Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?станны? таби?ат ресурстары ж?не экономикалы? ?леуеті (9 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат ресурстары және экономикалық әлеуетіСынып: 9
Мерзімі: 22.09.15
Сабақ мақсаты: Қазақстанның табиғи ресурстық және экономикалық әлеуетінің маңыздылығын анықтап, өзара салыстыру арқылы баға беруге үйрену.
Күтілетін нәтиже:
1) Барлық оқушы: оқулық, карталар, кестелер арқылы Қазақстанның табиғи ресурстық және экономикалық әлеуетінің маңыздылығын анықтайды
2) Көпшілігі: Пайдалы қазбалар жинақтары арқылы Қазақстанның табиғи ресурстық және экономикалық әлеуетін өзара салыстыра алады
3) Кейбір оқушылар: Пайдалы қазбалар жинақтары, атластар, қосымша материалдар арқылы Қазақстанның табиғи ресурстық және экономикалық әлеуетіне баға беруді үйренеді
Міндеттер:
- оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту;
- сабақ мақсатына жетуге мүмкіндік беру, қолайлы жағдай орнату;
-Атласпен,оқулық карталармен, сызбан, нұсқалармен, диаграммамен, графикпен жұмыс істеу тәсілдерін үйретуді жалғастыру;
- Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге, өзін әділ бағалай білуге тәрбиелеу болады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Құралдар: оқулықтар, қосымша материалдар, ҚР-ның физикалық картасы, интерактивті тақта, маркер, қима қағаздар,атлас, суреттер, пайдалы қазбалар жинақтары.
Әдіс-тәсілдер: топтық,бағалау парағы ,проблемалық сұрақтар, «Дұрыс», «Бұрыс»,дискуссия
Номенклатура: Қазақстан аумағында кездесетін негізгі табиғат ресурстарын кен орындарын білу
Сілтеме: Е.Ахметов, В.Усиков «Мектеп» 2013, қосымша мәліметтер
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың
іс-әрекеті
Ұйымдас-тыру
кезеңі 3 мин
Оқушылармен амандасу, танысу. Оқушылардың сабаққа қатысу дайындығын тексеру.
Заттардың қасиеттеріне қарай сыныпты біріктіру (топтастыру)
Нұсқаулық береді. Оқушылар амандасады. Сабаққа дайындалады.
- Әр стикерге «Қатты зат, Түсін өзгертетін зат, Тығыз зат, Тартылатын зат» жазылған заттардың қасиеттері әр топқа беріледі, кейін балалар өзара бір-бір қасиетті алып, бірдей таңдалған қасиетті алған балалар топтасады, барлығы 5-6 баладан тұратын 4 топ болып құрылады
6 минут -Сыныптың сабаққа деген зейінін шоғырландыру және тақырыпқа шығу мақсатында «Заттар» ойынын қолдану.
Ережесімен таныстыру
Сабақтың мақсатына шығу-
Қандай заттарды ұстадыңыздар?
Сіздердің ұстаған заттарыңыз қандай ресурстардан жасалынды деп ойлайсыздар? Не себепті? (табиғы, темір,мақта)
Олай болса біздің бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?
Жетістік критерилерімен таныстырады Сыныптың эмоциялық ақуалы «Заттар» ойыны арқылы қалыптасады.
Ережесі: Мұғалім төменде берілген заттарды ретімен айтып тұрады, ал оқушылар жеке-дара сол заттарды айналасынан тауып, қолымен ұстауы қажет.
Қатты зат
Түсін өзгертетін зат
Тығыз зат
Тартылатын зат
Жеңіл зат
- сабақтың мақсатын жеке-дара қояды.
-жетістік критерилерімен танысады
Негізгі бөлім.
