Биология п?нінен ?МЖ ?лпа. Эпителий, д?некер ?лпасыны? ??рылысы мен ?ызметі (8 сынып)


Жаңабекова Үміт Асқарқызы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Биология 8 сынып 26.09.2015ж
Сабақтың тақырыбы Ұлпа. Эпителий, дәнекер ұлпасының құрылысы мен қызметі
Жалпы мақсаттары Ұлпа және оның түрлері жайында білім алу, өсімдік ұлпасымен салыстыру.
Ойлау, өз ойын еркін айтуға дамыту
Салауаттылықты сақтауға үйрету
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Ұлпа: эпителий, дәнекер ұлпасының адам ағзасындағы маңызы, құрылысы, орналасуы , қызметі жайлы білім алады.
Негізгі идеялар Ұлпа дегеніміз – құрылысы, түзілуі және атқаратын қызметтері бойынша ұқсасажасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Адам ағзасында 4 түрі: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпасы болады. Эпителий ұлпасы терінің беткі қабатын, ішкі мүшелердің сілемейлі қабығын және көптеген бездерді түзеді. Қорғаныштық, жабындық қызмет атқарады. Дәнекер ұлпасы сіңірлер мен терінің негізін түзеді, тіректік, қоректік қызмет атқарады.
Оқыту әдістері І. Топтық жұмыс
ІІ. Жеке жұмыс
ІІІ. Шығармашылық жұмыс
Дерек көздер Биология; Р.Әлімқұлова,Р.Сәтімбеков, А.Соловьева
Биология; Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева
Биология. Оқыту әдістемесі
1100 қызықты деректер Адам анатомиясы
Көрнекі құралдар Ұлпа құрылысы бейнеленген плакат
Жұмыс дәптері
Тапсырмалар І. Үй тапсырмасын сұрау
ІІ. Ой қозғау
ІІІ. Мәтінмен жұмыс
ІV. Топтық жұмыс
V. Шығармашылық жұмыс
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Орындалатын тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға жағымды ахуал туғызу Топ ережесін сақтауын ескерту Топ ережесін сақтау
ІІ. Топқа бөлу Ұлпа түрлерінің атауымен Топқа бөліну
ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау Зат алмасуды қалай түсінесің?
Жасушадағы биосинтездің ролі қандай?
Тітіркенудің тітіркенгіштен айырмашылығы неде? Сұрақтарға жауап беру
Жұмыс дәптерін тексеру
ІV. Ой қозғау 83566092710дәнекер
0дәнекер
-5669692891эпителий
00эпителий

Венн диаграммасын орындау
V. «Мағынаны тану»
Мәтінмен жұмыс Оқулықта берілген тапсырма-ны оқуға тапсырма беру.
Жеке
Жұппен жұмыс
талдау Тақырыпты оқу
Талдау
Пікір алмасу
VІ. Топтық жұмыс
Тапсырма беру.
Жұмыс дәптеріне тапсырманы орындау
Тапсырманы орындау
Талдау
Кестені толтыру
Ұлпа атауы құрылысы қызметі Ағзада орналасуы
VІІ. Қорытынды Сұрақ қою арқылы Сұрақтарға жауап беру
VІІІ. Рефлексия Стикер тарту Сабақтан ұнаған, ұнамаған тұстарын жазу
ІX. Бағалау Формативті, суммативті бағалау Бірін-бірі бағалау
X. Орындалатын тапсырма §6 тақырыпты оқу