?дебиеттік о?у п?нінен о?ушыларды сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету та?ырыбында баяндама


Әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардысын тұрғысынан ойлауға (СТО) үйретуМақсаты:«Сын тұрғысынан ойлау» модулінің мақсаттарымен, әр түрлі әдіс-тәсілдерімен, негізгі түсініктерімен таныстыру және оларды іс-әрекет барысында қолдануға бағыттау.Оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. 
Күтілетін нәтижелер:
-қисынды ойлау қабілеті дамиды;
-мақсат қоюдың жаңа әдiстерi мен формаларын танып біледі;
-қойылған мақсат, міндеттер қолжетімді болуы керектігін, белгілі бір уақытқа бағынуы керектігін, шынайы болуы керектігін түсіну қалыптасады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы халыққа жолдауында “Жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, Отандық мәдениетті бойында қалыптастырған, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру” туралы атап өткен болатын. Бүгінде білім қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі. Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға және оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып, оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Сондықтан мен әдебиеттік оқу пәнін оқытуда жаңа технология әдістерінің бірі сын тұрғыдан ойлаупедагогикалық технологиясының элементтерін таңдап алдым. «Сын тұрғыдан ойлау» бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба.Біздің қоғамда сыни ойлауды(critical thinking) дамыту адамзат баласына баға жетпес мүмкіндіктер алып келеді.Әсіресе, өздеріне жауапкершілік және  қоршаған ортаға түбегейлі өзгерістер алып келуден қорықпайтын адамдар үшін, өте бағалы құндылық.Мысалы, кәсіпкерге сыни ойлау тапталмаған жолмен жүруге мүмкіндік береді, бұл өте тиімді, әрі болашағы бар нәрсе. Тіпті, уақыт өте келе олардың текшесі бәсекелестерге толы болса да, олар жаңа бір нәрсе ойлап табады. Бизнесте кім бірінші болса, сол жеңімпаз емес пе?!
Олай болса, бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр: 
1.«СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады? • Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен. • Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен. • Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен. 2.«СТО- ды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар? • Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы
/қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ .• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы. • Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздін міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда СТО жобасының көптеген элементтерін қолданамын: • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/ • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/ • әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/ • Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/ • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы / • Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/ • Өлең шумақтарын құрастыру / 5 жолды өлең стратегиясы/ 
Сыни ойлау деген не?
1.Сыни ойлау – дербес жеке ойлау2.Ақпарат – сыни ойлаудың бастапқы нүктесі
3.Сыни ойлау сұрақ қою, мәселе анықтаудан басталады4.Сыни ойлау сенімді дәлелдерге ұмтылады
5.Сыни ойлау – әлеуметтік ойлау.
СТО –ға жатпайтын іс-әрекеттерді атап өтсем, олар есте сақтау, күрделі идеяларды түсіну және шығармашылық немесе интуитивті ойлау.
1.Есте сақтау оқу үдерісіне қажетті маңызды ойлау әрекеті болғанымен, сыни ойлауға жатпайды.
2.Берілген тапсырманы қарастыра отырып, оның құпиясы мен қисынын, заңдылығын түсіну сыни емес, логикалық ойлауға жатады. Сыни ойлау алынған идеяларды тексеру, пайымдау, бағалау мен қолдану кезінде пайда болады.
3.Инсайт (кенет шешімін табу), тапқырлық таныту, көптеген нұсқаларын іздеп табу шығармашылық ойлауға жатады.
Сын тұрғысынан ойлау алгоритмі:
Танымдық қызметтің мақсаты не? Мақсат бір нұсқаны таңдау, нұсқа болмағанда шешім табу, ақпаратты өңдеу, дәлелдердің сенімділігін бағалау, т.б. болуы мүмкін.
Не белгілі? Бұл – сыни ойлаудың бастапқы нүктесі. Бұл кезеңде жетіспейтін ақпараттық табу жүзеге асырылады.
Не жасау керек? Бұл кезеңде бұрынғы қалыптасқан ойлау икемділіктерін пайдалана отырып, мақсатқа жету жолы айқындалады. Бұл кезең – сыни ойлаудың қозғаушы күші.
