1920-1930 жылдарда?ы КСРО. Д?ниеж?зі тарихы п?нінен ?дістемелік ?зірлеме


20-30 жылдардағы КСРО САБАҚ ЖОСПАРЫ1918—1920 жылдардағы азамат соғысы“Әскери коммунизм” саясаты.Жаңа экономикалық саясатКСРО­ның құрылуы.КСРО­дағы индустрияландыру саясатыАуыл шаруашылығын ұжымдастыруЕлдің қоғамдық­саяси өмірі. Тоталитарлық жүйе және жекебасқа табыну. 1918—1920 жылдардағы азамат соғысыАзамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Англияда «Алқызыл және ақ раушан» (1455 – 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүстік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 – 65), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 – 39) арасындағы азамат соғыстары болып өтті. 1918 – 20 ж. Кеңестік Ресейде Азамат соғысы орын алды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды. Интервенттердің негізгі мақсаты:1) Большевизмді қоршауға алып, жою. 2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Россияны әлсіретуді көздеді. 3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті. 4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды. 5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация жасау әрекеті де көздеді. Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкріске қарсы күштерге дем берді. Азамат соғысының салдарлары: 1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады. 4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. Әскери коммунизм саясаты:Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері: 1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсті Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті. КСРО-ның құрылуыКеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) 1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық съезі Кеңес Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. В. И. Лениннің талабы бойынша КСРО елдері өзара теңқұқылы мемлекеттердің федерациялық одағы деп мойындалды. Бастапқы кезде КСРО-ның құрамына РКФСР, Украина, Белоруссия және Закавказье Федерациясы біріккен еді. Оның құрамына одақтас республика ретінде Өзбек және Түрікмен, Тәжік, 1936 жылы Қазақ және Қырғыз республикалары қосылып, КСРО көпұлтты елдердің федерациялық бірлігіне айналды. 1924 жылы КСРО-ның Конституциясы бекітілді. КСРО территориясы КСРО­дағы индустрияландыру саясатыИндустрияландыру — кез келген салада ірі машиналық өндіріс құру процесі; мысалы, қоғамдық тамақтандырудың ірі механикаландырылған кәсіпорындарының ұйымдастырылуы 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П-ның ХIV съезі елді индустрияландыру бағытын жариялады. 1926—1928 жылдарда Кеңес үкіметі ескі зауыттар мен фабрикаларды жөндеуге және жаңа кәсіпорындарды салуға арналған қаржыны 3 есе көбейтті. Оның көбін жаңа әскери өндіріске жұмсады. Қысқа мерзім ішінде машина жасау, қорғаныс өнеркәсібі, сол кезеңге сай химия өндірісі жаңадан құрылды. Магнитка, Кузбасс, Днепр СЭС-і, Уралмаш, Хибин комбинаты, Мәскеу мен Горькийдегі автомобиль, авиация зауыттары, Түрксіб теміржолы мен Үлкен Ферғана каналы, Қарағанды көмір алабы, Ембі мұнай кәсіпшілігі, Қарсақпай мыс қорыту комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты іске қосылды. Индустрияландыру Қазақстанның тез дамуына игі әсерін тигізді. Алайда индустрияландыру қатаң тәртіппен жүргізілді. 1930 жылдардың соңында Кеңес Одағы өнеркәсіп өнімін шығару жөнінен Еуропада бірінші орынға және дүниежүзінде екінші орынға шығып, индустриялы-аграрлы елге айналды. Жұмыссыздық жойылды, қалалар мен селолардың тұрмыс-тіршілік бейнесі өзгерді. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы. БК(б)П-ның ХV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру міндетін алға қойды. Индустрияландыруға қажетті қаражатқорды жинауды шаруалар қауымы есебінен жүргізу көзделді. Шаруаларды жаппай ұжымдастыру науқаны басталды. Ол Сталиннің 1929 жылғы 7 қарашадағы “Правда” газетінде “Ұлы бетбұрыс” деп аталатын мақаласының шығуымен басталды. 1928 жылы ұжымдастыру қарқынын тездету үшін МТС-тер ұйымдастырылды. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылану көбейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын тудырды. Көптеген аймақтарда болған шаруа көтерілістері 700 мың адамды қамтыды. 1932—1933 жылдарда елді ашаршылыққа ұшыратты. Украинада, Едiл бойында, Қазақстанда сансыз адам қырылды. Қазақ ұлты 2,5 млн-нан астам адам шығынын шекті. 1937 жылы шаруалардың 93%-ы ұжымшар қатарында болды. Тоталитарлық жүйе және жекебасқа табынуТоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. 1937—1938 жылдары елде жаппай қуғын-сүргін белең алды. Партия, үкімет басшылары бір кезде өздерін сынаған партия және мемлекет қайраткерлеріне халық жауы деген кінә тағып, жазалауға бұйырды. Iле-шала бүкіл елде, республикаларда белгілі зиялыларға “ұлтшылдардың, байлардың, феодалдардың тұқымдары”, “герман-жапон тыңшылары” деген және т.б. айыптар тағылған қуғынсүргін науқаны басталды. Олардың саны 100 мыңнан асып түскен. Тоталитарлық жүйенің қылмыстарын іске асырған Iшкі істер Халық Комиссариаты (НКВД) және Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті (КГБ) болды. 1930 жылы лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, кейін ол ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. Қазақстанда 1930 жылдардың басында лагерьлер жүйесі қалыптасты. “Қарлаг”, “Степлаг”, “АЛЖИР” деген атпен белгілі болған лагерьлер осы ГУЛАГ жүйесінің бөлімшелері болып табылды. Тұтқындар аса ауыр жағдайларда ұсталды. Кеңестік биліктің қуғын-сүргін саясаты 1937—1938 жылдары өзінің шарықтау шегіне жетті. 1917—1934 жылдары 32 саяси бюро мүшелері болған 32 адамның 75%-ы қуғынға ұшырады. Қызыл Армияның ең жоғары шенді қолбасшылары қатарынан 5 маршал, 3 армия генералы, 401 полковник жөнсіз кінәланып, жауапқа тартылды. 20—30-жылдары КСРО-ның сыртқы саясатында кереғарлық үрдістер байқалды. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Азамат соғысы қарсаңындағы Ресейдегі жағдайды сипаттаңдар. Азамат соғысы және “әскери коммунизм” саясатының шығу себептерін атаңдар. 2. Жаңа экономикалық саясаттың мәні неде? 3. КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай мемлекеттер кірді? 4. Елді индустрияландырудың маңыздылығын әңгімелеңдер. КСРО-дағы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру қажеттілігі неден туындады? 5. Жекебасқа табыну және қуғын-сүргіннің болуы қандай жағдайға байланысты болды? 6. КСРО-дағы әміршіл-әкімшіл жүйе қалай дамыды және зардаптары қандай болды?