К?ксерек ??гімесі ?аза? тілі п?ні бойынша саба? жоспары 8 сынып


Бекітемін _________________ Күні: 16.01.2016ж
Пән мұғалімі:А.Сқақова
Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Адамдар мен көк бөрінің іс — әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе — теңдікті сақтау керектігін түсіндіру. Қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін тану.
Күтілетін нәтижесі: Әңгіме мазмұнын меңгереді, ондағы тағылар мен адамдардың іс - әрекетін түсінеді. Көксеректің түз тағысы екендігін дәлелдейді. Топтық жұмыс кезінде, өзара сұрақ қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді. Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, бейне үзіктер, постер, маркер, кеспе қағаздары,слайдтар,т.б.
Оқыту әдістері: Топқа бөлу, топтастыру, «Мәселеңмен саудалас» стратегиясы, «Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі, сергіту сәті, постер қорғау.
Сабақ барысында мұғалім мен оқушы арасындағы іс-әрекеті:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылармен жылы амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару. Түрлі түсті стикерлер арқылы топтарға бөлу. Мұғаліммен амандасады, назарларын сабаққа аударады, стикерлерді таңдап, топқа бөлініп отырады.
ІІ.Қызығушылықты ояту
М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін оқып келу.
«Мәселемен саудалас» стратегиясы
Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар қою:
1.Шығарманың оқиғалық желісі кімдердің арасында өрбиді, кейіпкерлері кімдер?
2.Адам тұтқыны болған Көксеректің басқа ауыл
иттерінен айырмашылығы неде, ол неден байқалады?
3.Көксеректің айлакерлігінің, ашқарақтығының
себебі не деп ойлайсыңдар?
4.Ауылдан кетіп, өз үйіріне қосылғаннан кейінгі оның адамнан қорықпайтын батылдығының себебі неде?
5.Қараадыр ауылдарына өштігі қалай басталды?
6.Топ қасқырдың бастаушысы болуына Көксеректің қандай қасиеттері себеп?
7.Көзін ашпаған кішкентай кезінен жақсы көріп асыраған, талаған иттерден,өштескен үлкендердердің қолынан аман алып қалған Құрмашты Көксерек таныды ма, әлде аштық жеңді ма?
8.Шығармада Көксеректің ауыл сыртында қой бағып жүрген Құрмашқа жасаған шабуылы қалай суреттелген? Берілген сұрақтар бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Оқушыларға бағалау парақтары ұсынылады.
ІІІ.Жаңа тақырып
«Көксерек» фильмінен үзінді көрсету.
Осы фильм мен шығарма арасында қандай байланыс бар?
Топтық тапсырмалар:
І топ:Шығарманы композициясына талдау жаса
ІІ топ: Бес жолды өлең құрастыру
ІІІ топ: Тілдік талдау жасау.Шығармадан тұрақты тіркестер мен қос сөздер, жалқы есімдер, еліктеу сөздерді тап.
ІҮтоп:Шығармадан Көксеректі іс - әрекеттері арқылы бейнелеп бер.
Жұптық тапсырма.
Семантикалық жұмыс.
Кейіпкерге хат жазу.Үздік жазылған хатты топта бағалап көпшілік назарына ұсыну. Фильм бойынша оз ойларын айтады.
Оқушылар постер қорғайды.
Топтар бір - бірлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
ІҮ.Қорытындылау
Дыбыстар сөйлейді.
Көксерек сөзіндегі дыбыстарға сөздер құрау арқылы Көксерекке сипаттама беру Оқушылар топпен орындайды.
Ү. Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерім Стикерлерге өз ойларын жазады.
ҮІ.Үйге тапсырма беру «Көксерек - табиғаттың тағы перзенті» тақырыбында шығарма жазу Семантикалық карта
Айтылған сөздер
Кейіпкелер Ауыл адамдары Жұмаш Әжесі Бисембай жылқышы
-Кәпір,қырыс,тағы емес пе!? Кеудесін бермейді,жасымайды!
Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір- ақ бұрап соғады.Арашаламасаң,әлдеқашан өлтіріп тастар еді, -дей беретін - Түу, мына кәпірдің екі көзі жап - жасыл боп кетіпті – ау, тұқымын скзген екен жүзіқара;қой, балам,енді мұны өлтіріп,терісін алайық,- деп еді. -Іздегендеріңнің өзі - сол. Ел мен қосқа кезек тиеді.Бір кәпір сырқынды.Бәрін істеп жүрген сол.Енді, әттең дүние, соны бір ғана қолға берсе - ау. -Қураған - ай, неңді алып ем?! Не жазып ем?...Бауырына салып өсіргеннен басқа не ғып еді менің құлыным? Бағалау парағы (0,1,2,3)
№ Топ мүшесі Сұрақ жауап Топтық тапсырма Жұптық тапсырма Хат
жазу Дыбыстар сөйлейді Қорытынды
1 2 3 4 5
6