Презентация ЖАР?ЫН БОЛАША??А ЖОЛ АШ?АН – Т?УЕЛСІЗДІК!


Сарбас Бекет «Құрылыс техникалық колледжі» МКҚК Тақырыбы: ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШҚАН – ТӘУЕЛСІЗДІК! Бұл халқымыздың ерік – жігерімен, бірлігімен келген күн. Өз тәуелсіздігін алған осы уақыт аралығында елім қиял – ғажайып ертегідей тез, әрі адам таңқаларлықтай өзгерді. Қазіргі таңда мемлекетімізді әлем танып, бүкіл дүние жүзі мықты демократиялы және экономикасы нық орныққан мемлекет деп мойындауда. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің тарихында талай қилы қырғындарды, ашаршылықты, зорлық – зомбылықты бастан өткерді. Осындай талай жылғы ашу – ыза Алматы қаласындағы оқиғаға әкелді. 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастарының қарсылығын әр түрлі айыппен көрсетті. Сол сәтте қазақ елінің еркіндігі мен бостандығы үшін қарсы шыққан, халқының тәуелсіздігін көре алмай кеткен қыршын жастар Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджанова сынды жастар еді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының ұлттық санасы қаншалықты өскенін көрсетіп берді. Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасиеті мен ар – намысына айналған желтоқсан оқиғасы қазақ елін әлемге танытты. Желтоқсан оқиғасы халқымыз үшін қайғылы күндер болып саналғанымен, тарихымыздың шежіресінде алтын әріппен жазылады. Желтоқсан оқиғасы халқымыз үшін қайғылы күндер болып саналғанымен, тарихымыздың шежіресінде алтын әріппен жазылады. Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасиеті мен ар – намысына айналған желтоқсан оқиғасы қазақ елін әлемге танытты. Мемлекетіміздің Тәуелсіздігі жариялануы Республика өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Қазақ елі 20 жылда дүниежүзіне бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудің өнегесін көрсеттіҚазақ жерінде тоғысқан алуан ұлт пен ұлыстың береке бірлігі мен өсіп – өркендеуміздің алтын қазығы ретінде алып, болашаққа қарай нық қадам жасады. Қазақстан ХХІ – ғасырдағы дамудың жаңа моделін қалыптастырады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – көшелерге желтоқсан қаһармандарының есімнің берілуі. Астана қаласында да «Желтоқсан», «Тәуелсіздік» атаулары берілген бар. Ал оған қатысқан біраз жастар ақталып,халық батырына айналды. Ер есімдерін есте қалдыру мақсатында ауыл, аудан, облыстарда көшеге есімдер беріліп, игі шаралар атқарылуда. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Желтоқсан оқиғасының алатын орны мен маңызы зор. Осындай игі шаралар жастардың елі үшін қалаулы қызмет атқаруын қадағалайды, сеніммен қарайды. Біз, Қазақстан жастары келешекте мемлекетіміздің атын парасаттылықпен, мәдениетімізбен шығаруымыз қажет. Еліміздің көркейіп, үлкен белестерден көріне алуы, қиын кезеңдерден сүрінбей өтуі, елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында деп білемін. Оған дәлел бүгінде 120 дан астам ұлт өкілдерінің татулығы, «Мәдени мұра» бағдарламасымен мәдениетіміздің шыңдалуы, білім саласының өркендеп дамуы деуге болады. Біз, келешек жастар, мемлекетіміздің іргетасын бірге қалауды жүзеге асырумыз керек. Болашақ жастар біз үшін бар мүмкіндік жағдайлар қарастырылған, әрі аянбай еңбек ету, білімді де білікті мамандық иелері болу жағдайын қарастырды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы халқына Жолдауында болашаққа бағыт бағдар жолдарын айқындап береді. 2011 жылғы «Болашақтың іргетасын бірге қалайық!» атты жолдауында Елбасы білім гранттарының көбеюіне, еліңде таза ана тілінде сөйлеудің, үш тілді үйренуге жетік меңгеруге бағыт беріп отыр.2011 жылдан бастап, әлемдегі ірі дамыған мемлекеттер секілді білім беру ұйымдарын қазіргі заманға сай электронды оқуға бағыттауы да жастарға жасалған мол мүмкіншіліктер. Еліміздегі білім беру мекемелерінде ғылыми зерттеу бөлімдерін көптеп салуға зор мән берілуде. Бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. Астана – еліміздің мақтанышы. Бүгінде Астана түрлі халықаралық форумдар мен кездесулердің орталығына айналды. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз ел бола алатынын бүкіл әлемге танытты және дәлелдеді. 2010 жылы Астанада әлемнің 56 елінің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит және 57 мұсылман елінің басын қосқан Ислам ынтымақтастық ұйымы – соның айшықты айғағы. Сондай – ақ әлем деңгейіндегі ҮІІ қысқы Азия ойындарының елімізде өткені мақтаныш, әрі абырой. Экспоны 2017 Дүниежүзі мемлекеттерінің ең озық, ең бәсекеге қабілетті, ең инновациялық жетістіктерінің көрмесі саналатын Экспоны 2017 жылы Астанада өткізу туралы шешімі әлемнің 103 елінің жақтап дауыс беруі Қазақстанның саяси, әлеуметтік және экономикалық саладағы ерен табыстарын ерекше мойындау деп қабылдауымыз қажет. Осындай іс – шаралар әлем арнасында өз мәртебемізді асқақтата түсті деп айта аламын. Бүгінде бір ғана Отан бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Ендігі кезекте біздің мақсатымыз – келешек ұрпаққа осы тәуелсіздігімізді аманаттауға тиіспіз.«Тәуелсіздік біздің рухымызды көтеріп, келешекке деген сенімімізді нығайтты». Ендігі кезекте ата – бабаларымыз салған сара жолдың тарихи тағлымын жалғастыру – болашақ ұрпақ біздің еншімізде деп толық сеніммен айтамын!