Қойылған мақсатқа қол жетті ме? Берілген тапсырмаларды орындау нақтылығы табысқа жетудің шешуші факторы болып табылады.
Қысқаша: 1.Мақсат не? 2.Не белгілі? 3.Не жасау керек? 4.Мақсатқа қол жетті ме?
Сыни ойлау туралы түйін
Сыни ойлауды дамытудың ұлттық кеңесі сыни ойлаудың басқаша анықтамасын ұсынады: «Сыни ойлау – бақылау, байқау, рефлексия, пайымдау немесе әңгімелесу арқылы алынған ақпаратты ой елегінен өткізу, қолдану, талдау, жалпылау немесе бағалау бойынша белсенді іс-әрекетке бағытталған зияттылық тұрғысынан ұйымдастырылған үдеріс. Дж.Курфис: сыни ойлау – білім тапшылығы жағдайында нақты жауабы жоқ сұраққа ұтымды жауап беру. Бұл қолжетімді ақпараттарды біріктіре отырып, құбылыс пен жағдайды оқып үйрену мақсатындағы зерттеу. Бір сөзбен айтқанда, «Сыни ойлау – критерийлерге негізделген пікір айту өнері».Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді дамытудың мақсаты - оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Қандай болмасын сыныптың кез келген қоғамға тән сан қилы қызығушылықтар, қабілеттер, тәжірибе мен мүмкіндіктер сипаттайды. Сондықтан мен оқу материалын дайындағанда және оқыту әдістерін таңдағанда осылардың бәрін ескеруге тырыстым. Өзім жетекшілік етіп отырған сыныбымда әдебиеттік оқу пәні бойынша СТО жобасының бірнеше элементтерін алып, сол бойынша бірнеше сабақтар өткіздім:1. бұл сыныпқа оқу жылының басынан бері сабақ беріп келемін, әрі сынып жетекшілік етемін;2. балалардың өзге сабақтарға қарағанда әдебиеттік оқу пәнінен белсенділіктері жоғары;3. сынып оқушыларының қабілеттері мен мүмкіндіктері сыни тұрғыдан ойлау технологиясының элементтерін жеңіл игеретіндігін білдім;
Сыни тұрғыдан ойлау жобасында топпен жұмыс жасау қарастырылатын болғандықтан, онда коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шешімін де табуға болады. Топта жұмыс істеу барысында балалар бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға үйренеді. Оқушылар өткен сабақтарда топта жұмыс істегендіктен топта жұмыс істеу ережелерін біледі.
Топтарға алдын ала әзірленген бағалау парақтарын таратып беріледі. Бағалау парағында әрбір тапсырма бағаланатындығы көрсетілген. Оқушылар өз топ басшыларын сайлайды, сол топ басшысы бүкіл топ мүшелерін осы бағалау парақтарында бағалауға тиіс болады. Сабақтың мазмұнын ашу мақсатында оқулықтан тыс үш топқа сыни ойлауға дағдылантыратын арнайы сұрақтар беріледі. Оқушылардың іс-әрекеті тақырып бойынша ой қозғайды, ұжыммен жұмыс жасайды, өздерінің жұмыстарын тиімді жолмен қарсылас топтарға таныстырады. Оқушылар мәтіннің мазмұнымен өздері танысады. Және топ ішінде сұрақтарға сын тұрғысынан ойлау арқылы әр түрлі нұсқада жауаптар ұсынып талқылау жүргізеді.
Сабақ барысында оқушылар өз пікірлерін, ойларын қорытып, плакатқа сурет, жазба түрінде түсірді. Жұмыс істеу барысында оқушылар белсенді болды, әрқайсысы ойларын айтып жатқандары көрінді. Сонымен қатар теориялық алған білімдерін практика жүзінде еркін көрсетіп отырды. Постер жасап болған соң, топтардың басшылары жұмыстарын қорғады. Сабақтарда балаларға ерік беріп, өздеріне басшы таңдауға мүмкіндік беріп отырдым. Бағалаудың критерийіне сай оқушылар сол жұмыстарын ауызша қағазға қарамай қорғау болды. Топ басшылары үлгерімі жақсы оқушылар болғандықтан, постер қорғауда аса қатты қиындық болған жоқ.
