Балаба?шада ?ткен ашы? есік к?ніне арнал?ан сценарий


«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің санаторлық және жалпы
дамулық типті «Золотой ключик» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Балабақшаның 1-күндік тынысы
(Мерекелік ертеңгілік)

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А
Арқалық 2016ж
«Қазіргі заман талабына сай жан-жақты
жетілген, бойында ұлттық санамен
ұлттық психология қалыптасқан,
имандылық әдебі, парасаты бар
ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру
бүгінгі отбасының, балабақшаның,
барша елдің, халықтың міндеті»
Н.Ә.Назарбаев
«Балабақшаның 1-күндік тынысы»
Мақсаты: Балабақшаның 1 күндік тынысымен танысу. Ата-аналар ашық есік күндеріне қатыса отырып балалардың дамуы бойынша сұрақтарына жауаптарын алады.
Хор: «Жаса Қазақстан»
1-жүргізуші: Лаура
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға
«Қайырлы таң» деймін мен
2-жүргізуші: Мейірлан
Күндізде елді елеймін
Қайырлы күн тілеймін
Үйге кешке келгенде
Не дерімді білмеймін
«Кеш жарық» деп кіремін.
1-жүргізуші:
Лаура, қарашы бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Балабақшада мереке болатын сияқты, қалай ойлайсың?
2-жүргізуші:
Ия Мейірлан, сен әлі білмейсіңбе? Бүгін біздің ата-аналарымызға арналған ашық есік күні емеспе.Ендеше кешімізді бастайық.
Ән: «Ақ тілек» Омарова Тұмар
Тақпақтар:
1 Амир
Мен бақшаға барамын
Ойнаймын ән саламын
Тәрбиеші әпкелер
Досы барлық баланың.
2 Қ.Айару
Балабақша базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
3-бала
Их герен ин ден гордн
Их мохте айн лид цу шпилен
Лерер швестер
Фрайнт ти киндер.
4-бала
Орени,орени
Тока и тетей и эдо
Джоемиви хэру
Татамизда доси.
5-бала
Бала, бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
Би: «Корея»
Көркем сөз: Қапез Мейірлан
Би: «Неміс»
Төрт ұлттың тағамын ұсыну: осы кезде тосындық сәт болады.
Би: «Қазақ»
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Би: орыс
Вокаль: «Қазақтың елі»
Айтыс
Би: индия
1-жүргізуші : құрметті ата-аналар және қонақтар бүгінгі ашық есік күніне арналған «Балабақшаның 1-күндік тынысы» атты кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!