Педо?у ?аза? тьілі мен ?дебиеті саба?тарында о?ытуды? жеке картасын ?олдану — білім сапасын жетілдіру кілті


ШҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«СПОРТТА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ШҚО МЕКТЕП - ИНТЕРНАТЫ» КММ
14 қараша 2016 жыл
Мектепішілік әдістемелік семинар
Тақырыбы: Спортшы балаларды жекелей оқыту арқылы оқыту үрдісін жетілдіру.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Абирова Салтанат Кабылхановна
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқытудың жеке картасымен жұмыс жүргізу –
оқушы дағдысын жетілдірудің негізі»
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар алдында жеке адамдардың, қоғамның және еңбек рыногының талаптарын қанағаттандыра алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Елбасының жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез - келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деген.
Индивидуалды оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді. Оқытудың бұл түрлерінің негізгісі – оқушыға сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау қаситтеріне ынталандыру. Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып жүрміз.Бұл технологиялардың оқушының ой-өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру – бүгінгі күн талабы болып отыр. Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек.
Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесі репродуктивті деңгейден сындарлы теорияға ауысып бара жатқанына баршамыз куәміз және оны іс жүзінде қолданып та жүрміз. Оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері немесе сыныпта түрлі дереккөздерден алған білімдерімен астарластырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделген теория - оқытудың сындарлы теориясы.
Спортта дарынды балаларға арналған мектеп - интернат жағдайында жүзеге асыруға тиімді тәсіл ретінде оқытудың жеке бағдарламасы (бұдан былай - ОЖБ) әдістемелік қызметтің ұсынысымен атқарылып отыр. Осы бағдарлама негізінде қазақ тілі пәні бойынша ОЖБ құрастырылды. Мысалы, дәстүрлі тақырыптық – күнтізбелік жоспардан 8 - сыныпқа арналған бағдарламадан ықшамдалып жасалынған төмендегі бағдарлама ОЖБ:
8 сынып
Сабақ реті ТақырыптарСағат саны Қолданылатын әдістемелік материал
1
Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра. Қазақ әдеби тілі. Әдеби тілдің грамматикалық нормасы. 1 ОЖК №1
2 Мәтінге тілдік талдау. 1 ОЖК №2
3 Синтаксис. Сөйлем, оның түрлері. Хабарлы сөйлем. Лепті сөйлем. 1 ОЖК №3
4 Сұраулы сөйлем. Бұйрықты сөйлем. 1 ОЖК №4
5 Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша 1 ОЖК №5
6 Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Толықтауыш. 1 ОЖК №6
7 Тест 1 Тест тапсырмасы
Барлығы: 9 сағат
ҚР Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын, жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы оқу бағдарламаларын, күнтізбелік – тақырыптық жоспарды, мектептің ОЖБ, оқулықтарды негізге ала отырып оқытудың жеке карталары (бұдан былай - ОЖК) құрастырылды. Жұмыс барысында тиімді әдістердің қолданылуы оқытудың жеке және жалпы нәтижесін (бұдан былай - ОЖН) береді.
Оқыту қазақ тіліндегі сыныптарға арналған қазақ тілі бойынша ОЖК басты мақсаты: ОЖК пайдалану арқылы оқушы дағдысын жетілдіру арқылы білімнің сапалы көрсеткішіне жету және білікті тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Білім, білік, дағдының қалыптасуын бақылау (білім сапасына тигізетін оң, кері әсерлері, болдыру, болдырмау жайы, түзету мен динамика);
2. Білім алудағы олқылықтардың орнын толтыру, себептерді анықтау (жарыс, денсаулығына байланысты немесе басқа себеппен сабақ босатудағы олқылықтың себебін білу, сол себепті білім беруді жіті бақылау);
3. Тиімді әдіс - тәсілдердің ықпалды әсерін бақылау (АКТ, ОЖБ, ОЖК, ОЖН)
Оқытудың жеке картасының тиімділігі:
- дағдыны қалыптастырады;
- әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды;
- оқушы өзі ізденеді;
- материалды саналы түрде меңгереді;
- өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді;
- өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге қабілеті ашылады;
Белгілі бір тақырыпты немесе тарауды жалпылауда, қайталауда немесе тоқсан, оқу жылының соңында оқушылардың қорытынды білімін тексергенде ОЖК қолдану өте ұтымды. Себебі, өз іс - тәжірибемде сабақты өте көп босатқан оқушылардың әр тарауды, тақырыпты қаншалықты меңгергенін білім деңгейіне байланысты өздік білімділігін қалыптастыру үшін құрастырылған ОЖК арқылы тексеремін. Бұл мұғалім мен оқушылардың уақытын да үнемдеуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін ұштастыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін ой - өрісін дамыту қажет. Сондықтан жарыс пен оқу – жаттығу жиындарында болған немесе белгілі себептермен сабақ босатқан, сосын сабаққа қайта оралған оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға пән мұғалімі тарапынан мәселелік сұрақтар қойылып отырады.