Осы уақытқа дейін өткізген сабақтарда СТО жобасының элементтерін пайдаландым, солардан үлгілер:
Блум таксономиясыЫбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»
БілуАлынған ақпаратты еске түсіру, тану.
Әңгіме не туралы? Не болды? Қашан, қалай болды?
Түсіну Алынған ақпаратқа жаңа түр беру, оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойды түсіндіру.
Әңгіменің ең қызықты жері қайсы? Неге қызық?
ҚолдануАқпаратты оқиғалы мәтінде немесе мәтіннен тыс проблеманы шешу құралы ретінде қолдану.
Сен атайдың орнында болсаң не дер едің?
ТалдауМәтіндегі “жалпы” оқиғадан “жалқының” бөлінуі, жеке оқиғалардың пайда болуын қарастыру.
Кейіпкерге тән қасиеттерді ата. Сенің ойыңша ол қандай адам?
ТоптауАлынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау.
Оқиғаның себебі мен салдарының байланысын анықта.
БағалауАқпаратты жүйелеу немесе балама шешім ұсыну.

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»Қ.Жұмағалиев «Туған өлкем» өлеңі
ТіркестерОқушының пікірі«Керіліп жатқан кермиық далам»
«Жап-жасыл ну да баршылық», т.б. Ақынның Отанына, еліне деген ыстық ықыласын танытатын сөздерін ұғып, үйрендім.
Е.Өтетілеуұлы «Балмұздақ»
Мәтіннен үзінді Өз пікірімОй-тұжырым
Жексенбі күні... Алмас: -Ағай! Ағай! Тоқтаңыз! –деп әлі ұзай қоймаған әлгі кісіні қуа жөнелді...
-Не болды?-деді бұларды таңдана күтіп алған бейтаныс ағай.
–Ағай, сіз ақшаңызды түсіріп алдыңыз, міне, -деп Алмас қолындағы көк қағазды ұсынды. Бұл әңгімеде Алмас өте қарапайым, қайырымды екені көрінеді. Меніңше, ол өз басын ғана емес, өзгені де ойлайтын адамгершілік иесі. Марал мен Жанарда өзгеге көмек бергенді жақсы көретін, ешкімнің ала жібін аттамайтын балалар. «Ұрлық түбі - қорлық».
«Жақсы - ай мен күндей, әлемге бірдей».
Балалар “рақмет” десіп алып жатыр. Кезек Мирасқа келді. Ол:
-Мен жемеймін, -деп теріс айналды.
-Неге? Қой, ал! – деп бәйек болды ағай.
-Жоқ, жоқ...-Мирасқашқандайболып, кетіпқалды. Шынында, осы әңгімені оқып отырғанда Мирастың ісіне қатты таң қалдым. Меніңше, Мирас істеген ісіне қатты ұялып, сол үшін балмұздақты алмай қойды. Бетінен оты шығу.
Сатылайкешенді талдау:
Т.Айбергенов «Аппақ қыс» өлеңі
І-топ. Сауал-тапсырманы орындау арқылы көркем тіліне талдау жасау:
1) Өлеңде қандай мезгілдер суреттелген?
2) Қыстың әсемдігін көрсететін сөз тіркестері.
3) Аяқ іздерінің белгісін сипаттайтын сөздер.
4) Аяқ астындағы әлем туралы сөздер.
5) Өлеңде кездесетін жер атаулары.
6) Жан-жануарлар атаулары бар ма?
2-топ. Өлеңге поэтикалық сатылай кешенді талдау жасау:
- Авторы:
- Тақырыбы:
- Жанр түрі:
- Идеясы:
- Шумақ:
- Тармақ:
- Бунақ:
- Буын саны:
- Ұйқас түрі:
- Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні:
Келесі сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек»
1-топ: «5 жолды өлең» стратегиясы1.Көксерек
2.Ашқарақ, азулы3.Ұрлайды, ызаланады, ұлиды
4.Көксерек-құла түздің тағысы
5.Көкжал
2-топ: «Топтастыру» стратегиясы. Асыранды бөлтірік, оның мінезі.






