Ашы? т?рбие са?аты Биік сені? м?ртебе?, Анашым 5 сынып


Тақырыбы: Биік сенің мәртебең , Анашым!
Мақсаты: 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, Ана енбегін қадірлеп үмітін ақтауға ,ана есмін ардақтап ,қадірлеуге,сыйлауға баулу.Дамытушылығы: Қыздарды әсемдікке, іскерлікке қабілет пен талантын дамыту.
Тәрбиелігі: Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Нақыл сөздер,презентация, шарлар.
Тәрбие сағаттың барысы:
Тәрбиеші.Жігіттер бүгін әдемі болып кетіпсіңдер ғой,біздің қыздар қайда?
Балалар;қыздар сұлулық салонына кеткен .
Тәрбиеші :мүмкін келіп қалғаншығар ,қыздарды барып алып келіңдер,
(Балалар ішке вальс билеп кіреді)
Екеуі бірге (2-оқушы)
. Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың...
1-қыз: -Қуаныш , мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезден-ақ, апайларымыз осы әнді үйретуден бастады емес пе?
2-бала: -Рас айтасың, Дариға. Бұл жадыңда мәңгі сақталар әндердің бірі емес пе?!
Тәрбиеші.Қайырлы күн, құрметті абзал жанды аналар мен ұстаздар!
Наурыз күні – Ана күні, әлем күні
Әлемді тебірендірер ана үні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны..
Тәрбиеші:- Құрметті қонақтар, асыл әжелер, сүйікті аналар! Бүгін бізде үлкен мереке. Ол-аналарға арналған «Биік сенің мәртебең ,Анашым» атты тәрбие сағатымыз. Бұл сағат 8- наурыз-Хаықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр.
Құрметті аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяларыңызға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз.
Тәрбиеші: Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
1-бала .-Дариға, сен білесің бе осы бір керемет мерекенің қалай пайда болғаны жайлы?
2-қыз - Жоқ, мен тіпті ойланбаппын осы жайлы. Білсең, кәнекей айта қойшы бізге?
1-оқушы - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен байланысты.Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары:
10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған..
2- оқушы. Сөйтіп, 1857 жылы 8 наурыз күнінен бастап кәсіподақ мүшелігіне әйелдер де кіре бастады. Бұл күні бірнеше қалаларда да әйелдер сайлау құқығын талап етіп, шеруге шығады Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне  дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.
3-оқушы 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды. Сол уақыттан бастап 8- наурызда халықаралық әйелдер мерекесін тойлап келеміз.
Тәрбиеші:- Пах, шіркін, ананың айналып – толғанғаны кімнің есінен кетеді!Шырылдап жерге тускеннен – ақ сенің ең бір жақының ең бір ұстазың, ең досын бар. Ол – Ана!, шырылдап жұбанбай, жылап іздейтінің – ана. Сен жан болып дүниеге келдің,Сенің іздейтінің бір – ақ жан. Ол – ана! Ол саған бәріненде қымбат.
Балалар,өмірде ең жақын кім? (Ана) Ананың баласы үшін қай жері ауырады? (жүрегі) Ана мерекесінде нағыз анаға деген сыйлық не деп уәде бересіздер? Хор: Біз тәртіпті,білімді,еңбекқор боламыз!
Ананың тілі,ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?
-Неге теңізге теңейді? (өйткені теңіз терең, сол сияқты ананың да тілі, тілегі махаббаты шексіз терең!
Т.Жылап уанбай,шырылдағанда кімді іздейсің? (ана) -Дүниеде не қымбат? (ана) –Ана неден қымбат? (бәрінен) –Анаға деген махаббат қай күнінен басталады? (құнтақта жатқан кезде) –Анаға деген сөздің өзі ыстық дейді.Себебі ана деген бойға жылу артады.
Ана кім?
Ана –- нұр өмір сыйлаушы ,Ана – қамқоршы. Ана – бақытың. Ана – тірегің. Ана – қорғаның. Ана – болашағың. Ана – ақылшы. Ана – сүйенішің. Ана – жанашырың. Ана – байлығың. Ана – үйдің жылуы. Дос
АНА – бұл біз үнемі, күн сайын айтатын үздік, ерекше есім
 Өз аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Ана тақырыбын анықтап тақтаға күн көзін толтыру.)жұлдызым, айым, жаным, күнім ботам, құлыным құлыншағым  қошақаным. Т.б (1-слайд)Аналарың қандай адам
АНА 1-ақылды,2- сұлу, 3-нәзік, 4-мейрімді,5- ардақты, 6-анам менің жүрегім, 7анам менің гүлім,8- анам менің бақытым Менің анамның мейіріміді,   т.б
Аналарға арналған балалардың жүректен шыққан тілектерін .
1-оқушы: Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана.
2 оқушы,Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.
3-оқушы Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен.
4.-оқушы Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді.
5, -оқушы:Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз. 
6-оқушы: Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті - ананың табанында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік. 
7.-оқушы:Анашым - отбасымның тірегі. Барлығы, тіпті әкем де, жасы үлкен-кіші туыстарым да бір іс бастарда, басқа да жағдайларда анаммен ақылдасады. Ол барлық мәселенің шешімін тауып, реттейді, кеңес береді.
Балалар аналарымызға арналған өз сәби жүрегімізден шыққан ақ тілектерімізді айтайық. Кім қандай жүрегіне рахмет айтады?
« Менің жүрегіме рахмет!»
1-оқушы:Менің жүрегімнің қайырымдылығына рахмет!
2-оқушы.Менің жүрегімнің мейірімділігіне рахмет!
3 –оқушы: Менің жүрегімнің жылылығына рахмет!
4-оқушы: Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көретініне рахмет!
5-оқушы:Менің жүрегімнің жақсы көру сезіміне рахмет!
6-оқушы:Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!
7-оқушы:Менің жүрегімнің кең пейілділігіне рахмет!
8-оқушы:Менің жүрегімнің адалдығына рахмет!
9 –оқушы:Менің жүрегімнің қамқорлығына рахмет!
Тәрбиеші:Жүрегіміздің осындай жақсы қасиеттеріне ие болу кімнің арқасы?
Әрине аналардың арқасы

Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады.Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты:
- Қаладан көтергенше жүк алып әйелдердің кетуіне рұқсат етемін, - дейді.
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
Дұшпан қалға кіріп қараса бір де бір еркек жоқ.
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
1-оқушы. Адамзаттың ертеңгі тағдырына мазасызданып, соғысқұмар жендеттерге ашық үн көтерген, қоғамда бейбітшілік орнату жолында аянбай тер төккен күрескерлер мерекесі-бұл. Олар өнер жұлдыздары – Күләш, Роза, Бибігүл, сондай-ақ, еңбек озаттары, қайраткер әйелдер.
2-оқушы : Мақтаныңдар, аналар –
Қыздардан батыр, дана бар.
Елі сүйген батырлар –
Әлия, Мәншүк-даралар!
3-оқушы: Ақын болам Шолпандай,
Әнші болам бал таңдай,
Күйші болам Динадай,
Ғалым болам Нәйләдай!
Тәрбиеші Бас иейік те, құрметтейік те ананы. Әйел-ана барлық қиындықты күш, сарқылмайтын бұлақ емеспе?! Елбасы – Нұрсұлтанды да, Күләш пен Мәншүкті де дүниеге әкелген - ана!
 Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, , аяулы аналарымыздың құрметіне арналған тақпақтарымызды жалғастырамыз. 
1-оқушы
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын
2-оқушы
Ана – бақыт, ана күн,
Ана – өмір тірегі.
Ана – өмір себуші,
Ана – сарқылмайтын бұлақ
3- оқушы
Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой
4- оқушы
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам
5- оқушы
Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.Зор десек те сіздерді — лайықсыздар
6- оқушы
Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам
Балалар аналарымыз туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Топқа тапсырма.
1топ. «Ананы неге теңер едің?» тақырыбына сурет салу.
2топ. «Менің анам» тақырыбына эссе жазу
, 2-дана, 3-данышпан,4- кемеңгер, 5-тәрбиеші, 6-Ақылшы, 7-дос,
Ана – бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн.
–.Себебі ана деген бойға жылу артады.
«Мен анамды қаншалықты білемін?» балаларға сұрақ қою.
Сұрақ-жауап.
Анаңның атасының аты кім екенін білесің бе?
Анаңның қолы босаған нені алып оқиды деп ойлайсың?
А) кроссвордтар шешеді
Ә) әйелдерге арналған журналды оқиды
Б) кітап оқиды
В) тамақ рецептілері жазылған топтаманы алады
3. Анаңның ең жақсы көретін түсін ата.
4. Анаңның ең жақсы көретін телесериалын ата.
5. Екі каналдан қатар екі түрлі бағдарлама беріп жатыр. Біреуінен «Музарт» тобының концерті, ал екіншісінен тамақ дайындап көрсететін бағдарлама. Анаң қай бағдарламаны таңдайды деп ойлайсың?
6. Анаң нені жақсы көреді?
А) мармелад Ә) зефир Б) шоколад
7. Мектепке бірінші сыныпқа келген сәтің әлі есіңде шығар. Сол күні анаңның үстінде қандай киім болғаны есіңде ме?
8. Анаңыз үшін қандай мереке маңызды?
9. Анаңыздың сүйіп жасайтын тамағы қандай?
10. Сенің анаңның мектепте сүйіп оқыған пәні?
Балалар біздің топтағы қыздар қандай ?
Кәне айта қойыңдаршы
Сұлулық Көктем

