Мені? есімде мектеп жайлы ?серлер ?андай ?серлер ?алды Ашы? т?рбие са?аты 9 cынып.


-762002771775Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Менің есімде мектеп жайлы қандай әсерлер қалды?»
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Менің есімде мектеп жайлы қандай әсерлер қалды?»

Ақжар ауданы
Киев орта мектебі
Абулгазинов Т.М.
Мақсаты:Адамгершілікке тәрбиелеу,өзін және өзге адамдарды сыйлай
білуге үйрету.
Міндеттері: 1.Қорытынды шығара білу,өз ісіне сын көзбен қарау,өзгелерге жанашыр бола білу.
2.Өзіне және өзін қоршаған адамдарға деген сый-құрметін
арттыру.
Көрнекілік: Нақыл сөздер, фото суреттер, гүлдер, маркер, музыка.
Барысы: І. Ұйымдастыру
Білім кемесін мініп ілім іздеп, алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Сондықтан осынау киелі шаңырақ- мектеп ордасындағы 11-сыныптың тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Еске түсті ұмытпас,
Өмірдегі көктемім.
Есігін кеп мен алғаш,
Ашқан ұлы мектебім.
Әліппені қолға ұстап,
Томпаң қаға бергенім.
Мектебім маған жол нұсқап,
Менің оған ергенім.
Содан бері неше күз,
Өтсе де талай жаз бен күз.
Көктеміндей өмірдің,
Сол қыркүйек қалдырды із,-дегендей әр адамның өмірінде алтын ұя мектептің алар орны ерекше.
ІІ. Қызығушылықты ояту (2-минут)
Менің өмірімде мектептің алатын орны? (Әр оқушы бұл сұраққа жеке-жеке жауап береді.)
Мектеп, мектеп!
Төңіректеп
Жүруші едім мен кеште.
Сұраушы едім,
Жылаушы едім
Әпкем кітап бермесе.
Міне, балалар, қас-қағым сәтте 11 жыл мектеп қабырғасында өте шықты. Сендер сәбилік, балалық шақты, алғашқы мүшелді артқа тастап, жасөспірімдік шаққа келіп жеттіңдер. Күннен-күнге бойларың да, ойларың да өсіп келеді. Айнаға қарап, бойларыңды түзеп, қыздар бойжеткен, ұлдар бозбала санатын құра бастадыңдар.
Алайда алдарыңа қойған басты мақсат-білім шыңына талпыну.
ІІІ. Сендерді негізгі біліммен қаруландырған алтын ұя мектептерің жайлы бойларыңда қандай әсер қалды? (Әр оқушының жауабын тыңдау.)
ІV. Қызықты жайттар легі. (Оқушылар өз бастарынан өткен қызықты жайттарды әңгімелейді. Қызықты жайттар сыныппен, мектеппен, ұстаздармен байланысты болуы керек.)
V. Кешірім сұрау сәті. Әр адам қателік жасауы мүмкін. Өмірде де, мектепте де, көп нәрсе үйренуге тура келеді. Сондықтан қателік жібермеу мүмкін емес. Балалар, қазір сендерде сондай мүмкіндік туып тұр. (Балалар кешірім сұрайды.)
VІ. Мектепке беретін менің ұсынысым. (Топпен жұмыс істеу. Ол мектеп ережесі болуы мүмкін, сыныптан тыс іс-шаралар, мектеп дәстүрі, мектептің безендірілуі және т.б. Ұстаздар мен әкімшілік ұсыныстарды жазып алады.)
VІІ. Ашық сөйлесу сәті: Болашақта студенттік ортада және еңбек ететін ұжымыңда мектебіңнің қай жағын көбірек айтар едің? (Балалар ойы.)
VІІІ. Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
Қимағандар ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын...
(Мұғалімдерге ұсыныс: әр оқушыға арнап қағаздарға тілек жазып,шарға салу, оны оқушы үйде қалғанда оңаша оқиды.)
ІX. Қорытынды.
Қадірлі ұстаздар! Алдарыңызда өздеріңізден 11 жыл білім нәрімен сусындап, тәлім-тәрбие алған шәкірттеріңіз. Тарыдай болып кіріп, таудай боп шыққан ұл-қыздар бірнеше айдан соң алтын ұя мектебімізден ұшқалы тұр. Өмір мектебіне қанат қаққалы тұрған оқушыларға игі тілек тілейік. (Гүлдің күлтелеріне сыныптың жақсы қасиеттерін жазуы керек.) Соңында «Мектеп түлектерінің тарихынан» атты арнайы стендке ортақ фотосуретке түсу. (Мектебім сені қия алмаймын... Эссе. Немесе ән орындау.)