20 минут
3 мин Күтілетін нәтижеге жету мақсатында топтарға әр түрлі тақырыпшалар беріліп, жетістік критеридері ұсыннылады, түсінік деңгейі бағаланады
1 топ- Қазақстанның әлем бойынша табиғат ресурстарының әлеуетің салыстырады ( Кластер арқылы артықшылықтарын саралау)
2 топ- КСРО кезеңіндегі Қазақстан мен Қазіргі Қазақстанның өндірістік әлеуетін салыстыру
( Венн диаграммасы арқылы анықтау, мысалдар беру)
3 топ- Қазақстанның табиғат ресурстарының түрлерін карта арқылы көрсетіп, түсіндіреді
4-топ: Қазіргі жағдайдағы мүмкіндіктерді қолданып Қазакстанның экономикалық әлеуетін жақсарту үшін болашақтың көз-қарасы ( эссе арқылы көз-қарастарын дамытады)
Осы тапсырманы орындау үшін бағалау критерийлері беріледі.
Табыс өлшемдерін беру (тақырыптың маңыздылығын анықтау, мағынасын толық жеткізу, өнімнің/тапсырманың талабына сай жасау, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы, жобаны рәсімдеуі)
5 мин уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір-біріне, топқа түсіндіреді. Диалогқа түседі.Әр топқа түскен ойларын флипчартқа түсіру. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
«Дұрыс», «Бұрыс» арқылы түсінік дәрижесін бағалау
1.Еліміздің ең басты байлығы-минералдық және жер ресурстары –Дұрыс
2.Еліміздің жер бедері шаруашылық жағдайы үшін қолайсыз –Бұрыс
3.Минералды ресурстарды арзан ашық әдіспен өндіріп, кешенді түрде пайдаланылады.-Дұрыс
4.Қазақстанда орман ресурстары 25 пайызды құрайды-Бұрыс
5.Қазақстанның экономикалық әлеуеті жоғары-Дұрыс
1 топ- Қазақстанның әлем бойынша табиғат ресурстарының әлеуетің салыстырады ( Кластер арқылы артықшылықтарын саралау)
2 топ- КСРО кезеңіндегі Қазақстан мен Қазіргі Қазақстанның өндірістік әлеуетін салыстыру ( Венн диаграммасы арқылы анықтау, мысалдар беру)
3 топ- Қазақстанның табиғат ресурстарының түрлерін карта арқылы көрсетіп, түсіндіреді
4-топ: Қазіргі жағдайдағы мүмкіндіктерді қолданып Қазакстанның экономикалық әлеуетін жақсарту үшін болашақтың көз-қарасы ( эссе арқылы көз-қарастарын дамытады)
Табыс өлшемдерін беру (тақырыптың маңыздылығын анықтау, мағынасын толық жеткізу, өнімнің/тапсырманың талабына сай жасау, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы, жобаны рәсімдеуі)
5 мин уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір-біріне, топқа түсіндіреді. Диалогқа түседі.Әр топқа түскен ойларын флипчартқа түсіру. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Оқушылар мұғалімнің айтқанымен келіссе, «дұрыс» жағын көтереді,ал егер мұғалімнің айтқанымен келіспесе, «бұрыс» жағын көрсетеді.
Рефлексия 7 мин Тақырыпты қорытындылау, Қазақстанның табиғи ресурстық және экономикалық әлеуетіне баға беру мақсатында Дискуссия ұйымдастыру
4 шағын топты 2 үлкен топқа біріктіріп, сұрақ беріліп, 1 топ- «Иә», 2 топ- «Жоқ»
ҚР-ның ресурстарын тиімді пайдаланып жатыр ма?
Табыс критерилері арқылы эксперттік топтар өзара бағалайды
Тақырыпты қорытындылау, Қазақстанның табиғи ресурстық және экономикалық әлеуетіне баға беру мақсатында Дискуссия ұйымдастыру
4 шағын топты 2 үлкен топқа біріктіріп, сұрақ беріліп, 1 топ- «Иә», 2 топ- «Жоқ»
ҚР-ның ресурстарын тиімді пайдаланып жатыр ма?
Табыс критерилері арқылы эксперттік топтар өзара бағалайды
Сабақты бағалау 6 минут Сабақ басындағы мақсат пен күтілетін нәтижеге қайтып оралу, сабақты қорытындылауға мүмкіндік беру
Жалпы жұмыс бойынша кері байланыс Оқушылар өз мақсаттарына қайтып оралып, жетістік критерилері арқылы өзін-өзі бағалайды,ауызша топтарында саралайды, қорытынды шығарады