Әдептілік Қыз Нәзіктік

Сән Гүл


Қыздарға сыйлық жасау
Аруларымыздың есіне мына жолдарды ұсынар едік.
-Қыздар! Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар! Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар!
-Сәнқойлықтан сақтаныңдар! Саңылаусыз адам сәнқұмар келетінін есте ұстаңдар.
-Қыздар-халықтың бойындағы ұлттық асыл қасиеттерді әрмен қарай жалғастырушы.
Қорытынды:

Жұмақ ана табанының астында, сол жұмақ есігін ашам десең ешқашан анаңды ренжітпе! Бірде пайғамбарымызға Мұхаммед (с.ғ.с)ге біреу кеп:-Ең алдымен жақсылықты кімге істейсің десе,-АНАМА!,-депті.-Жарайды, ал сосын кімге десе,-АНАМА!,-депті.-Иә түсіндім ғой, ал сонан соң ше? десе-Тағыда АНАМА депті!Міне пйғамбарымыздың өзі АНАН атаулыны қалай силаған!Қазағымның бір сөзі бар емеспе, \"Анаңды з рет арқалап апарсаңда, ақ сүтін ақтай алмайсың\" деген. Сондықтан балалар Анамызды ардақтап, силап, көңіліне кірбің түсірмейік. Сол ақ сүтті ақтай алмайтын халге түспейік!Анашым мен саған мәңгілік борыштармын. Ренжітсем кешірім өтінемін. Осы жарық дүние есігін ашып берген АНАШЫМ саған мың алғыс!
Тәрбиеші:Аналар сіздерге рахмет!
1-оқушы: Жарық дүниеге әкелгенің үшін
2- оқушы: Ақ сүт бергенің үшін
3- оқушы: Мейірімің үшін
4- оқушы: Қамқор болғаның үшін
5- оқушы: Ауырғанда уайымдағаның үшін
6- оқушы:Түнде бөлінген ұйқың үшін
7- оқушы: Алғашқы сөзіме қуанғаның үшін
8 оқушы -:Алғашқы қадамыма қуанғаның үшін
9- оқушы: Мен деп бетіңе түскен әжім үшін
10- оқушы: Үйдегі татулық үшін
11- оқушы: Үйдегі молшылық үшін
12- оқушы: Тәлім –тәрбиең үшін
13- оқушы: Мен деп ағарған шашың үшін
: Рахмет сізге!
:  Рахмет сізге!
Рахмет сізге ,Анашым!-барлығы бірге айтады.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыс айтамыз!!!
Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатына өте жақсы қатыстыңдар. Енді орнымыздан тұрып, қонақтарға рахметімізді айтып шығарып салайық.