3-топ: «Семантикалық карта» стратегиясыҚай кейіпкердің сөзі, Көксерек пен ауыл итінің портреті Әңгімеден үзінді- Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды! Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе! Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналды. Семіріп жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсеңдеу. Үлкен қара ала төбет. Алдыңғы жағы арыстан бейнесіне ұқсайды.
Көксерек + Ауыл үлкендері + Ауыл иті-Аққасқа +
4 – топ: «Венн» диаграммасы

Сонымен қатар әр бөлімді аяқтағаннан соң рефераттар және эссе жазу, өлең құрастыру, альбом және газет шығаруға тапсырмалар беріп отырамын. Мысалы: «Кәусар бұлақ» атты бөлімді аяқтағаннан кейін оқушыларға өзінің туған жері туралы эссе жазу, өлең құрастыру беріледі.
Оқушы шығармашылығы:
Жүрегім сен деп соғады, туған елім,
Бойыма қуат берген Туған жерім.Есейіп төл перзентің ер жеткендеЖайнауың үшін аянбай төгеді терін.   Сексенбай Ұлан  
ЭссеТуған ел.Мен Арқалық қаласының кішкентай тұрғынымын.Арқалық қаласы әдемі де сұлу.Бұл қалада әдемі көшелер, зәулім үйлер, кең байтақ жерлер бар.Арқалық қаласы Қазақстанның орталығында орналасқан.Ағаштары көп, халықтары кең пейілді.Қазақ халқы қашанда туған жерін қадірлеген.Мен кішкентай болсам да өзіме, еліме, жеріме қызмет еткім келеді.Оразалина АрнаӨткізілген сабақтарға сараптама жасай отырып, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің келесі тиімді жақтарын анықтадым:
- оқушының - ойлау, талдау, іздену, дәлелдеу қабілеттері артады;- сабақта шешуші рөл атқаратын оқытушы емес, керісінше, оқушы екені туралы пікір қалыптасады;- оқушыны өз пікірін білдіруге және өзгенің пікірін құрметтеуге қалыптасады;- оқушы шығармашылықпен ойлауға жетеленеді;- әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін, бүгінгі және ертеңгі нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикaсына мониторинг құруға мүмкіндік алуға болады;- оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай туады;- алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алады;- оқушы мен оқытушы арасындағы өзара сыйластық, бір-бірінің үйренудегі және үйретудегі көмегі зор болады;- пәнге деген қызығушылығы артады;- сыныпта психологиялық жағымды климат орнайды;- сабаққа балалар 100% қатысады;
Сабақты қорытындылау мақсатында балаларға өткен жаңа тақырып бойынша рефлексивтік және тест сұрақтары ұсынылады. Балалар сұрақтарға жұпта, кейін топта талқылап, жауап берді.Бағалауда бағалау парақтарында топ көшбасшысы қойған бағалармен таныстыра отырып, оқушыларды бағалаймын. Кері байланыста балалар «Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдым?» деген сұраққа смайликтер арқылы жауап береді. Балалардың жауаптарынан сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтап отырдым.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:1.С.С.Мерсеитова «Сыртқы әлем: күнделіктіні академиялықта қолдану» Алматы
2.С.С.Мерсеитова «Азаматтықты дамыту:патриотизм,мораль және білім беру миссиясы» Алматы баспасы
3. С.С.Мерсеитова «Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма» Алматы баспасы4.журнал: Бастауыш сыныпта оқыту (барлық пәндер бойынша) №3 2011жыл
5.Мұғалімге арналған нұсқаулық, Екінші (негізгі деңгей), үшінші басылым6.С. Мерсеитова (1998) «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»
7.Б. Блум (1956) «Блум таксономиясы»
8.М. М. Жанпейісова (1998) «Модульдік оқыту технологиясы»

.