Презентация по восп час на тему Есірткісіз болаша? 8 класс


Есірткісіз болашақ!
style.rotation Орындаған: Базарбаева Ж.Д. Тәрбие сағатының тақырыбы:«Есірткісіз болашақ» Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, олардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру, шылым шегу, нашақорлық, спид тәрізді аурулар туралы ой қозғау, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. Қазақстандағы есірткі пайдаланушылардың басым бөлігін жастар мен жасөспірімдер құрап отырғандығы өкінішті жағдай. Жалпы деректерге көз жүгіртер болсақ, еліміздегі осы дертке шалдыққандардың 51,3% 20-29; 27,8% 30-39; 9,7% 40-49; 8,1% 15-19 жас аралығындағылар құрап отыр. Әйелдің нашақор болуы болашақ үшін өте қауіпті жағдай. Себебі бала дүние есігін ашқанда оның бойында есірткіге деген аз да болса құмарлық белгілері байқалады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бұл құмарлық бала жасы 6-7 толғанда барынша күшейе түсіп, оның организмінде есірткіге деген сұраныс күнделікті тағамға деген сұраныс тан 4-5 есеге жоғары болатын көрінеді. Жалпы еліміздегі есірткі пайдаланушылар санының күн санап көбеюінің негізгі себебі Қазақстанның көрші елдердің есірткі тасымалдауына «есік» рөлін атқарып отырғандығы. Нақты ресми мәліметтер бойынша еліміз арқылы Ауғанстан, Ресей, Қытай секілді елдерге тасымалданатын есірткінің 30 пайызға жуығы Қазақстанда қалып отырады. Мамандардың айтуынша жазаның бұл түрі көршілес Қытай, Тайланд секілді елдермен салыстарғанда тым жеңіл болып көрінеді. Бір ғана мысал, жоғарыдағы айтылған Қытай елінде соңғы кездері есірткі саудасымен айналысушыларға өлім жазасы немесе өмір бойы темір қапаста отыру жазасы қолданыла бастады. r