Адамгершілік ?ліппесі психологиялы? саба?


№1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы

/психологиялық сабақ/

Педагог-психолог: Ілияс Ә.Н.
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік әліппесі
Сабақтың түрі: Психологиялық танымдық, өнеге сағаты
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға адамгершілік туралы түсінік бере отырып, тәрбиелілік, тәртіптілікке дағдыландыру, адами көзқарасқа үйрету, адамгершілік дүниетанымдарын жетілдіру. 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, гүлдер, слайдтар, видиоролик, нақыл сөздер. Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. 
Сәлеметсің бе, Күн! /қолды жоғары көтереді./ Сәлеметсің бе, достым! /Достарын құшақтайды/ Сәлеметсің бе, әлем! /қолды жоғары көтеріп төбеге шеңбер сызамыз./ Сәлеметсің бе, ғасыр! /қолды жоғары көтеріп,әрі-бері былғаймыз./ Сәлеметсіңдер ме, мейірімді жан ұстаздар! / Иіледі./ ІІ.Негізгі бөлім. Тақырыпты ашу. Қымбатты балалар, бар назарымызды тақтаға аударайықта, адамгершілік сөзіне ой жүгіртейік. - Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер? - Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады? Алдымыздағы параққа өз ойымызбен адамгершілік ұғымына жататын қасиеттерді толықтырайық. Адамгершілік - әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. (Сенімділік, Мейірімділік, Татулық, Сыйластық, Кішіпейілділік, Шыншылдық, Аяушылық)Мейірімді,қайырымды адам қай кезде де жақсылық жасауға дайын тұрады. Ондай қасиет адамның жан сұлулуығын, рухани байлығын, парасаттылығын көрсетеді.Адамның адамгершілігі-оның жоғарғы қасиеті. Өздерің айтып отырған ізгі қаиеттер адам бойында болу керек. Жақсы болу өзіңнен,жаман болу өзіңнен. Өзіңді өзің ая да,өзің үйрен өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, мен қандаймын деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, мен қандаймын деп ойла. 
Видиоролик. Адами қарым-қатынасқа үйренейік. (ой талқылау)
Нақыл сөздер оқып, мәнін ашып түсіндіру.
«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».
Абай.
«Адамгершiлiк — бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы».
В.Соловьев.
«Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi»
 
К. Д. Ушинский.
«Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi»
М.Жұмабаев.
 
Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.
Ш.Құдайбердіұлы.
Видиоролик. «Менің атым - Қожа» фильмінен үзінділер көрсетілді. Қожаның үлкендердің ақылына құлақ асып, әдептілікке өзін тәрбиелейтіндігі, әкесіне ұқсағысы келетіндігі, айнаның алдында өзін тәртіпке шақырғандығы.
Қорытынды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, «мен» деген сөзге арналған (Мен үшін не қажетпін? Не істей аламын? Кіммін? Қандаймын? )
сұрақтарына жауап бере отырып қорытындылады.
Рефлексия. Күн шуағы. Алған әсерлерін стикерге жазып, күн мен гүл бейнесіне жапсырды.