Ерте?гілік: ?ош келді? Жа?а жыл!


«Қош келдің, Жаңа жыл!»Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлыАқ мамыққа бөлеп алды маңайдыЖаңа жылмен құттықтаймын бәріңдіБақыт, шаттық, молшылық әкелсінБәрімізге мына жыл арайлы!Құтты болсын ағайын!Жаңа жылың тағы даҚол соғып қарсы алайықШақырайық ортағаЕртеңгілік басталсын«Когершін» тобында! және « Сұңқар» тобында. (балалар келіп шыршаны айналып тұрады)(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)Сиқыршы: Сәламатсызба! Баллар Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!Бәрі: Қуант, бізді, таңырқатШамдарыңды жарқырат! 3 рет(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.Ән: «Жаңа жыл»Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.«Сұңқар» тобы.Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?(Балалардың жауабы)Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - ретАю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?Балалар. Аю.Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...Балалар: иә.(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.Бәрі. Аяз ата, АқшақарБіз Сендерді сағындықТез келіңдер ортағаАяз ата, ақшақар 3 - рет(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)Аяз Ата:Құтты болсын, балаларКелген Жаңа жылдарыңАлаңдамай өсіңдерЕркелеп қыз, ұлдарымөткен жылы келіп емБәріңді де көріп емЖыл өткізіп келем депУәдемді беріп емОйларың мен бойларың даБірдей өсіп қалдыңдар ма?Ал, мен кіммін айтыңдаршыМені тани алдыңдар ма?Балалар: Аяз ата!Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Жаңа жылдарың құтты болсын!Сүйсіңдірер маңайдыАқшақармын арайлыЖалт - жұлт еткен жүзімненКүміс сәуле тарайды.Ақшақармын аппақпынҚалай тыныш жатпақпынМенсіз қыстың сәні жоқӘнмін, жырмын, тақпақпын.
МешінСәлеметсіздер ме, балаларМен тұрмын қуанып,Шаттыққа бөленіпБір жыл бойы сіздерменДос болайық шаттанып.Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.Әсем әні де, биі де барОтыр ата, сәл дем ал.Би: ГномдарЖүргізуші:Әуеледі әнімізЖаңа кірді сәнімізАқшақарды ортаға алыпБи билейік бәріміз.Би: СнежинкиАяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Таппақтар: «Көгершін» тобы
Дилназ
Жаңа жыл,Жаңа жыл!
Тамаша тойымыз
Алақай алақай
Өседі бойымыз
Х.Айзере
Аспан жерге төгеді
Ақ кумісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Назерке
Тоғай да бауларда
Ақ күміс жамылды
Нұрәлі
Оранды ақ көрпе
Асқар тау қарлы шың
Берген
Көптен кутип сағынған
Көрдік аяз атаны
Ғайни
Қандай қызық қыс деген
Қалтырайды құс деген
Айгерім
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңалық ізде сен
Жаңа ән жаңа жыр
Жазып бер бізге сен
Шыңғыс
Тамаша тамаша
Қандай қызық қараса
Айкөркем
Аппақ аппақ қар аппақ
Аппақ аппақ дала аппақ
Мейірлан
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық бәрімізЖүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын қой жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, қой қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.Мешін:- Ау, қой сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.(Ата - аналармен сұхбат.)Жүргізуші:Айта берсек таусылмасЖаңа жылда жаңа жырКел оданда, халайықОйын ойнайық жаңа бір.Би: « Клоун »Қой Бір жыл бойы сендерменБірге жүрдім ойнадымЕнді міне балаларКезек келді қоштасар.Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!МешінМен жаңа жылмынМен жаңа нұрмынНұрымды да себейінЖырымды да себейін
Би: «Матреша»Жүргізуші: Міне, балалар да өнерлерін көрсетті.Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата аналарға мың алғыс!- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!Бәрі.Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықтыБіз тілейміз жаңа жылдық бақытты.Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!