Та?дау п?ні. Ауылым — алтын бесігім (3сыныт)


Сабақтың тақырыбы «Ауылым – алтын бесігім».
Сілтеме Құрманғазы ауданының қысқаша энциклопедиясы. Құрманғазы ауданының картасы.
Жалпы мақсаты Нұржау ауылының тарихи алған біліктерін өз шығармасын құрау кезінде тиімді пайдалана отырып, көркем, бейнелі тілмен стильдік жағынан дұрыс құрастырылған мәтін жазуды үйрету.
Міндеттері Оқушылардың ой-өрісін, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын, танымдық, ізденіс,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Туған ауылына деген ыстық сезімге еңбек адамдарын, мамандық иелерін құрметтеуге, дәріптеуге, өздеріне өнеге тұтуға, елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі Нұржау ауылының тарихи алған біліктерін өз шығармаларын құрау кезінде тиімді пайдалана отырып, көркем, бейнелі тілмен мәтін жазды.
Сабақ барысы
Уақыты Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушы іс - әрекеті
2мин Ұйымдастыру. Сәлемдесу Психологиялық дайындық“Шаттық шеңбері.”
(Оқушылар қол ұстасып шеңберге тұрып, “Атамекен” әнін орындайды) Мұғаліммен сәлемдесу
10мин “Білгенге маржан, Білмеске арзан.” (Жұптық жұмыс қорғалады.)І жұп. “Менің атам” (Н.Наурызбаев туралы)
Кенжетайқызы Шұғыла, Нұрланова Балауса.
ІІ жұп. “Өнегелі өмір”(Б.Құспанов туралы)
Есен Рауан, Ғалым Дамир.
ІІІ жұп. “Елі сүйген – Емші апа”(Д.Серікбаева туралы)
Нұрхатова Динара, Райымбекова Айым.
ІV жұп. “Еңбегімен ел атанды”(Т.Мұхитов туралы)
Дүйсемалиева Ақерке, Асылбек Ақтілек. Сөз жұмбақты ұжым болып шешті.
4мин ІV. Сергіту сәті “Мақал – сөздің мәйегі” /Мақалды жалғастыр/
1. Туған елдей ел болмас,
____________________ .
2. Ана сүті бой өсіреді,
____________________ .
3. Пәлен жерде пайда бар,
____________________ .
4. Өз елім - _________ . 5. Ел іші - __________ . Топпен Нұржау ауылы туралы түсінік берді.
2мин Шығармашылық жұмыс. “Ауылым – алтын бесігім” /эссе жазу/ 1. Ыстық қой, шіркін, туған жер. Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе зердесіз сүймес. Жүрегі шерсіз тілеуі бөлек, жетесіз сүймес... 2. Дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс - әркімнің өз мекені , өз жері екен. 3. Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұражайына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғап шақырады. 4. Туған ел – бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі - сенің туған жеріңді құрайды. Нұржау ауылының кітапханашысы осы ауылдың шығу тарихы, танымал тұлғалары жайлы түсінік берді.
Мәтін үш бөлімнен тұрады.
8мин «Менен сұрақ, сізден жауап»
Мәтіндегі қандай сөздер ерекше болып көрінді?
Сен өз ауылыңнан алыста жүрсің дейік. Көз алдыңа не елестер еді?
Өзіңнің туған жеріңе деген ішкі сезімің қандай?
Өз туған жерің өзіңе несімен ұнайды?
Ауылың туралы қандай мәліметтер білесің?
Кімдерді мақтаныш тұтасың?
бөлім - басы
негізгі бөлім
соңы
Туған жеріңнің табиғаты қандай? Мәтіндегі сөйлемдер бір – бірімен байланыста болады
10мин Есіңе түсір
Мәтін азат жолдан басталады. Сөйлемнің соңында тыныс белгі қойылады

Нені білу керек?
Оқушылар өз ойларын, танымал тұлғалар жайлы біліктерін ортаға салды.
Әсерлі
сөздер
Кім сүймесін өз жерін? Ыстық қой, шіркін, туған жер!
Жұпар иісті жусан Жайлы қоныс,жақсы мекен

Түсіне енеді Жалғыз аяқ жолдар Мұржасына дейін сағынасың Іске сәт! Жай музыка ойнап тұрады./Шығарма жазу/
Балалар өз шығармаларын жазды.
Поэзия минуты
“Ыстық қой шіркін, туған жер!”
(Туған жер туралы өлеңдерді мәнерлеп айту.) 5мин Рефлексия. Қорыту.
БҮҮ кестесі
Білемін Үйрендім Үйренгім келеді
Сабақтан алған әсерлерімен бөлісті
2мин Бағалау. : Тілек ағашы
Әр оқушы қолындағы жапырақтарға өз ауылына деген тілектерін жазып, іледі. Кері байланыс оқушылар өздерінің тілектерін жазды