Тақырыпты тиянақты меңгертуде жан-жақты ойлауды дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындау керек. Ол үшін ОЖК тапсырмасына әдебиет пәнінен қосымша тапсырма беріледі. Реферат, жинақ, ғаламтор материалын жинақтау т.с.с.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл - ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса, баға біліміне қарай қойылады.
Сабаққа оралған оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Ал, сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек. Мұғалім білімі нашарларға көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы пәнді оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар жүргізіледі.
/ОЖК үлгісі/
Оқушының ТАӘ/жеке қолы Сынып Пән Қазақ тілі
Бағасы/жазбаша Пән мұғалімі ТАӘ/жеке қолы Абирова Салтанат Кабылхановна ОҚЫТУДЫҢ ЖЕКЕ КАРТАСЫ №1
« » __________ - « » ___________
Тақырыбы: Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра. Қазақ әдеби тілі. Әдеби тілдің грамматикалық нормасы.
Тапсырма №1. Оқулықтан 10-11 бетте берілген тақырыпты пысықтап оқы. 1 – жаттығуды өз бетіңмен ауызша орында.
Тапсырма № 2. Мәтінді оқып шығып, негізгі ойға тірек болып тұрған сөздердің астын сыз.
Абай мен Ыбырай – қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің негізін салушылар. Абайдың алдында қазақ әдеби тіл дәстүрі болды. Қазақтың ұзақ, дәстүрлі күшті дамыған, ауызша таралып, ауызша сақталған авторлы әдебиеті болды. Ол негізінен поэзия түрінде, ішінара шешендік сөз деп аталған ұйқасты, ырғақты проза мен шежірелер түрінде өмір сүрді. Бұл әдебиет өкілдері ХVІ-ХІХ ғасырлада өмір сүренжыраулар мен ақындар және тарихта аты белгілі билер, шежірешілер еді. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Марғасқа, Жиембет жыраулар бұл әдеби дәстүрді ХVІІ-ХІХ ғасырларда Бұқар жырау, Шал ақын, Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Шөже жалғастырды. Жамбыл, Нұрпейістер бастаған ақындар легімен біздің заманымызға келіп ұласты. Осы поэтикалық мектептің нормаланған, бір ізге түскен әдеби тілі болды. Бұны қазақтың ауызша әдеби тілі деп атаймыз.
Тапсырма №3. Өз ойыңмен аяқта!
Тілді жасаушы _____________________________________________________________________________________________
Қазақ тілінің байлығы _______________________________________________________________________________________
Қазақ тілі __________________________________________________________________________________________________
Абай Құнанбайұлының _______________________________________________________________________________________
Өз ана тіліңді құрметтесең, ________________________________________________________________________
Тапсырма №4. «Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» атты тақырыпта реферат жаз.
Тапсырма № 5. Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Бір ауыз сөз» әнін тыңда.

Оқушы жеке бағыттау парағын /бұдан былай - ЖБП / иеленгеннен кейін пән мұғалімінен кезекті ОЖК алады. Мұндағы тапсырмаларды ол оқуға қайта келу барысында орындап өткізуге міндетті. Пән мұғалімі ретінде оқушымен жеке сұхбаттасу да тиімді. Яғни, қиындық тудырған тапсырмаларды пысықтап, сұрақтарына жауап іздестіру оны ынталандырудың басты бағыты. Сонымен, берілген тапсырмаларды бағамдай келе, дағдыны қалыптастырып, жетілдіретініне көз жеткізе аламыз. Оны мына кестеден байқауға болады:
Тапсырмалар реті Жүзеге асырылуда қалыптасатын дағды
Тапсырма № 1 6508757747000Оқылым Айтылым
Тапсырма № 2 6546857112000Оқылым Жазылым
Тапсырма № 3 Жазылым
Тапсырма № 4 Жазылым
Тапсырма № 5 Тыңдалым
Оқытудың түрлі тәсілдерін қолданғанда ақпараттың оқушы жадында 24 сағат ішінде сақталуының көрсеткішінде дағдылық әрекеттер 55 – 65 % құрайды. Оны төмендегі кестеден байқауға болады:
Тәсілдер Есте сақталу мөлшері
Дәріс 5 %
Оқу /мәтін, кітап, көркем әдебиет, оқулық/ 10 %
Аудио және бейнежазбалар 15 %
Көрсету /жоба, сызба, кесте/ 30 %
Пікірталас, талқылау 50 %
Практикалық іс - әрекеттер 75 %
Үйренген білімді дереу қолдану, басқаға үйрету 90 %
Қорыта айтқанда, жаңа мазмұнды білім беру жүйесінде кез келген жаңашылдық әрекеттің алатын орны ерекше. Тек қана сабақта ғана емес, жеке тұлғаның ББД қалыптастырып, өздігінен даму бағдарын анықтап, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп дамытатын тұлғаға бағытталған білім мазмұнын көрсете білуге болатынын дәлелдейміз.