Урок на тему Ауыл?а ?атысты маманды?тар


Берілген уақыт - 45 минут Пәні:қазақ тілі Мерзімі: Сыныбы: 11 а
Сабақтың тақырыбы: Ауылға қатысты мамандықтар
Сабақтың реті: 4-сабақ
Жалпы сабақтың мақсаты: Оқушылар өздерінің сөздік қорларындағы бар сөзді пайдалана отырып, ауылға қатысты мамандықтар туралы әңгімелейді. Әңгімелесу барысында тілдік қарым-қатынас жасау дағдылары дамиды. Өз ойларын айтуға, дәлелдеп алуға, ұжымда, шағын топта жұмыс жасауды, бірін-бірі тыңдауға, бағалауға, сыйлауға үйренеді.
Оқу нәтижелері:
- « Ауылға қатысты мамандықтар » тақырыбы бойынша әңгімелесе алады;
- ашық және жабық сұрақтар қоя алады, оған жауап бере алады;
-бірін-бірі тыңдайды, бағалай алады;
- бірлесіп жұмыс жасай алады;
- бір-біріне сыйластық көзқараспен қарайды;
- шығармашылық тұрғыда жұмылып жұмыс жасай алады.
Түйінді идеялар: Оқушылар ауылға қатысты мамандықтар туралы өз ойларын еркін жеткізе алады.
Сабақтың типі: Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және
қорытындылау
Сабақты ұйымдастыру түрі: Тренинг-әңгіме
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Өрмекшінің торы, СТО стратегиялары, «Мақалдың жалғасын тап», Айналмалы бекет, Басбармақ, Ойлан, жұптас, бөліс, Бағалау парағы, Еркін жазу стратегиясы, Анкета әдісі, Көңіл-күй маятнигі
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: Интерактивті тақта, ақ парақшалар, түрлі-түсті қаламдар, флипчарт, маркерлер, таратпа қағаздар
І Қызығушылығын оятукезеңі:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. «Өрмекшінің торы» тренингі бойынша жіпті ұстап тұрып жақсы тілек тілеп, келесі оқушыға беру арқылы тор жасату Оқушылар жіпті ұстап тұрып тілек айтып, келесі қалаған адамына бере алады
2-әрекет. Шәмшінің әндерін топ болып орындату Оқушылар үйден жаттап келген әндерін орындайды
3-әрекет. Қошамет көрсету 4-әрекет. Ұжыммен жұмыс:
«Мақалдың жалғасын тап» әдісі арқылы оқушылар мақалдардың сөздері жазылған қиындыларды алып жалғастыру арқылы топқа бөлінеді Оқушылар қолдарындағы мақалдардың қиындылары бойынша дұрыс мақалды құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді
5-әрекет. Ұжыммен жұмыс: Ой қозғау әдісі бойынша Ауылға қатысты мамандықтар туралы презентация көрсетіп, тақырыпты ашу Оқушылар слайд бойынша өз ойларын айтады
ІІ Мағынаны ажырату кезеңі:
6-әрекет. Топтық жұмыс: «Айналмалы бекет» әдісі бойынша әр топқа бір сұраққа жауап беруін тапсыру (Ауылға қандай мамандарды тарту керек деп ойлайсыңдар? Ауылды қалай көркейтер едіңдер? «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қолдайсыңдар ма? Жақсы маман болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?) Әр топ оқушылары берілген сұраққа ойланып, жазбаша жауап жазып, келесі топқа ауысып сол топтың сұрағына өз ойларын жазады. Өз тобына келіп қосқан ойларды оқып қорытынды жасайды
7-әрекет. Топтық жұмыс: Басбармақ әдісі арқылы топтарды бағалау Қолдарын көтеріп бағалайды
8-әрекет. Жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы үстеудің түрлерін еске түсіру Әр оқушы үстеудің 4 түрін жеке ойланып, партамен көршілес адаммен талқылайды, жариялайды.
9-әрекет. Бағалау парағына бағалату ІІІ Ой толғаныс кезеңі:
10-әрекет. Жеке жұмыс: Еркін жазу стратегиясы бойынша «Менің болашақ мамандығым» тақырыбына шағын шығарма жазу Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады
11-әрекет. Жеке жұмыс: «Анкета» әдісі бойынша үлестірмелі парақшаларды таратып кері байланыс жасату Оқушылар бүгінгі сабақтың ұнағанын, ұнамағанын, алған әсерлерін, ұсыныстарын парақшаларға жазады
12-әрекет.Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау 13-әрекет. Жеке жұмыс: «Көңіл-күй маятнигі» әдісі арқылы кері байланыс жасату. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін «Көңіл-күй маятнигі» постеріне маркерлермен бояйды.
Мұғалім Баймухамбетова Айжан Альпековна
Тренері Ордагулов И.Б
Өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты Сыныбы Тақырыптың аты Ауылға қатысты мамандықтар
Тыңдалым және ауызша тіл:
Түсіндім Жақсы
түсіндім Өте
жақсы
түсіндім,
білдім
Оқу. Талқылау Түсіндім Жақсы
түсіндім Өте
жақсы
түсіндім,
білдім
Жазылым әрекеті бойынша Түсіндім
Жақсы
түсіндім Өте
жақсы
түсіндім,
білдім
Әлі нені дамыту қажет?
Маған не ұнады? Маған не қиын болып көрінді? Оқушының өзіне берген бағасы Себебі:
Мұғалімнің ойы Мұғалімнің қойған жиынтық бағасы Себебі:
Ауылға қандай мамандарды тарту керек деп ойлайсыңдар?
Ауылды көркейту үшін не керек деп ойласыңдар?
«Дипломмен ауылға» бағдарламасын қалай түсінесіңдер? Тиімді, тиімсіз жақтары?
Жақсы маман болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?