Франктер империясыны? ??рылуы ж?не ыдырауы


Ахметжанов Сираж Ахметжанович
Сыныптар: 7
Тақырыбы: Франктер империясының құрылуы және ыдырауы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – жалпы тарихи білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.
Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы тарих туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (4 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (35 мин)
V кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп, сосын орындаған тапсырмаларды тексереді. Қателіктерін айтады. Мұғалімге өз дәптерлерін тексеруге береді.
ІІІ «Майордам» латынша «үйдің үлкені», «басшы» дегенді білдіреді. Майордам Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билігін жүргізді. Алғашында жер жауынгерлердің меншігіне мәңгілік емес, тек әскерде қызмет атқарып жүрген кезінде ғана берілетін. Кейін ол жер үлестері әкеден балаға мұра ретінде берілетін болды. Сөйтіп оның балалары да әскери қызметті жалғастыруға міндеттенді. 741 жылы Карл Мартелл өлген соң оның баласы Қортық пипиннің қолына тиді. Ол Меровигтерді құлатып, король атағын алуды аңсады. Қортық Пипин франктер мемлекетіндегі жаңа әулеттің негізін қалады. Ол әулеттің ең атақты королі Ұлы Карл болды. Ол 768-814 жылдары билік құрды. Карл ұзын бойлы, алып денелі, батыл адам болған. Ұлы Карл билік құрған жылдарының бәрі соғыспен өтті. 53 әскери жорықтың 27-ін Карлдің өзі басқарды. 778 жылы Карлдың Испанияға жасаған жорығы сәтсіздікке ұшырады.. Қарудың күшімен және Ұлы Карлдың беделімен ғана құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүре алмады. Ұлы Карл өлгенен кейін оның империясы ыдырай бастады.843 жылы Карлдың балалары мен немересі Верден қаласында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Сөйтіп Ұлы Карлдың империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнында Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді. Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.
Сұрақтарға жауап беріп, кестелерді пайдаланып, сұрақтарға жауап береді.

ІV Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды.
Сосын балаларға келесі тапсырманы береді:
Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді. Тапсырманы орындайды.
V Үй жұмысы:
1. Франктер мемлекеті бойынша қысқаша мәлімет жинақтау. Оқушылар үй жұмысын жазып алады.
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады. Қоштасады.