Саба? жоспары ?азіргі ?аза?станны? ?леуеті география 9 сынып


Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Сыныбы: 9 Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның экономикалық әлеуеті
Мақсаты:Білімділік: Қазақстанның өткен, қазіргі кездегі экономикасы және болашақ әлеуеті туралы түсінік беру, шаруашылығының кезеңдеріне сипаттама жасауға бағыттау. Негізгі ұғымдарды енгізіп, оларға анықтама беру.Дамытушылық: Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, репродуктивті
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның экономикалық картасы, атлас, пернетақта, презентация
Сабақтың барысы:
Уақыты Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
5 минут Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, түгендеу, сынып ішінде психологиялық ахуал туғызу.
Жағдай оқылады. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.
Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта.
Кімнің бойы 1.65 қысқа болса, «Алақай деп айқайласын.
Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын.
Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.
Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын.
Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін.
Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін.
Бүгінгі сабаққа дайын оқушылар оң қолдарын көтерсін Оқушылар мұғаліммен амандасады. Сабаққа зейіндерін салмас бұрын, мұғалім айтқан жағдаятты орындайды.
15 минут 1.Ұяшықтың астындағыжасырын сұраққа жауап береді:
1.Қазақстан және әлем: біздің географиялық мекенжайымызға сипаттама бер.
2.Үлкен аумақтың қолайлы жақтарына сипаттама бер.
3.Қазақстанның көршілес мемлекеттері жайлы не білесің?
2.Кім жылдам,сұрақ-жауап:
1.Мемлекет формасы қандай екі құрамдас бөліктен тұрады?
2.Біздің мемлекетіміздің басқару формасы?
3.Заң шығарушы өкімет?
4.Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінуі:
5.ҚР шекарасының ұзындығы
Оқушылар өз еркімен шығып, ұяшық астындағы жасырын сұраққа толық жауап береді. Кім жылдам, сұрақтарға жауап береді.
1.басқару формасы, мемлекеттік құралым формасы
2.Президенттік республика
3.Сенат-жоғарғы палата, Мәжіліс-төменгі
4.облыс, аудан, округ
5.13394 км
20 минут Негізгі бөлім
а)Жаңа тақырып өтіледі
ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады
б)Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық-географиялық жағдайы салыстырылады
Қазақстан Өзбекстан
а)Оқушылар тақырыпты жазып алады
ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады
б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық-географиялық жағдайын салыстырады
5 минут Қорытынды бөлім
Жаңа тақырыпты қорытындылау
Рефлексия Оқушылар сабақты қорытындылап, рефлексия жасайды