?азіргі ?аза?станны? экономикалы? ?леуеті 9 сынып


Бекітемін 22.09.2015 Сабақ №6
Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Сыныбы:9 «а», «б»
Күні: 22.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның экономикалық әлеуеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға еліміздің әлем картасындағы орны, көршілес мемлекеттер, Қазақстанның мемлекеттік басқару формасыы мен мемлекеттік құрылымы туралы түсіндіру.
Дамытушылық: География тілінде сөйлеуге үйрету, қосымша тапсырмалар орындау, ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік:Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын ояту, ұқыптылыққа, батылдылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық тапсырмалар, кестемен, тірек-сызбамен жұмыс,картамен жұмыс.
Көрнекі құралдар:Қазақстанның әкімшілік саяси картасы, Қазақстанның экономикалық картасы, географиялық атлас, кесте, тірек-сызбалар, постер, түрлі стикер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, сабаққа дайындығын тексеру, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Экономикалық әлует қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
Қазақстандық экономикалық әлуеттің күшті және әлсіз жақтары қандай?
ЖІӨ дегеніміз не?
Адам дамуының индексі ұғымына анқтама бер?
Ғылыми-техникалық әлует дегеніміз не?
ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту
Транзиттік (аралық)
құрлықішілік
теңіздік
көршілік
Көліктік-географиялық
Нарықтық-географиялық
Экономикалық-географиялық жағдай

Қазақтанның ЭГЖ-на баға беру.
ЭГЖ – ның тиімсіз жағы: Еуразия материгінің түкпірінде орналасуы, маңызды сауда жолдарынан және әлемдік экономиканың орталықтары – АҚШ, ЕО, Шығыс Азиядан қашықта болуы. Қазақстанның континенттер мен елдерді қосатын Дүниежүзілік мұхитқа шығу мүмкіндігі жоқ.
ЭГЖ-ның тиімді жағы:
Әлемдік экономиканың екі орталығы - Шығыс Азия мен Еуропаның арасындағы транзиттік жағдай.
Каспий теңізіне және Каспий жағалауындағы елдер арқылы Атлант және Үнді мұхиттарына шығу.
Ресеймен және Қытаймен көршілік жағдай.
IV.Сабақты бекіту сұрақтары:
ЭГЖ – ға баға беру қандай элементтерден тұрады?
ЭГЖ, көршілік жағдай, халықаралық транзит түсініктерінің мәнін аш?
Қазақстанның қолайлы жағдайына сипаттама?
Қазақстанның қолайсыз жағдайына сиапттама бер?
1-тапсырма. «ЭГЖ түрі – оның сипаттамасы» жұптарына сәйкестікті тап:
ЭГЖ түрі Оның сипаттамасы
Нарықтық-географиялық
Көліктік – географиялық
3.Көршілік 1.Шекаралық елдерге қатысты жағдай
2.Әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты жағдай.
3.Халықаралық сауда жолдарына қатысты жағдай.
2-тапсырма. Тест жұмысын орындау. (52-53 беттегі)
3-тапсырма. 52-бет (оқулық)
V.Сабақты қорытындылау
Тапсырмаларды тексеріп, қорытындылаймын.
Сабақты бағалау. 5 балдық шкаламен бағалау.
Үйге тапсырма: §5