зәр шығару мүшесі – бездер арқылы 10) барлық өрмекшілер аудағы оттегімен тыныс алады 11) өрмекшілердің тыныс алу мүшелері – трахеялар мен өкпе Қосымша №4
1.1883 жылы 27 тамызда таң алдында 4 алапат жарылыс Жер планетасын дүр сілкіндірді. Ява мен Суматра арасындағы кішкене арал Кракатау аспанға ұшты, төрт жарым мың куб топырақ пен лава ауаға лақтырылды. Артынша теңізге қайта шөкті. Үштен екі бөлігін толқын шайды. Жалмауыз толқындар Ява мен Суматра аралдарындағы 163 ауылды, 36380 тұрғынымен қоса теңізге шайып кетті. Жантүршігерлік апат болды. Бұл апаттан соң Кракатау аралында тіршілік иесі қалмады. Бірақ небары жарты жылдан кейін - ақ Кракатаудан биолог Котто ең алғаш тірі ағза тапты...
Сұрақ: Плутонның жағып жіберген жерінде ең алғаш болып қоныстануға кім батылдық танытты?
Қарапайым өрмекші. Аралға қалай жетті?
2. Өрмекшілер өте қомағай жәндіктер: бір өзінің салмағына тең қорек жейді. Олардың негізгі қорегі шыбын. Орманда әрбір гектарда 5000 - ға жуық өрмекші өмір сүреді. Егер әр өрмекші күніне екі шыбынан қорек етсе, онда күніне қанша шыбын жойылады? Қане, есептеп көрейік.
3. Күнде әлемде жаңа дәрілер ашылады. Олардың барлығы міндетті тұрде тексеруден өту қажет. Көбінесе дәрілердің сапасын тексеру мақсатында жануарлардға тәжірибе жасалынады. Бырақ ол өте қымбат және әрі ұзақ әдіс, себебі жануарлармен эксперемент өткізу үшін дәрі көп мөлшерде жұмсалады. Егер жаңа дәрі аз мөлшерде алынса олардың әсерін қалай тексеруге болады?

4. Аслан қорапқа 8 дана қоныздар мен өрмекшілерді жинады. Қоңыздар мен өрмекшілердің аяқтарын қосқанда -54 аяқ болды. Қорапта неше қоңыз және неше өрмекші бар?
Қосымша №5 Рефлексия
Аты-жөні:_______________________________________ сынып: 7 «А»
1 Сабақ барысында мен... белсенді пассивті
2 Сабақ барысындағы жұмысыма... қанағаттанамын қанағаттанбаймын
3 Сабақ мен үшін... Тез өтті Ұзаққа созылды
4 Сабақ кезінде мен... Шаршамадым Шаршадым
5 Менің көңіл-күйім... көтерілді Бұзылды
6 Сабақтың тапсырмалары маған... Түсінікті Түсініксіз
Пайдалы Пайдасыз
қызықты қызықсыз
7 Топта мен өзімді көрсете алдым белсенді пассивті
8 Үй тапсырмасы маған... Жеңіл Қиын
қызықты қызықсыз
Қосымша №6
Оқушыны бағалау парағы
Аты-жөні:_______________________________________ сынып: 7 «А»
№ 1 топпен жұмыс барысында
Критерийлер Ұпай саны
1. Мәтінмен жұмыс жасадым 2. Сызбанұсқаны талдадым 3. Кітаппен жұмыс жасадым 4. Бірігіп жұмыс жасадым 5. Жобаны қорғауға қатыстым Барлығы: № 2 Өзіндік жұмыс «Келісесін бе?» балл саны _________________
№ 3 Ашық тапсырмамен жұмыс
Критерийлер Ұпай саны
1. Есепті талдауға қатыстым 2. Ой тастадым 3. Есепті шығару жолын таптым 4. Есептін шешімін дәлелдеп бере аламын Барлығы: Қортынды балл __________________ Баға _________