Б.Со?па?баев Мені? атым ?ожа 6-сынып


Сабақтың тақырыбы:6 -сынып Сабақтың мақсаты:Білімділік:*Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;*Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру;*Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.Дамытушылық:*Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу;*Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;*Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік:*Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; *Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақСабақтың әдісі: жинақтау, талдау, бекіту сабағыСабақтың көрнекілігі: Графапроектор, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, Венн диограммасы. Сабақтың өтілу жоспары:1. Мынау кім?2. Оқиғалар тізбегі3. Бұл қай сәт?4.Суретпен жұмыс5.Шығармашылық жұмыс 6. Теріп алу стратегиясы7. Ой тастау8. Өз-өзіңе есеп бер!
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңішеңбері (Бір-біріне тілек айту)2. Үй тапсырмасын сұрау«Жас Мұхтар» әңгімесінің мазмұны ,,,,, ,,2ніңРЕБУС Жаңа сабаққа дайындықҚызығушылықтарын ояту Ребус шешу  (Жаңа сабақтың тақырыбы шығады)Менің атым Қожа— Ал, енді, балалар, Менің атым Қожа шығармасының авторын білесіңдер ме?(балалардың жауабы)Ендеше, біз бүгін, Бердібек Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» шығармасымен танысамыз. Алдымен ассоциация әдісін құру арқылы автормен танысып алайық.




Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
Жазушының қандай шығармалары бар?— «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» және т.б.

«Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?Менің атым ҚожаЖанр: комедия, жанұялықМемлекет : ҚазақстанШыққан жылы: 1963Режиссер: Абдолла ҚарсақбаевӘңгіме авторы: Бердібек СокпақбаевСценарий: Б. Сокпақбаев, Н.ЗелеранскийСазгер: Нұрғиса ТілендиевКейіпкерлерді сомдаған:Қожа — Н.СегізбаевСұлтан — М.КөкеновЖанар — Г.ҚұрабаеваЖантас — Е ҚұрмашевМиллат- (Қожаның шешесі) — Б.РимоваРахманов — Қ.ҚожабековМайқанова – Р.МұхамедияроваҚожаның әжесі — З.Құрманбаева
Жаңа сабақты меңгертуБалалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын нақтылау мақсатында «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетемін.загрузка...(Менің атым Қожа» фильмінен үзінді)Сонымен, балалар, біз Бердібек Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесімен танысып шықтық. Енді сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін өтілген барлық тараулар бойынша бірнеше тапсырмалар орындап көрейік.


Мынау кім?1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (А.Михайловна)5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)
Оқиғалар тізбегі(Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)1. Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын2. Бақаның әлегі3. Педсовет4. Жолдама алған Жантас5. Оқулық емес, қант аламын
«Өрмекші » ойыны (Сергіту сәті)
Оқулықпен жұмысБұл қай сәт?1.“Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”(Орыс тілі пәні мұғалімі Анфиса Михайловнаның сабақ сұрап жатқан сәті)2.“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.(Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт)3.“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма? ”(Директордың кабинетінен шыққан сәті)Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед. Кеңес болып жатқан сәт)


5. Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкеден бақаның шыға келу сәті)6.«Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін»(Бақа оқиғасынан кейін мамасымен кездесер сәт )7. Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожаның темекі тартқан сәті) Суретпен жұмыс— Балалар, қазір экранға фоталар шығады. Сол адамдарға сипаттама бер? Олар кімдер?



«Өткірдің жүзі  Кестенің бізі,  Өрнегін сендей сала алмас»Топпен шығармашылық жұмысБес жолды өлең құрастыру. (Ортада талқылау)Бес жолды өлеңКім? ( зат есім) 1сөзҚандай? (сын есім) 2сөзҚайтті? (етістік) 3сөзСөйлем (кім туралы) 4сөз1-топ Қожаға2-топ Жанарға3-топ Жантасқа




“Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсызҚожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз


(Тақтамен жұмыс)Қожаның жағымды жақтары Өз ісіне есеп бере аладыЖағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанадыӨз-өзін тәрбиелейдіҮлкенді сыйлайдыҚожаның жағымсыз жақтарыТәртіпсізАңқауӨтірікшіСотқар


Ой тастауҚалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер?


Өз-өзіңе есеп бер!(Сыныптағы отырған оқушылар өз-өзіне есеп береді)
Үй тапсырмасын беру“Балалық шаққа саяхат” тақырыбына эссе жазып келу ҚорытындыБағалау және кері байланыс «Ғажайып ағаш»